Әдістемелік нұсқау. саяси элиталардың өмір сүруінің объективті себептерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы халық бұқарасының сұраныстары мен элитаның қоғамдық үдерістерді басқарудағы қызметі арасындағы өзара байланысты анықтаңыз; қоғамдық-саяси үдерістерді басқарудағы қызметі, мәртебелік позициясы, олардың қарауындағы ресурстары мен функцияларына қарай элитаны жіктеңіз; ғылымдағы элитарлық теорияларды қалыптастырушылардың тұжырымдарына назар аударыңыз; Г. Моска қоғамды басқарушылар мен басқарылушыларға бөледі. Басқарушы элитаның билік ресурстары мен қоғамды басқарудағы өкілеттіктерін өз қолына шоғырландыру арқылы халық бұқарасын заңды түрде басқаруды жүзеге асыру жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтаңыз; Көшбасшының нақты саяси мақсаттарға жету және елдің саяси өміріндегі маңызды мәселелерді шешу жолындағы түрлі әлеуметтік топтар, таптар мен әлеуметтің қызметін ұйымдастырушы ретіндегі функциясын көрсетіңіз; Саяси көшбасшы феноменінің табиғатына талдау жасап, бұл құбылыстың психологиялық және мәртебелік-қызметтік аспектілерін анықтаңыз;
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Алматы: Дәуір, 2005.–223 б.
2. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 279 б.
3. Абдыкалыков У.К., Симтиков Ж.К. Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық, 2018. - 209 б.
4. Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.
5. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: ОҚМПИ, 2014. – 180 б.
Практикалық сабақ 6. Қоғамның саяси жүйесі – 1 сағат
1. Саяси жүйе туралы ұғым
2. Саяси жүйенің құрылымы
3. Саяси жүйенің жіктелуі
4. Қазақстандағы саяси жүйенің қалыптасу мәселелері
Әдістемелік нұсқау. Саяси жүйе туралы саясаттану ғылымындағы теорияларға назар аударыңыз. Әсіресе, қоғамды жүйелік зерттеудің толық үлгісін жасаған, жүйелік-функционалдық мектептің негізін қалаушы Т. Парсонстың қоғамды зерттеудегі негізгі әдістемелік «жүйе» және «функция» ұғымдарын талдауы. Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген батыс саясаттанушысы Д.Истонның саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін талдауы. «Кіріс», «шығыс»
принциптері. Саяси жүйенің жүйешелері (институционалдық, функционалдық,
нормативтік және т.б.) арқылы құрылымын талдаңыз. Сонымен қатар, саяси жүйені саяси тәртібіне қарай (тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық) жіктеу мен батыс саясаттанушыларының (Ж.Блондель, Г.Алмонд) жіктеулерін және т.б. қарастырып сипаттама беріңіз. Жоғарғы Советтің 1990 жылы 25 қазанда қабылдаған декларациясы және 1991 жылғы Конституциялық заңның тарихи маңызы мен еліміздің толық тәуелсіздікке ие болуы туралы қарастыру керек. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңының (16.12.1991) мәтінін мұқият оқып түсініп алыңыз. 1990 жылғы Декларациямен салыстырыңыз. Сондай-ақ,еліміздің 1993 және 1995 ж.ж. Конституциялары мен совет дәуірінде қабылданған 1978 жылғы Конституцияларға назар салыңыз.
- Еліміздегі билік жүйесінің ерекшеліктеріне терең мән беріп, республиканың басқару формасының артықшылықтарын айқындаңыз. Қазақстандағы биліктің бөлінуі: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі мен олардың билік жүргізу функцияларын талдап, қазіргі Конституциямызға (1995ж) жүргізіліп жатқан реформаларға мұқият назар салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |