Қорытынды бақылауды (білім алушыларды мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік емтихан) орындауға қойылатын талаптар: -
Мемлекеттік емтиханды тапсырушылардың алдын-ала кестесі белгіленеді және студенттер өздеріне берілген уақыт
аралығында тапсыруы тиіс. Ерекше жағдайлар болған жағдайда арнайы қызметтік хаттың негізінде мемлекеттік
комиссия жұмыс жасайтын күнге белгіленуі мүмкін. -
МАК мүшелерінің жұмыс кестесі дайындалады.
-
Декандардың емтихан тапсыруға рұқсаты болуы тиіс.
-
Кафедра отырысында бекітілген, оқу, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қолы қойылған емтихан билеттері
болуы тиіс.
-
Мемлекеттік емтиханның билеттерінде үш сұрақтан болады. Ол сұрақтар студенттерге түсінікті және оқу-
әдістемелік жағынан дұрыс құрастырылады. Бірінші сұрақ – ежелгі және ортағасыр дәуірдегі Қазақстан, екінші
сұрақ – жаңа заман және Кеңес дәуіріндегі Қазақстан, үшінші сұрақ – Тәуелсіз Қазақстан тарихы кезеңдеріне
арналады.
-
Білім алушылар емтиханға қалмай келіп, өздері таңдап алған билет сұрақтарына жан-жақты, терең талдау мен сыни
көзқарас негізінде жауап беріп, логикалық байланыстылықты сақтай отырып, өз ойларын ашық әрі дәйекті түрде
жеткізе білуі жоғары бағаланады.
-
Мемлекеттік емтихан бағасы электронды журналға қойылып, әр студентке хаттама толтырылады.
Бағалау саясаты Білім алушылардың оқу жетістіктерінің үлгерімі ағымдағы бақылау – 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Ағымдағы бақылаудың түпкілікті нәтижесі академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа
арифметикалық сомасын есептеу арқылы жүргізіледі (электрондық журнал жүйесінде автоматты түрде жүзеге
асырылады). Қорытынды баға: рейтингтік және қорытынды бақылаулардың сомасы электрондық журналға қойылады.
Оқу үлгерімінің ең жоғарғы көрсеткіші 100%.
Қорытынды баға төмендегі формула арқылы есептелінеді: