Сабақ Кіріспе сабағы Тапсырмаларды орындау Сөздерді сөз құрамына талдау, қосымшалардың түрін анықтап жазу



бет2/5
Дата13.06.2016
өлшемі406.5 Kb.
#133933
1   2   3   4   5

Бесінші сабақ    

Тақырыптар: « Зат есім.  Сын есім»

                                              

Заттың атын білдіріп кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.

Зат есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы.

Сөздердің синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі арқылы жасалуының үш түрлі жолы бар : 1. сөздердің бірігуі; 2. сөздердің қосарланып айтылуы ; 3. сөздердің тіркесуі.



Бірігу арқылы жасалған зат есімдерді олардың құрамындағы сыңарларының түс – таңбасына қарай мынадай жіктерге бөліп көрсетуге болады:

1. Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөзде. ( шаңсорғыш, егеуқұйрық, итқонақ , тасбақа,қолқанат).                                                                                              

2. Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: (кәріқыз, қарасан, Сарысу).

3. Сан есім мен зат есімнің бірігуі арқылы ( Жетіқарақшы,  Жетісу т.б.)

4. Зат есім мен етістіктің бірігуі арқылы  ( орынбасар, күнбағыс, атбасар, қалмаққырған) 
  VII. Сын есім

            Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіреді. Өйткені қандай белгі, сапа болмасын негізгі затқа, құбылысқа арқа тірейді. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.

                

            Сын есімнің түрлері: сапалық сын есім, қатыстық сын есім.

                  

            Қазақ тіліндегі сын есімнің мынадай шырайлары бар: 1. Салыстырмалы шырай;

2. Шағын шырай; 3. Күшейтпелі шырай; 4. Асырмалы шырай.

                                                 Сын есімнің ерекше қасиеттері:

1. Сын есім заттың сынын, түрін,  түсін білдіреді.                7. Тәуелденеді.

2. Сұрағы – қандай? қай?                                                          8. Негізгі, туынды.

3. Дара, күрделі түрі бар.                                                           9. Сөйлем мүшесі болады.

4. Көптеледі.                                                                               10. Сапалық, қатыстық.

5. Жіктеледі.  Септеледі.                                                           11. Сын есім шырайлары бар
1 - жаттығу. Төменде берілген мәтіннен сын есімді тап, түрін анықта.

  Жақсыға жаман кесір.

             Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали шешеннің айтқан жұбату сөзі:

            - Жақсыға жаман кесір, жақсы кетсе – жесір. Табында жақсы болса пайдасы тиер, елінде тентек болса, найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң халқың сүйер. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәміңді алыстан жаққа, бармасқа басыңда ерік болмас.

            Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр арқан–ар емес, қайратпен оны сүйретпеген нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпестей көріп жүрген шығар. Сіздің елдің жаманы енді оралып келместей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, ешнәрсе ойламаңыз.

  (Газеттен)



2-жаттығу.Сөйлемдегі сын есімнің қызметін анықта.                                                                                                                                       

       


             Бұл сыныпта тек кана тәртіпті, үлгілі оқушылар қалды.  Автобуста үлкендерге, егде адамдарға орын беру керек. Киген  киімі тап- таза, жаңа.

            Үлкендер кішілерге ақыл айтты. Мен қайырымдыны үлгі етемін. Жаманға ермей, жақсыға ер. Әдемі, сәнді киінсең, көзге түсесің.  Қызылдан көйлек тік.  

 

3-жаттығу. Сын еімнің шырайларын анықта. 

     Тым үлкен, өте  жас, ап-ақ, түйедей, маймылдай, жасыл, кеңдеу, кеңірек, сұлуырақ,

шкафтай, ең аласа, ұп-ұзын, сұп-сұйық. өте тар, тарлау, кеңірек, білімді, күштірек, ағырақ, сарылау, көктемгі, күзгі, тәп- тәтті, дәмдірек, ащы, тұзды, аса көңілді, ең жүйрік, ақылды.

    


4- жаттығу. Төмендегі үлгі бойынша сын есімдерге  сатылай комплексті талдау жаса.

            Жасыл, ұзын, толықтау, ақшыл, көгілдір, тарлау, үлкен.

 
_____________________________________________________________________________

 
І – топқа   «Зат есім» тақырып бойынша  бақылау жұмысы.

 

І. Көптік жалғауын жалғаңдар.

 

1. Оқушы, қыз, қыс, бала, жоспар, әріп, кітап, қағаз, үй, колледж, бор, аға, қарындас;



2. Есік, қағаз, айна, қатар, күнделік, қабырға, терезе, сызғыш, дәрісхана, гүл, перде.

 

ІІ. 1. Көптік ұғымды көрсетіңдер.

1. Менің апам дүкеннен сүт әкелді.

2. Базарда жарма, тары бар.

3. Қазақстанда қазақ, орыс, неміс, ұйғыр тұрады.

4. Үстелде нан, сүт бар.

5. Менің атам қымыз ішіп отыр.

6. Оқушылар сабаққа келді.

7. Көп адам қонаққа келді.

8. Әлденеше кісі үйге кірді.

9. Дастарханда бауырсақ, кәмпит, қант, нан бар.

 

2. – қыш, -кіш, -гіш, -лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

Көрсет..., заман..., өткіз..., көрші..., дастархан..., тазарт..., өнертап... .

 

3. Төмендегі сөздерді қазақшалап, жаңа сөз жызыңдар.

Литература, письмо, песня, ребенок, друг, молодой, аул, дорога, ручка.

 

4. –шы, -ші, -шақ, -шек жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

сурет, көмек, құрылыс, шаңғы, бөл, келе, мақтан;

 

5. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрыңдар.

Писатель, продавец, рабочий, дружба, герой, земляк, детство.

 

Септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары

 

І. 1. Септік жалғауын жазыңдар.

1. Біз... студенттер дәрісхана... сабақ оқып отыр.

2. Сәуле сағат бес... дүкен... нан... бару керек.

3. Ол апасы... үйі... бара жатыр.

4. Оқушылар демалыс... үй... теледидар көріп отыр.

5. Бүгін жиналыс сағат екі... болу керек.

6. Сен базар... көкөніс алу... бар.

 

2. Септік жалғауын жалғаңдар.

1. Мен кинотеатр.. отырмын. Сен кітапхана... бара жатырсың. Сіз емхана... келесіз бе? Ол кітап... алды ма? Біз дүкен... нан әкеле жатырмыз. Сендер Әлия... келіңдер! Сіз Арман... қарындасысыз ба? Олар Орбита ықшамауданы... бара жатыр.

 

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

Мен... тамақтанамын. Кітапханада кезекке.... Мен... оқимын. Менің ... мектепте жұмыс істейді. Ол жатақханада ... тұрады. Мынау ... кітабым. Ұлттық тағамдардан асханада ... бар.

 

4.  Жалғауларды жазыңдар.

Біз... үй... терезе... оңтүстік бет... . Мен... бос уақыт... отбасында өт... . Асқар... аға... университет... үш... курс... оқ... . Бүгін жиналыс сағат сегіз... бол... . Сен сабақ... түскі сағат бір... бар... . Ол... оқытушы... университет... екі... қабат... екі... жүз бес... дәрісхана... сабақ бер... тұр. Біз... топ... студент... алты... бөлме... тұр... .

 

5. Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазыңдар.

1. Сенің ...(дауыс) естілмейді.

2. Менің ...(уақыт) болмады.

3. Мемлекеттің ...(мүлік) шашпа.

4. Дәмеш ...(ерін) жыбырлатты.

5. Нәрестенің ...(қарын) ашпасын.

6. Біздің ...(халық) бақытты.

 

6. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.

1. Інімнің ... үстелде жатыр.

2. Ағамның ... қабырғада ілулі тұр.

3. Студентттің ... бөлмеде жатыр.

4. Оның ... диванда отыр.

5. Менің ... қонақта.

6. Сіздің ... сабақта отыр.

7. Біздің ... шетелге кетті.

8. Асанның ... Амарикада тұрады.

 

7. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңдар.

1. /В году/ төрт /времена года/ бар: /зима, весна, лето, осень/.

2. Аптада /семь дней/ бар: /понедельник, вторник, среда, четверг, пятница, суббота, воскресенье/.

3. Кітапхана /находится/ бірінші қабатта.    

4. Біз қазақ тілін /изучаем/.

5. Оспан және Марат /на Медеу/ шаңғы теуіп жүр.

6. Әсел /в продовольственный магазин/ бара жатыр.

7. /За молоком, кефиром, сметаной/ кешке жақын бару керек.

8. /Моя подруга Айгуль/ қаланың орталығында тұрады.

9. /В микрорайоне «Жетысу»/ тоғыз қабатты әсем үйлер бар.

10. /Стихи Абая/ өте жақсы. /Это не театр Ауэзова,/ бұл-Абай театры.

11. Олар /в Талдыкурганскую область/ бара жатыр.

12. /Его мать/ егде адам емес. Сәуле /не идет/.

13. Дәрісханада /есть стулья, парты, столы/.

14. /Мне надо идти/ балабақшаға.

 

8. Мына сөздерді аударыңдар.

а) Наша старшая естра; ваш друг; наш город; его старший брат; твоя младшая сестра; мои младшие братья; мой дедушка; его мать; их сосед.

ә) От врача; из тетради; из Алматы; с Медеу; от вас; из книги; от Олжаса; с устава; у Карлыгаш; с работы; из овощей; из фруктов; из сахара; с мясом; из молока; из мяса; со сливками; со сметаной; с бульоном.

б) Город Актау, площадь Республики, магазин «Сымбат», река Тобол, горы Алатау, опера «Аида», балет «Спартак», кинотеатр «Байконыр», Каспийское море, озеро Балхаш, микрорайон «Орбита».

 

9. Қазақшаға аударыңдар.

Открой форточку, закрой дверь, приготовь кофе, купи мясо, свари суп, съешь хлеба с маслом, выпей молока, подай воды, вымой посуду, почисти ковер.

 

10. Көп нүктенің орнына табыс септігінде сөздерді қойыңдар.

1. Ол қалада үлкен ... көрді.

2. Мен қонаққа ... бердім.

3. Сен ... жинадың.

4. Сіз көшеде ... көрдіңіз бе?

5. Біз концертке ... сатып алдық.

 

11. Мына сөздерге тәуелдік жалғауын жалғаңдар.

Кітап, бала, топ, қала, оқулық, оқытушы, сөре, қалам, қағаз, сызғыш, қабырға, үстел, көз, сағат.

 

12. Қажетті жалғауларды жалғаңдар.

1. Бұл сенің бөлме... .

2. Оның ана... мектеп... мұғалім болып істейді.

3. Мынау – Бонн қала... .

4. Аялдама... көп адамдар троллейбус тосып отыр.

5. Зейнеш... апасы осында тұрады.

6. Оларға қала... бару керек.

7. Дәптер..., оқулық..., қалам... үстел... жатыр.

8. Семей облысы... көп аудандар бар.

9. Сіздердің кітапхана... кең, жарық және таза.

10. Мынау кім... дәптер...?

11. Қаңтар – жыл... бірінші айы.

 

13. Тәуелдік және жіктік жалғауын жалғаңдар.

1. Біздің отбас... үлкен.

2. Оқытушының дәптер... үстелде жатыр....

3. Мен кітапханада сабақ оқып отыр....

4. Оның аға... менің сіңлі... кітап әкеле жатыр....

5. Сіздің пәтер... нешінші қабатта?

 

14. Сөйлемдерден септік жалғауларын табыңыздар.

1. Асықпаған арбамен қоянға жетер. 2. Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы. 3. Атадан бала туар, атасының жолын қуар. 4. Тағасының күмісін айтпа, атыңның жүрісін айт. 5. Қалауын тапса, қар жанар. 6. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. 7. Ақыл – адам көркі, ақылдың сабыр – серігі (мақал).

 

ІІ – топқа  «Сын есім» тақырып бойынша бақылау жұмысы.

 

1. Мына сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңдер.

жаңа, сулы, қысқа, жуас, қатты, домалақ, қисық, дәмді, тұзсыз, балдай, қалалық, жазғы, қысқы.

 

2. Мына сөздерге антоним табыңдар.

ауыр - ...               ыстық - ...            жіңішке - ...

қысқа - ...             құрғақ - ...            аласа - ...

желсіз - ...            тентек - ...            жас - ...

айсыз - ...             түзу - ...                ескі - ...

 

3. а) аударыңдар –рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтарымен салыстырмалы шырай жасаңдар.

 

красивый                                      новый



удобный                                        старый

далекий                                         интересный

близкий                                         мягкий

      ә) осы сын есімдерді күшейтпелі шырайда жазыңдар.

 

4. Туынды сын есімдердің қандай сөздерден қалай жасалғанын айтыңдар.

Балалы үй, ақылды бала, түсінікті сөз, қажырлы еңбек, мәдениетті халық, күндізгі жұмыс, кешкі салқын, қалалық кеңес, жастық шақ, өмірлік жолдас.

 

5. Қазақшаға аударып, антонимін жазыңдар.

Красный, дешевый, черный, большой, хороший, худой, тонкий, крупные деньги, продать, принести, сладкий, жирный, плохой, вкусный, с молоком, с мясом.

 

6. Салыстырмалы шырайды қолдана отырып, сұраққа жауап беріңдер.

а) туфлидің өкшесі биік пе?

ә) Мына көйлек әдемі ме?

б) Жылқы еті дәмді ме?

в) Қой еті жақсы ма?

г) Қуырылған балық дәмді ме?

д) Бұқтырылған тауық жақсы ма?

е) Бұл көйлек қымбат па?

ж) Әлияның көйлегі сары ма?

з) Етік үлкен бе?

 

7. Тиісті қосымшаны жазыңдар.

Су... өмір жоқ. Сен неге көңіл... сің? Ол емтиханға дайындық... келіпті. Оқулық... тіл үйрену қиын. Біз сіз... бармаймыз. Білім ...дің ойы – таяз.

 

8. Қазақшаға аударыңдар.

Белые подснежники, алые розы, свежие тюльпаны, красивые ландыши, желтые одуванчики, полевые цветы.

 

Алтыншы сабақ          

Тақырып: «Сан есім. Есімдік.»

 

Тапсырмаларды орындау.                                                                                                    



1- тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті реттік сан есімді қой.

     Мен ... жылы дүниеге келдім. Отбасымыздағы ... баламын. Сондықтан мені бәрі жақсы көреді.  ... жылы мектепке бардым.

     Қазақ тілін ... сыныптан бастап үйреніп жүрмін. үйіміздің нөмірі  - ... . Қазір ... сыныпта оқимын. Мектепті .... жылы бітіремін. Бізде аптаның ... күні – демалыс.  сабақтан кейін үйге келіп, алған бағаларымды  ... анама, кейін әкеме көрсетемін. Біздің отбасымыз - ...

және  ...ғасырлардың куәгері.

 

2- тапсырма.    Төмендегі көркем әдебиеттен алынған мысалдардан сан есімдерді тауып,  олар сан есімнің қай түріне жататындығын анықтаңдар.

1.      Жетпіс сегіз бен жиырма төртті қосайық. жетпіс сегізге әуелі жиырманы қосамыз,     

          тоқсан сегіз болады. Содан кейін тоқсан сегізге төртті қосамыз, барлығы жүз екі

          болады.           

2.       Екінші, үшінші қабаттарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған төсектер бар.

3.       Солардың ішінде еі жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен. (Әуезов).

4.       Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. Біреуінің күні жоқ

          біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. (Абай).

5.       Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, бір түрлі іс тапсырған.

          (Әуезов).

6.      Олар екі – үштен қолтықтасып, үйдің ішін шыр көбелек айналып жүр. (Майлин).

7.       Алты совхозға келетін тракторлардың ғана саны үш жүздей.

8.       Сол жолды біз жеті сағаттай жүріппіз. (Мұқанов).

9.       Сәтемір жетілерде атасынан жетім қалған. (Алтынсарин).

10.     Судың үштен бірі қалғанда, көл жұтардың ұрты ғана суға толады. (Қазақ ертегі).  

 

3 – тапсырма.  Сан есіммен келген мақал-мәтелдерді есте сақта.

 

1.      Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атаңды жық.



2.      Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

         Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

3.      Он екі айда он үш той.

4.      Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

5.      Алты бала таппай ана атанбайды,

         Бес бала таппай әйел болмайды.

6.      Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

7.      Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

8.      Бірінші байлық - денсаулық,

         Екінші байлық – ақ жаулық,

         Үшінші байлық – он саулық.

 

Жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары туралы.

 

            Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып есептеледі.оның себебі орта ғасыр ғалымдарының жеті күнге жеті жұлдыздың атын беруі, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күні деп, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндеріне ат берілуі деп қарауынан болуы керек.



            «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған .  XVI ғасырда өмірге келген Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиетіне , киелі жағына мән беруден туған болу керек.

            Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және « Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің»,  «Жеті қабат жер астында»,  сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал –мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.

            Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «Тоғыз әйелдің толғалы бір күні келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқа қию», «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз» (үйленгендегі ырым)

сөздері тегін шықпаған болу керек.

            Он екі саны да – халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін,тауық, ит, доңыз . Осындағы он екі бір мүшел қауіпті жас деп, оны адамдар атап  өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты  «он екі мүшең сау болсын», «он екіде бір нұсқасы жоқ», «он екі баулы өзбек»деген сөздер де айтылады.

            Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны  - қырық . Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда  «Қырқынан шығару» деген ырымы бар. Өлген адамның «Қырқын беру» дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты  «Қырықтың бірі - қыдыр»деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар «қырық » сөзімен байланысты.

 

4-тапсырма.   Берілген сан есімдермен келген тұрақты сөз тіркестерінің мәнін түсініп,   олармен сөйлем құраңдар.

            Жеті ата,  жеті ғалам,  жеті түнде.  Қырық жамау,  қырық жыл қырғын болса да, қырық тесік.  Тоғыз жолдың торабы. Жыл он екі ай.

 

5-тапсырма.  «Жеті» сөзімен байланысты айтылатын сөздердің мәнін түсініп алу.

Жеті қазына.  1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт.

                           6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы.



Жеті ата.         1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере.  5. Шөпшек. 6. Немене. 7. Туажат.

Жеті күн.         1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн.

                          7.  Азына.



Жеті жұт.        1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу).  3. Өрт. 4. Оба (ауру).  5. Соғыс.

                          6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).



Жеті жоқ.        1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ.

                          4. Тасбақада талақ жоқ.  5. Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт жоқ.

                          7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті ғалам (жеті бағыт) – дүниенің төрт бұрышы.

1. Күншығыс. 2. Күнбатыс. 3. Түстік. 4.Терістік. 5. Аспант- жоғарғы ғалам.  6. Жер – орта ғалам. 7. Жер асты ғалам.



Жеті қат (қабат) көк (жеті жұлдызы).  1. Ай. 2. Меркурий. 3. Шолпан. 4. Күн. 5. Қызыл жұлдыз (Марс). 6. Мұштари (Юпитер). 7. Сатурн.

Әлемнің жеті кереметі:    1. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.   2.Египет пирамидалары.

3. Семирамиданың бағы.   4. Диана ғибадатханасы.     5.Қарнастың мавзолейі.         6. Родос алыбы. 7. Александрия маягі.



Жеті ғашық : Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар:  1. Ләйлі – Мәжнұн. 2. Зылиқа – Жүсіп. 3. Фархат- Шырын. 4. Таһир – Зуһра. 5. Арзи –Қамбар. 6. Сейфіл Мәлік – Жамал.  7. Бозжігіт – Зияда (Қарашаш).   

 

            Мәдениет  деген ұғым аясында адам онсыз өмір сүре алмайтын аса нәзік құбылыстар тоғысқан.



                                                                                                                                    Н. Назарбаев.

 

Біздің бабаларымыз  тірі болу үшін бір болған, енді бір ірі болу үшін бір болуымыз керек.



                                                                                                                                    Н. Назарбаев.

_____________________________________________________________________________


6 - тапсырма:    Сан есімнің мағыналық түрлері бойынша берілген сөздерді сызбадағы үлгілер жүйесімен жазбаша талдаңдар.

Қырық,  үш мың,  оныншы,  қырық бірінші,  бесеу,  алтау.

 

7- тапсырма.  Өлеңді жаттап ал.

                        

                          Жігіт жиырма бесте,

                          Жарға ойнаған лақтай.

                          Отыз беске келгенде,

                          Ағып жатқан бұлақтай.

                           Қырық беске келгенде ,

                           Қырға біткен құрақтай.

                           Елу – ердің жасы,

                           Алпыс – ел ағасы,

                           Жетпіс – кәріліктің басы,

                           Сексен келіп бүйірден

                           Шығарды тоқсан үйірден.

                           Тоқсан мен жүз – ұлы жас,

                           Тоңқайып атқа міне алмас.

_____________________________________________________________________________

 

 1 – тапсырма.  Есімдіктерді мағынасына қарай топтап жаз.



Мен, сонау, өзің, өзіңіз, өзі, қай, бәрі, барлық, қайсы, осынау, сен, әне, қалай, бұл, міне, неше, қайда, қанша, анау, сол, ол, өздері, әр, әлде, біреу, кейбіреу, әрқашан, бірнеше, әлдене, ешкім, күллі, ешқайда, қайсыбір, әрне, ешқайсы, ешбір, дәнеңе, бүкіл, дәнеме, өзім, біз, түгел.

 

2- тапсырма. Берілген есімдіктердің  схема бойынша  лексика- грамматикалық мағынасын сатылай комплексті талдау жасаңдар.

Сол,  сен,  бұлар,  кімбіз?   өз,  өзі,  өздері,  барша,  ешкім,  аналарға.

 

3- тапсырма.  Мына сөздердің тасымалдау жолдарын көрсет.

Күллі, әкелік, өзімізге, өзі, жауап, тауық, қайың, сауын, ешқайсы, кейін. 

 

4 – тапсырма.  Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.

1. У меня нет свободного времени.  2. Қакой твой номер телефона?  3. Вот эта книга стоит сто пятьдесят теңге. 4. Здесь есть заповедник.  5. У этого ребенка нет хорошего воспитания. 6. Вы сами готовтесь к экзаменам.  7. Они сами вымоют пол. 8. Ты мне что- то сказала?  9. С тех пор прошло несколько времени.  10. Каждый ученик должен знать свои обязанности.  11.  С ним я пойду и в огонь и в воду.  12. Я живу на той улице.    

_____________________________________________________________________________

 

«Есімдік» тақырып бойынша шағын бақылау жұмысын орында.

 

1. Жіктеу есімдігін тиісті септік жалғаумен жазыңдар.

1. Ол театрда /мен/ танысты.

2. Кәрім /сен/ кездеспеді.

3. Сәрсен қонақта /біз/ бірге отырды.

4. Сәуле ауылда /олар/ болыпты.

5. Самат /сендер/ асханада кездесер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет