Сабақ жоспарлары Лирикалық шығармаларды талдау жолдары



бет3/3
Дата30.03.2023
өлшемі36.19 Kb.
#471374
түріСабақ
1   2   3
12 емтихан билеті

14 емтихан билеті



  1. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 11 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

1. Стандарт: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
Үлгілік оқу жоспары: Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады.
Типтік оқу бағдарламасы:
ҚР БҒМ 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
2. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
3. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) "Қазақ әдебиеті" бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
4. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
5. "Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс;
5) қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.
7. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс;
5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
8. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
11. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер мен дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын ашу; әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазу; әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) О.Бөкей «Атау кере» повесі;
2) Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі;
3) Б.Мұқай «Өмірзая» романы;
4) Е. Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі;
5) М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том;
6) Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы;
7) С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы.

  1. 7 сыныпта «Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі бойынша оқытылатын шығармалар, оқу мақсаттары

Оқытылатын шығармалар:
"Қыз Жібек" жыры,
Орхон-Енисей ескерткіштері,
"Күлтегін" жыры, Жиембет жырау
"Еңсегей бойлы Ер Есім",
Қазтуған жырау "Қазтуғанның қонысымен қоштасуы"

Сөйлеу қызметінің түрлері


Түсіну және жауап беру
Оқыту мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті

7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;


7.1.2.1 әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау;
7.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау;
7.1.4.1 көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

Анализ және интерпретация


7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру;
7.2.2.1 эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;
7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау;
7.2.4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

Бағалау және салыстыру


7.3.1.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;


7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу



  1. Эссе түрлері, жаздыру әдістері

Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.


Эссеге мынадай талаптар қойылады:


еркін композиция


автор ұстанымы
баяндау еркіндігі
тосын
жаңа пікірге бейімділік
Эссенің түрлері:

1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе


жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
отырады.

2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.


3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне


сипаттама беріледі.

4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.


5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай


отырып, қорытынды шығарып жазады.

6. Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын


ашу көзделеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет