Сабақ жоспарларының үлгілері (мұғалім іс-тәжірибесінен) Құрастырған: Айтжанова Шаһизада Ахашқызы



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#133760
түріСабақ
1   2   3   4

Маңызды тотықсыздандырғыштар:күштілері – сілтілік және сілтілік жер металдар, (әсіресе бөлінген күйінде), HI және иодидтер, H2S және сульфидтер, NH3, PH3, H3PO3, C, CO, Fe2+, Cr2+ және т.б.; әлсіздері – активтілігі төмен металдар (Pb, Cu, Ag,Hg), HCl және хлоридтер, SO2, HNO2 және т.б.

ТТР мынадай типтері бар:

1) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әр түрлі молекулалар құрамына кіретін молекулааралық реакциялар;

2) тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір молекуланың құрамына кіретін молекулаішілік реакциялар;

3) бір элемент атомының бір мезетте тотығу дәрежесінің әрі өсуі, әрі кемуі арқылы жүретін диспропорциялану реакциялары.

ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2



2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.

0 +1+ 6 -2 +3 +6 -2 0
Al+H2SO4Al2(SO4)3+H2

3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын сызу.

0 +1+6-2 +3+6-2 0


Al+H2SO4Al2(SO4)3+H2

4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balance- теңдестіру, тепе-теңдік):

Al - 3ē Al0 +3 3 2


2H+1 + 2ē = H2 2 3

5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.


2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2

6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс екендігін тексеру.

2 2Al+3H2+1S+6O4-2=Al2+3(S+6O4-2)3+3H2



ТТР теңдеулері күрделірек болғанда мына реттілікті қолдану.

1. Тотығу дәрежесі өзгергендерінің астын сызу
K+1Mn+7O4-2+ H+1Cl-1 → K+1Cl-1 + Mn+2Cl2 + Cl20 + H2+1O-2

2. Тотығу дәрежесі өзгерген атомдарды немесе иондарды бөліп жазу.

Mn+7 → Mn+2

Cl-1→ Cl0

3. Атомдар немесе иондар қанша электрон беріп не қосып алатын санмен көрсетіп жазу.

Mn+7 +5ē = Mn+2

Cl-1 -ē = Cl0

Мұнда, Cl атомдарының молекула түзетінің ескеру керек.

2Cl-1 -2ē = Cl20

4. Электрондық теңдеудің қасына тік сызық сызып, оның сыртына электрондардың алдында тұрған коэффициенттердің орнын ауыстырып жазу.

Mn+7 +5e = Mn+2 2 ТТШ

2Cl-1 -2ē = Cl20 5 ТСШ

осы коэффициенттерді формуладағы атомдардың алдына жазу.

2KMnO4 +10HCl → KCl +2MnCl2 +5Cl2+H2O

5. Атомдар санын санап, коэффициенттерді койып, бағдаршаны теңдік белгісіне ауыстыру.

2KMnO4+16HCl = 2KCl+2MnCl2+5Cl2+8H2O



ТТР-ның маңызы:

ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.

Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сатек асқын тотығының, калий перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбесттің тотығу қасиеттері қолданылады. Заттың бетін

тазартуға сутегі асқын тотығы қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта

алады. Ескі картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ

өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады. Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды стерильдеуге және ағын суларды залалсыздандыруға қолданады. Хлор көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге асырылып жатады.


ІV. Оқушылардың алған білімдерін тексеру: Мәтінмен жұмыс

Сұрақтар:

1. Химиялық реакция типін тап. Қажет жерлеріне коэффициенттер қойындар. Егер тотығу дәрежесі реакцияға дейін және реакциядан кейін өзгерсе, жанына «ия» деп жаз, өзгермесе «жоқ» деп жаз.

Hg + S→HgS

H2O + P2O5 → H3PO4

CuSO4 +NaOH→ Na2SO4 + Cu(OH)2

Fe +HCl → FeCl2 + H2

Al(OH)3 → Al2O3 + H2O

 

2. Барлық жағдайларда тотығу дәрежесі өзгере ме?



3. Тотығу дәрежесінің өзгерісі реакция типіне байланысты ма?

4. Егер элемент қосылыста жоғары тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықтырғыш болады.

5. Егер элемент қосылыста төмен тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тек тотықсыздандырғыш болады

6. Егер элемент қосылыста аралық тотығу дәрежесін көрсетсе, онда тотықтырғыш та тотықсыздандыпғыш та болады.


V. Сабақты бекіту:

  1. Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу

дәрежелері өзгереді
KMno4+Na2SO3+KOHK2MnO4 +Na2SO4+ H2O

а) Na, S ә) K, Mn б)Mn, S в) Na, K.

2. Тек тотықтырғыш болатын зат?

a) NH3 ә) Br2б) KClO3 в) HNO3

3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады:

a) SO2 ә) Naб) Feв) K2Cr2O7

4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат:

a) H2S ә) KMnO4б) SO2 в) HNO3


5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2↑ теңдеуіндегі тотықтырғыш алдындағы коэффициент:

a) 2 ә) 3 б) 1 в) 6
VI. Үй тапсырмасы: §64.1-6 жаттығу.

VII. Сабақты қорытындылау

Сабақтың тақырыбы:Химиялық реакциялардың типтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға химиялық реакция типтерін түсіндіре отырып, реакция теңдеуін жаза білуге үйрету.

Дамытушылығы: оқушылардың қызығуы, ынта, қиял мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттеріндамыту.

Тәрбиелігі: алған білімдерін өмірде қолдана білуге және өз

білімін бағалай білуге үйрету.

Көрнекі материалдар: Слайд,периодтық кесте, үлестірме көрнекіліктер, деңгейлік тапсырмалар.



Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, қарапайымнан күрделіге келу, А.Қ.Т, диалогтық оқыту, жұппен жұмыс, есептер шығару.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сыныпты сабаққа дайындау

  2. Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеу

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын талқылау.

Элементтердің валенттілігін дұрыс тапсаңыздар мадақтау сөз шығады.



Эл.вал.


Na

Zn

H

Ca

AI

Si

Li

C




І

Ж

Һ

Р

Я

Һ

Ф

Ы

Ә

ІІ

Қ

А

Щ

А

Ч

Ы

Һ

Е

ІІІ

Ө

Ң

Й

Һ

Й

А

Ь

В

V

д

ь

ч

Ю

Я

С

Ч

Ң


Химиялық диктант

Көп нүктенің орнына атом және молекула деген сөздерді қойып жазу.

Ауадағы газдардың құрамында оттегінің молекуласы кіреді.

Су молекуласы оттегінің және сутегінің атомынан тұрады.

Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант молекуласына байланысты.

Оттек суда ерігенде оттегінің атомы судың молекуласының арасында орналасқан.

Қант молекуласының құрамында оттегі және сутегі атомдарынан басқа да көміртегі атомы кіреді.

Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод молекуласына байланысты.

Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек молекуласына байланысты.

1 . Валенттілік дегеніміз не?

2. Зат мөлшері дегеніміз не?

3. Авагодро саны деген не?

4. Молекулалық массаға мысал келтіру.

Жалпы реакция дегенді қалай түсінесіңдер? (Химиялық және физикалық құбылыс деген не?)

Жаңа сабақ. Химиялық реакция теңдеулерін жазып үйрену кезінде сендер кез келген әрекеттесуге жай және күрделі заттардың қатынасынан көрдіңдер. Реакцияға кірісетін реагенттер мен өнімдерді атом молекула түрінде бейнелеуге дағдылана бастадыңдар. Сан алуан химиялық реакцияларды реагенттер мен өнімдерге, олардың құрамындағы өзгерістерге қарап, төрт типке бөлінеді.

. Қосылу реакциясы. Өзінің аты айтып тұрғандай бұл типке заттардың өзара бірігуінен жаңа күрделі заттың түзілуі жатады. Оған бұрын да қарастырылған темір мен күкірттің қыздырғанда әрекеттесуін мысал ретінде алайық:
Fe +S = FeS Са О + Н2O = Ca(OH)2 СaO + H2O + CO2 = Ca(HCO3) 2

Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын қосылу реакциясы деп атайды.

Қосылу реакциясына ең кемі екі зат қатынасады.

. Айрылу реакциясы. Бұл типке күрделі заттардың ыдырап , қарапайымдау заттарға айналу реакциялары жатады. Оған су молекуласының тұрақты токтың әсерінен ыдырауының химиялық теңдеуін мысалға алайық.

2H2O ==2H2 + O2

Бұдансудың әрбір молекуласы ыдырағанда екі газ күйіндегі жаңа зат: сутек пен оттек түзілетіні көрініп тұр.

Қазақстанның жерінде көп кездесетін табиғи байлық – әктастың қызудың әсерінен айрылуын қарастырайық:

СаСО3 == СаО + СО2

Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын айырылу реакциясы деп атайды.

Орынбасу реакциясы. Бұл реакция типіне жай заттар мен күрделі заттардың әрекеттесіп, жаңа жай және күрделі заттар түзуі жатады. Оған темір шегені мыс (ІІ) хлоридінің СиСІ2 ерітіндісіне батырғанда жүретін химиялық реакция мысал бола алады. Көкшіл ерітіндегі мыс атомы темірдің әсерінен ығысып шегенің бетіне қонады. Ал ерітіндідегі бастапқы көкшіл түсі солғын тартып, жасылдау түске айнала бастайды, өйткені түзілетін өнім - темір хлоридінің(ІІ) FeCI2 түсі жасылдау. Олай болса, реакция теңднуін былайша өрнектеуге болады.

Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2

Zn + 2HCI = ZnCI2 + H2

Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы реакцияны - орынбасу реакциясы деп атайды.



Алмасу реакциясы. Бұл реакция типіне тек екі күрделі заттың әрекеттесу мысал бола алады. Олар өзара құрам бөліктерімен алмасып, жаңа екі зат түзеді.

СиО + H2SO4 = CuSO4 +H2O

Мыс (ІІ) сульфаты

Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция - алмасу реакциясы деп аталады.

Fe2O3 + 6HNO3 = 2Fe(NO3)3 + 3H2O
Зертханалық жұмыс: Қауіпсіздік ережелерін оқушыларға түсіндіру.

Қажетті реагенттер мен құрал – жабдықтар:

Сөндірілмеген әк, H2O, жұмыртқа, темір шеге индикатор қағаз, HNO3 H2SO4 Ca(OH)2 фенофталеин, метилоранж, сынауықтар, үлкен ыдыс.

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Сөндірілмеген әкті ыдысқа салып үстіне аздап су құю керек. Кейін үстіне жұмыртқа салу керек.

  2. Темір шегені қышқылға салу.

  3. Негізге қышқыл қосып, индикатор қағазбен нәтижесін көрсету.

Оқушылармен бірге жүзеге асқан реакция типтерін талдау, химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Оқулықпен жұмыс: 53 беттегі 6,7,8,9,11 жаттығуларды орындау.
Сабақты қорыту: Химиялық реакциялардың төрт типі болады: қосылу, айрылу, орынбасу, алмасу реакциялары.

Қосылу реакциясының нәтижесінде екі немесе одан да көп заттар бірігіп , жаңа күрделі бір затқа айналады.

Айрылу реакциясының нәтижесінде бір күрделі зат ыдырап , бірнеше жаңа зат түзіледі.

Орынбасу реакциясының нәтижесінде жай зат атомы күрделі зат құрамындағы атомның орнын басып, жаңа жай және күрделі зат түзіледі.

Алмасу реакциясының нәтижесінде екі күрделі заттың құрамындағы атомдар не атомдар тобы өзара орын алмастырып, жаңа екі күрделі затқа айналады.
Үйге тапсырма: §18 53 беттегі 10,4 жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет