Сабақ Кәсіби маман дайындауда саясаттану ғылымының орны



бет6/9
Дата22.02.2024
өлшемі37.44 Kb.
#492922
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Семинар 2022-2023 жж

Әдістемелік нұсқау. Саяси партиялардың мәні, негізгі даму кезеңдері толық тоқталыңыз. Партиялардың пайда болуы және мәні. Партиялардың типологиясы және атқаратын қызметі. Партиялық жүйелер. Қазақстан жағдайында орын алып, қалай дамығанын, оның кезеңдерін (этапы) зерделеп түсіну (клубтар және басқа формалды емес құрылымдар, жалпы ұлттық әлеуметтік қозғалыстар, 1990 жылы бірінші саяси партиялардың пайда болуы). Көппартиялық Қазақстан тәуелсіздікке жеткен кезде қалай дамыды? 1998 жылғы күзден басталатын кезеңге (мәжіліске партиялар тізімі бойынша сайлануға рұқсат берілгеннен бастап) көңіл бөліңіз. Қозғалыстар мен ұйымдардың партиядан ерекшеленетін айырмашылық белгілерін анықтап, олардың қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлінің маңыздылығына мән беру қажет. А.Бентли мен Д.Трумэннің мүдделі топтар туралы тұжырымдамалырын қараңыз. Сонымен қатар, «қысым жасаушы» лоббистік топтарды талдаңыз. АҚШ, Канада, Франция және Үндістандағы лоббистік топтардың қызметіне шолу жасаңыз. Сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамдық саяси қозғалыстар мен ұйымдарға тоқталып, қызметтеріне баға беріңіз.




Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. – 279 б
2. Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.
3. Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. – 223 б.
4. 4. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағанбетова З.Н. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы, «Өлке», 2005.
5. Абдыкалыков У.К., Симтиков Ж.К. Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық, 2018. - 209 б.


Практикалық сабақ 11. Саяси мәдениет және мінез-құлық – 1 сағат

  1. Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы, қызметтері

  2. Саяси мәдениеттің жіктелуі

  3. Саяси әлеуметтену. Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу

Әдістемелік нұсқау. Саяси мәдениеттің нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік беретіндігіне назар аударыңыз. Саяси мәдениет тұжырымдамасын нақтылап жасаған ғалымдар (М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен және т.б.) пікірлерін талдау қажет. Саяси мәдениетті қалыптастырушы қоғамдық күштерге (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және т.б.) сипаттама беріңіз. Қоғамда қалыптасқан саяси үлгілер мен ережелерге байланысты әр елдің саяси мәдениеті ерекшеленеді. Оны жіктеудің кең тараған түрлерін (Г.Алмонд, С.Верба) қарастыру қажет. Саяси қатысудың мән-мазмұнын түсіндіруде кең тараған тұжырымдарды (Дж.Нагель,С.Верба мен Н.Ни, М.Вебер және т.б.) қарастыру қажет. Француз
саясаттану мектебінің өкілдері саяси қатысу мәселесін позитивистік бағыт пен
институционалдық көзқарас ауқымында (Л.Дюги, М.Крозье,М.Дюверже) қарастырады. Польша саясаттану (Ежи Вятр) мектебі және т.б. Азаматтардың
елдің саяси өміріндегі, оның ішінде жеке тұлғалардың сайлау науқандары кезіндегі электоралдық мінез-құлқы, өз кандидаттарына қолдау көрсету жолындағы саяси белсенділердің атқаратын қызметі, саяси партия мүшесі ретінде ұйым қызметіне қызығушылықпен белсенді араласу сияқты саяси қатысу түрлеріне талдау жасаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет