Сабақ Кіріспе сабағы Тапсырмаларды орындау Сөздерді сөз құрамына талдау, қосымшалардың түрін анықтап жазу



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі406.5 Kb.
#133933
1   2   3   4   5

5-жаттығу.  Диалогты рөлдерге бөліп оқыңдар. тыныс белгілеріне назар аударыңдар.

 

І — Сен ертең болатын «Шәмші әндері» кешіне барасың ба?



ІІ — Жоқ. мен көбіне теледидардан көремін.

І — Мен де бұрын теледидардан көретінмін.Енді ән кешіне билет алдым. Шәмшінің әндерін өте қатты ұнатамын. Біз отбасымызда сазгердің әндерін жиі айтамыз. Әсіресе анам нақышына келтіріп айтады.

ІІ — Маған да ол кісінің әндері ұнайды. «Менің Қазақстанымды» жақсы көремін. Патриоттық ән, нағыз туған жерге арналған ән ғой. Менде аудиокассетасы бар.

І — Мен де сатып алдым. Вальстері ұнайды, әуендері қандай сазды. Ұйып кетесің.

ІІ — Қандай әншілер қатысады екен? Нешеде басталады? Мүмкін әпкем екеіуміз барармыз.

І — Роза Рымбаева, Нағима Ескалиева Гүлмира Акүрпекова және басқалар. Жас әншілер де қатысады деп естідім. Теледидардан жарнамасы жүріп жатыр ғой. Ертең кешке сағат 18.00-де басталады.

ІІ — Жарайды. Әпкеме айтып көрейін. Билет болса, барармыз.

І — Жақсы, ертең кездесерміз. Ән кеші жақсы демалыс қой. Келіңдер. Сау бол.

ІІ — Сау бол.

Салалас құрмалас сөйлем

1 – жаттығу. Әр салалас құрмалас сөйлем сыңарлары (компоненттері) бір-бірімен қандай мағыналық қатынаста, қандай жалғаулық арқылы байланысып тұрғанын ажыратыңдар.

 

1.         Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ (мақал).



2.         Аманнан өзге балалары кескіндес екен: өңкей қара домалақ (Ғ. Мүсірепов).

3.         Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескіні де өзгерген

            (С. Мұқанов).

4.         Олардың сөздерінде бояу аз болды, бірақ тыңдаушы еріксіз ерте жөнелді

            (Қ. Жармағанбетов).

5.         Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ (С. Мұқанов).

6.         Не мен жатырқаған болармын, не сен өзгерген боларсың, мен рас танымай тұрмын (С. Мұқанов).

 

2 – жаттығу. Қазақ тіліне аудар. 

            1. Дверь с грохотом открылась и сидящие резко(жалт) посмотрели. 2. Ну, а теперь и гости пусть отдохнут, и мы отдохнем. 3. Глаза боятся, а руки делают. 4. Не будь сыном отца, будь сыном народа. 5. Не смейся над другом, тебе вернется. 6. Ты после школы домой пойдешь, или зайдешь к своей сестре. 7. Сауле вздрогнула, но не показала свой испуг. 10. Она то добрая, то очень строгая . 

 

3 – жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемдердің түрін ажырат.   

        1. Ана әлдебіреу келер деп күтті, бірақ ешкім келмеді. 2. Жүріп келе жатқанда сөйлеу қиын ғой, сондықтан бұлар үндемей келеді. 3.Асан аттарды іздеп кетті де, Үсен жарты жолдан үйге қайтты. 4. Ән басылды, сонда да домбыра сазы тоқталған жоқ. 5.Дүкендерде я ет жоқ, я май жоқ, ал базарда бәрі бар. 6. Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде, біресе қазақ тілінде берді.     7. Махамбеттің қайда тәрбие алып, оқығаны туралы дерек жоқ, дегенмен архив деректеріне қарағанда ол мұсылманша да, орысша да жақсы білген. 8. Саған ашып айтарым сол: мен осында  қаламын.   
Сабақтас құрмалас сөйлем.

Тапсырмаларды орындау

 

1 – жаттығу. Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңдар.

 

1.         Бірлік болмай, тірлік болмас (мақал).

2.         Мен саған сенбесем, бұл сырымды айтпас та едім ғой (Ә. Әбішев).

3.         Екі мырзаның қаспағында отырса да, Құнанбайдың сыртынан соңғы сөзін қатты айтып қалды (М. Әуезов).

4.         Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады (Б. Майлин).

5.         Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал).

6.         Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді (М. Әуезов).

7.         Базаралы келгеннен соң, көп кешікпей істің тергеуі басталып кетті (М. Әуезов).

8.         Ол мезгілді уақытында келе алмай, бір біраз кешігіп қалдық (З. Шашкин).

9.         Қоңыраулары шылдырап, үлкен күймелер тройкалары лек-легімен келеді.

10.       Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді (М. Әуезов).

11.       Қыстың ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазады.

 

2 – жаттығу. Қазақ тіліне аудар.

 

            Когда учитель пришел в класс, ученики встали со своих мест. Пока не пришел учитель по казахскому языку, ученики повторяли домашнее задание. Хотя уже скоро полдень, но идущие еще не убавляются. Хотя на небе нет тучи, но идет дождь. Будто впервые увидели классного руководителя, Серик никак не может закончить свой рассказ. Чтобы жить хорошо, надо хорошо работать. Так как в этом году было много дождей, всходы были прекрасные. Если еще на пять  минут опоздала, ученики ушли бы. Открываясь двери классов, ученики выходили на улицу.



 

       3 - жаттығу. Сөйлемдерден қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.

         

1. Көп жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім. 2. Төле би XVII – XVIII ғасырларда өмір сүріп, Тәуке ханның тұсында  «Жеті жарғы» заң жобасын жазады. 3. Адамдар көп жиналса да, жиналыс бастала қоймады. 4.Күз түскендіктен, ағаштың жапырақтары сарғая бастады. 5. Жаңа келген адам болған соң, Есен өз білгенін айтып берді. 6. Көктем келіп, қар еріп, күн жылынды. 7. Әркім әр түрлі айтқанмен, барлығының ойы бір жерден шықты.



Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

(Қосымша тапсырма)

1. Үшеуі қосылып өлең айтты. Жалқаудың ертеңі бітпес. Ертең канал қазу жұмысы басталады.

 

2. Ұлы ақын-жазушылар өздерінің шығармаларында барлық адам баласына ортақ, біріне бірдей керегі бар мәселені алып жазады. Мен жазда барғанда, Сәкен бөлмесінде жоқ екен.



 

3. Қазақстан егеменді ел атанғанда, отандастарымыз да риза болды.

 

4. Байқаймын жалғыз Дариға емес, ауданға тосыннан келген жас командирге көп-ақ жұрт қызыға қарайды.



 

5. Кетерде маған еш нәрсе айтқан жоқ, тек хат салып рұқсат сұрады.

 

6. Мен күткен хабар почтадан емес, басқа жақтан келді. Әрине, ол үйге мен өз бетімен именбей барып, тұра алмадым, бірақ оның есесіне, Зылиқаның өзі менімен жиы кездесіп қала берді.



 

7. Той тарқап, көңіл қызуы басылған соң, қиялымдағы ғашығым ғайып болды да, қасымда шала таныс жігіт қалды.

 

8. Кітап оқып бара жатыр едім, сүрініп, жығылып қала жаздадым. Көңіліңді тыныштыққа, бейбіт рахатқа бөлейді.



 

9. Жапан далада жан-жағынан алақтап жалғыз әйел жортып барады.

 

10. Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. Әділханның ағасы сонда. Біз төртеуміз.



 

11. Машина баяу жүріп келе жатыр. Ол музыканы, ән-күйді жақсы көретін адам еді.

 

12. Жақсы – ісімен жақсы. Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді. Біз оқуға бел байладық.



 

13. Кімде ұят болса, сонда ар бар. Үй ортасын тең етіп бөлген.

 

14. Тұнжыраған қарақаттай екі көзі жаутаңдап мөлдірейді де тұрады. Ахмет оның жүзіне қарап қояды да, сөйлей береді.



 

15. Құлақ естігенді көз көреді. Марат келе жатқандарға маңқия қарады.

 

16. Қара торы, ақ жақты, сұңғақ бойлы адам балуан екен. Оспан мұнау қимылға тіпті сүйсініп кетті.



 

17. Қайталау – оқытудың анасы. Мұнара үстіндегі жалау алыстан көз тартады.

 

18. Мен қазір бұл өмірді жасаушылардың қатарындамын. Өскен сайын электр станциясы салынуда.



 

19. Мұнда құлазыған (пустующая) дала да, көгорай шалғын да, ну орман да кездеседі.

 

20. Қонақ үйде дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам шанып тұр.



 

21. Ашыққан жылқы кетпендей тұяғымен қалың қарды бұрқ-бұрқ лақтырды.

 

22. Ғалымның пайда болуы, дамуы мен өркендеуі қоғамның даму процессімен тікелей байланысты.



 

23. Тапқышбек электронды есептеу машиналарының әр түрлі болатынын айтты.

 

24. Ұқыпты оқушы жинақы, тәртіпті болады. Керекті заттары әр уақытта өз орнынан табылады.



 

25. Ол сөзімен, жырымен, ақылымен халыққа қызмет етті. Қазақ халқының өмірінде бата ерекше орын алады. Уәзір оған тіл әкеліп береді. Осы кезде Ерасыл қолына найза алып, қабандармен айқасып, оларды өлтіреді. Дина осы домбырамен 1939 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық байқауға қатысты. Ол 1803 жылы кедей отбасында өмірге келген. Жігітті жолдасына қарап бағала. Ол қырғыз елін зерттеу мақсатымен Қашқарияға саяхат жасады.   

           

 
 


 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет