2 – жаттығу. Мақал – мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңдер және құрамындағы үстеулер үстеудің қай түріне жататынын айтыңдар.
1. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
2. Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.
3. Ілгері басқан жасты кері қайтқан кейін тартады.
4. Темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай;
Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай.
5. Бұрынғының кісісі – бүгінгінің кішісі.
6. Жылы – жылы сөйлесе, жылан іннен шығады.
7. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
8. Арық айтып, семіз шық..
9. Асығы алшысынан түсу.
1- жаттығу. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды жазыңдар.
а) ........ , тісім ауырып тұр, қабылдай ма?
ә) ........ ! Мына бөрік сізге керемет жарасады.
б) ........ ! Сонда қалай болады?
в) ........ ! Жарайсың, тура тигіздің ғой.
г) ........ ! Достар түгел жиналыпты.
2 – жаттығу. Төмендегі көркем әдебиеттен алынған мысалдардан одағайларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтыңдар.
1. Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар. (Ғ Мүсірепов).
2. Әй, сол ма, тәйірі. Тайборы не істей алушы еді. (Ғ.Сланов).
3. Әй, бәрі маған қарап қалыпсыңдар ... . О, не болғанымыз, үндеспей қалғанымыз.
(Ғ.Мұсірепов).
4. –Қап, жер соқтырды – ау! – деп, Жамантайдың әкесі күйініп жылап тұр.(Иманбаев)
5. Ертеменен айқайлап, Жүрмесін деп қалыс қап,
Қайда екен деп ақылдым, Қайта-қайта дауыстап,
«Ауқау-ауқау», ауқаулап – «Қауыс- қауыс», қауыстап -
Қай төлді мен шақырдым? Қай төлді мен шақырдым?
Шұндындаған неме деп, Құйрық – жалы суылдап,
Қойса жақсы келер деп, Тез жетсін деп суылдап,
«Шөре – шөре», шөрелеп – «Құрау-құрау», құраулап -
Қай төлді мен шақырдым? Қай төлді мен шақырдым, (Ә.Ахметов).
_____________________________________________________________________________
1- тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына жақша ішіндегі шылау сөздердің аудармасын жаз.
1. Ол бүгін аңшы туралы ... (или) табиғат туралы мәтін оқыды. 2. Күй табақта Құрманғазы ... (и) Тәтімбеттің күйлері жазылған. 3. Оқығанымның бәрін түсінемін, ...
(но) айта алмаймын. 4. Қазақ тілін бұрын оқыған жоқпын, ... (потому что) Ресейде тұрғанмын. 5. Өткен сабақта болған жоқпын, ...(поэтому) тапсырманы орындай алмадым.
6. ... (если) айтқаның дұрыс болса, ешқашан қателеспейміз. 7. Сен қазақтың белгілі әншілерін білесің (ли)?
2 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септеуліктерді қойып, жаттығуды көшіріп жаз.
Сөйлемдерді аудар.
1. Іле өзені Қапшағайдан ... Балқаш көліне құяды. 2. Әміре Қашаубаев Париждегі концерттен ... Еуропаға белгілі болды. 3. Мақал –мәтелдердің мазмұны ... мұғалім әңгімелеп берді. 4. Бұл жерде ескерткіш ашылғанға ... еш нәрсе болған жоқ. 5. Құрманғазы өзінің күйлерін не ... шығарған? 6. Шешендік сөздерді оқығаннан ... әдебиетке қызығып жүрмін. 7. Үш ай қыстан ... көктем келеді, 8. Отан ... отқа түс. күймейсің
1 – жаттығу. Сияқты, туралы, сондықтан, таяу, бұрын шылауларын қатыстыра отырып, шағын әңгіме жазыңдар.
2 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылау сөздердің астын сыз. Оларды түрлеріне ажырат.
1. Үйдің үлкені де, кішісі де-осы. 2. Азамат болу үшін өмір сүрсек қой. 3. Қолына тек домбыра берсең болды, шырқайды да кетеді. 4. Өтірік пе, шын ба? 5. Айтқанына сеңгің келеді – ау, бірақ сөздері шындықтан алыс. 6. Бала «азаматсың ғой» дегенге мерейленіп қалды. 7. Ақындық пен әншілікті қатар алып жүру оңай емес. 8. Өмірден өз орнын тапқан –ды.
3 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Одағайларды тауып, тыныс белгілерін түсіндір,
одағайлардың түрін ажырат.
1. Е, бейне, неғып тыжырынып қалдың? Дәл төбеңнен түскені жықпады –ау, ә, Абайдың? 2. Уай, Оразбай, не дауың бар? 3. Япырай, қалай өзгерген! Ән мен сөз қалай өзгерген!... Түу! 4. Бәсе, бүйтпесе Бәзекең бола ма? 5. Әй, осының бірінің түбі тегін емес.
6. Әттең, көз ашылар күнім жоқ... 7. Қап, қор болдық қой! Қапыда қалған басым! 8. Міне!
Ойбай! ... Міне, түк жоқ! – деп, зарлап қоя берді.
(«Абай жолы» романынан).
4 – жаттығу. Нүкте орнына қажетті одағайды қойып жаз.
1. ....... автобусқа үлгіре алмадым – ау.
2. ....... жыланды қарашы!
3. ....... мынау кім өзі?
4. ....... кіруге рұхсат па?
_____________________________________________________________________________
Он бірінші сабақ. Тақырып: «Зат есімнің түрленуі».
Бақылау тапсырмаларды орындаңдар.
І. Көптік жалғауын жалғаңдар.
1. оқушы, қыз, қыс, бала, жоспар, әріп, кітап, қағаз, үй, колледж, бор, аға, қарындас;
2. есік, қағаз, айна, қатар, күнделік, қабырға, терезе, сызғыш, дәрісхана, гүл, перде.
ІІ. 1. Көптік ұғымды көрсетіңдер.
1. Менің апам дүкеннен сүт әкелді.
2. Базарда жарма, тары бар.
3. Қазақстанда қазақ, орыс, неміс, ұйғыр тұрады.
4. Үстелде нан, сүт бар.
5. Менің атам қымыз ішіп отыр.
6. Оқушылар сабаққа келді.
7. Көп адам қонаққа келді.
8. Әлденеше кісі үйге кірді.
9. Дастарханда бауырсақ, кәмпит, қант, нан бар.
2. – қыш, -кіш, -гіш, -лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.
Көрсет..., заман..., өткіз..., көрші..., дастархан..., тазарт..., өнертап... .
3. Төмендегі сөздерді қазақшалап, жаңа сөз жызыңдар.
Литература, письмо, песня, ребенок, друг, молодой, аул, дорога, ручка.
4. –шы, -ші, -шақ, -шек жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.
сурет, көмек, құрылыс, шаңғы, бөл, келе, мақтан;
5. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрыңдар.
Писатель, продавец, рабочий, дружба, герой, земляк, детство.
Септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары
І. 1. Септік жалғауын жазыңдар.
1. Біз... студенттер дәрісхана... сабақ оқып отыр.
2. Сәуле сағат бес... дүкен... нан... бару керек.
3. Ол апасы... үйі... бара жатыр.
4. Оқушылар демалыс... үй... теледидар көріп отыр.
5. Бүгін жиналыс сағат екі... болу керек.
6. Сен базар... көкөніс алу... бар.
2. Септік жалғауын жалғаңдар.
1. Мен кинотеатр.. отырмын. Сен кітапхана... бара жатырсың. Сіз емхана... келесіз бе? Ол кітап... алды ма? Біз дүкен... нан әкеле жатырмыз. Сендер Әлия... келіңдер! Сіз Арман... қарындасысыз ба? Олар Орбита ықшамауданы... бара жатыр.
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.
Мен... тамақтанамын. Кітапханада кезекке.... Мен... оқимын. Менің ... мектепте жұмыс істейді. Ол жатақханада ... тұрады. Мынау ... кітабым. Ұлттық тағамдардан асханада ... бар.
4. Жалғауларды жазыңдар.
Біз... үй... терезе... оңтүстік бет... . Мен... бос уақыт... отбасында өт... . Асқар... аға... университет... үш... курс... оқ... . Бүгін жиналыс сағат сегіз... бол... . Сен сабақ... түскі сағат бір... бар... . Ол... оқытушы... университет... екі... қабат... екі... жүз бес... дәрісхана... сабақ бер... тұр. Біз... топ... студент... алты... бөлме... тұр... .
5. Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазыңдар.
1. Сенің ...(дауыс) естілмейді.
2. Менің ...(уақыт) болмады.
3. Мемлекеттің ...(мүлік) шашпа.
4. Дәмеш ...(ерін) жыбырлатты.
5. Нәрестенің ...(қарын) ашпасын.
6. Біздің ...(халық) бақытты.
6. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.
1. Інімнің ... үстелде жатыр.
2. Ағамның ... қабырғада ілулі тұр.
3. Студентттің ... бөлмеде жатыр.
4. Оның ... диванда отыр.
5. Менің ... қонақта.
6. Сіздің ... сабақта отыр.
7. Біздің ... шетелге кетті.
8. Асанның ... Америкада тұрады.
7. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңдар.
1. /В году/ төрт /времена года/ бар: /зима, весна, лето, осень/.
2. Аптада /семь дней/ бар: /понедельник, вторник, среда, четверг, пятница, суббота, воскресенье/.
3. Кітапхана /находится/ бірінші қабатта.
4. Біз қазақ тілін /изучаем/.
5. Оспан және Марат /на Медеу/ шаңғы теуіп жүр.
6. Әсел /в продовольственный магазин/ бара жатыр.
7. /За молоком, кефиром, сметаной/ кешке жақын бару керек.
8. /Моя подруга Айгуль/ қаланың орталығында тұрады.
9. /В микрорайоне «Жетысу»/ тоғыз қабатты әсем үйлер бар.
10. /Стихи Абая/ өте жақсы. /Это не театр Ауэзова,/ бұл-Абай театры.
11. Олар /в Талдыкурганскую область/ бара жатыр.
12. /Его мать/ егде адам емес. Сәуле /не идет/.
13. Дәрісханада /есть стулья, парты, столы/.
14. /Мне надо идти/ балабақшаға.
8. Мына сөздерді аударыңдар.
а) Наша старшая естра; ваш друг; наш город; его старший брат; твоя младшая сестра; мои младшие братья; мой дедушка; его мать; их сосед.
ә) От врача; из тетради; из Алматы; с Медеу; от вас; из книги; от Олжаса; с устава; у Карлыгаш; с работы; из овощей; из фруктов; из сахара; с мясом; из молока; из мяса; со сливками; со сметаной; с бульоном.
б) Город Актау, площадь Республики, магазин «Сымбат», река Тобол, горы Алатау, опера «Аида», балет «Спартак», кинотеатр «Байконыр», Каспийское море, озеро Балхаш, микрорайон «Орбита».
9. Қазақшаға аударыңдар.
Открой форточку, закрой дверь, приготовь кофе, купи мясо, свари суп, съешь хлеба с маслом, выпей молока, подай воды, вымой посуду, почисти ковер.
10. Көп нүктенің орнына табыс септігінде сөздерді қойыңдар.
1. Ол қалада үлкен ... көрді.
2. Мен қонаққа ... бердім.
3. Сен ... жинадың.
4. Сіз көшеде ... көрдіңіз бе?
5. Біз концертке ... сатып алдық.
11. Мына сөздерге тәуелдік жалғауын жалғаңдар.
Кітап, бала, топ, қала, оқулық, оқытушы, сөре, қалам, қағаз, сызғыш, қабырға, үстел, көз, сағат.
12. Қажетті жалғауларды жалғаңдар.
1. Бұл сенің бөлме... .
2. Оның ана... мектеп... мұғалім болып істейді.
3. Мынау – Бонн қала... .
4. Аялдама... көп адамдар троллейбус тосып отыр.
5. Зейнеш... апасы осында тұрады.
6. Оларға қала... бару керек.
7. Дәптер..., оқулық..., қалам... үстел... жатыр.
8. Семей облысы... көп аудандар бар.
9. Сіздердің кітапхана... кең, жарық және таза.
10. Мынау кім... дәптер...?
11. Қаңтар – жыл... бірінші айы.
13. Тәуелдік және жіктік жалғауын жалғаңдар.
1. Біздің отбас... үлкен.
2. Оқытушының дәптер... үстелде жатыр....
3. Мен кітапханада сабақ оқып отыр....
4. Оның аға... менің сіңлі... кітап әкеле жатыр....
5. Сіздің пәтер... нешінші қабатта?
14. Сөйлемдерден септік жалғауларын табыңыздар.
1. Асықпаған арбамен қоянға жетер. 2. Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы. 3. Атадан бала туар, атасының жолын қуар. 4. Тағасының күмісін айтпа, атыңның жүрісін айт. 5. Қалауын тапса, қар жанар. 6. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. 7. Ақыл – адам көркі, ақылдың сабыр – серігі (мақал).
15. Көп нүктенің орнына тиісті әріп жазыңдар.
Мектеп – мекте...ім есік – есі...ім
Кітап – кітап...ым күрек – күре...ім
Тарақ – тара...ым етік – еті...ім
Қалпақ – қалпа...ын бөбек – бөбе...ім
Көйлек – көйле...і сұрақ – сұра...ым
Бақылау сұрақтарын орындаңдар.
1. Сөйлемдегі сөз тәртібін сақтап жазыңдар.
8. Оқып, отыр, әжем, кітап.
8. Ыдыс жуып шешем, жатыр.
8. Мен, шахмат,әкем, ойнап отыр, атам.
8. Інім, отыр, оқып, сабақ.
8. Астында, ұйықтап, мысық, жатыр үстелдің.
2. Сұраулы сөйлем жаса.
1.Менің үйім Алматыда. 2. Алматыда ықшам-аудандар көп. 3. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын. 4. Қаланың ортасында үлкен дүкен бар. 5. Дүкеннен алма, шие шырынын сатып алдым. 6. Кілегей дәмді екен. 7. Тауық еті өте дәмді. 8. Әжем балық қуырды. 9. Мен орама ет жасадым. 10. Мына кеспе тұзсыз. 11. Сенің үйің колледжден алыс. 12. Мынау Әлияның кітабы. 12. Бүгін далада күн суық. 13. Сен студентсің.
3.Сөйлемді дұрыс құра.
1. Мен, үйренгенім, ағылшын, келеді, тілін. 2. Стамбулда, інімнің, келеді, оқығысы.
3. Келмейді, киноға, Әселдің, барғысы. 4. Сендердің, студенттеріңмен, танысқымыз, топ, біздің, келеді. 5. Келе ме сендердің, барғыларың, шетелге.
4.Мына сөздермен, сөз тіркестерінен сөйлем құра.
Еңбек ету құқығы, еңбекке қабілеті бар адам,, еңбекақы, таныстыру, арыз жазу, керекті құжаттар, жұмысқа орналасу, өмірбаян, мамандық таңдау, бейім, пайдалы болу.
5.Сөйлем құраңдар.
Оқу/дос/сен/колледж/ерте/үшін/келу (ауыспалы осы шақ);
біз/үй/қала/отбасы/орналасу/орталық/көше (бұрынғы өткен шақ);
біз/дос/үй/артында/үй;
әке/демалыс/үй/ол/отыр (нақ осы шақ);
сабақ/бітіру/4.30./оқушы (өткен шақ).
6.Сөйлемдерді қазақшалаңдар. Жауап жазыдар.
1. Где ты учишься?
2. У вас есть друг?
3. Как его зовут?
4. Чем он занимается?
5. Как вы проводите свой выходной день?
7. Сөз тіркестерін қазақшалаңдар.
Который час? Ровно в три? Половина первого? Без пятнадцати девять? Семь минут одинадцатого, в восемь тридцать, четверть пятого.
8.Сөйлемдерді қазақшалаңдар, жауап жазыңдар.
Что ты делаешь в понедельник?
Ты идешь в среду в театр?
Во сколько начало занятий в четверг?
Ты свободен в пятницу после обеда?
Где вы будете в воскресенье?
9.Қазақ тіліне аударыңдар.
а) Мой друг в прошлом году путешествовал на самолете. Он учитель в школе. Он очень хороший человек. Он летал в Москву. Из Москвы он приехал на поезде. Сегодня я учусь. Я студент. Я учусь в колледже. Наш колледж находится на улице Муратбаева. Я езжу на урок с другом на трамвае. Вчера было воскресенье. Мы на занятия не ходили. Я отдыхал дома.
ә) 1. На его стене висят часы. 2. В аудитории есть стол, парты, стулья. 3. В его книге есть красивый рисунок. 4. В его тетради нет записи. 5. Бумаги лежат в его сумке. 6. На его столе лежат ручка и бумаги.
10. Сөйлемдерді (ма, ме, ба, бе, па, пе) болымсыз жұрнақ арқылы сұраулы сөйлемдерге айналдыр.
1. Сен оныншы сыныпта оқисың. 2. Сыныпта үлгірмейтін оқушы жоқ. 3. Сен жыл мезгілдерін білесің. 4. Айгүл мына кітапты оқыды. 5. Иванов бүгін сабаққа кешігіп келді.
6. Саған өшіргіш керек.
11. Сөйлемдерге тыныс белгілерін қойыңдар.
1. Сапармен Қазақстанға келсеңіз сізді қазақ халқы «Қош келдіңіз» деген сөзбен қарсы алады. 2. «Жолыңыз болсын» деген сөзбен шығарып салады. 3. Сен маған көмектесесің бе.
4. Сен кім блғың келеді. 5. Рақмет. Мен кассаға ақша төлеймін. 6. Сен спорттың қай түрімен шұғылданасың. 7. Жаңа оқу жылы құтты болсын. 8. Жағдайың қалай. 9. Денсау-
лықтарың мықты болсын. 10. Ата- аналар концертке риза болды. 11. Сабақ басталды ма.
12. Сөйлемдер қандай тәсілмен байланысқанын тап, анықта, астын сыз.
1.Гауһармен оқу жайында сөйлестім. 2. Мен бүгін сабаққа кеш келдім, өйткені сағатым тоқтап қалды. 3. Әлішер суық су ішті де кешке ауырып қалды. 4. Қып-қызыл мына алманы-ай. 5. Үйден мектепке дейін жаяу барамын. 6. Бақ ішінде ағаштар гүлдеді. 7. Мен кезекке сенен соң тұрамын. 8. Пілдер бәрін де: шөпті де, нанды да, алма мен қантты да, ағаш жапырақтарын да жейді. 9. Сізге тек қана сәт тілеймін! 10. Отан үшін отқа түс!
13. Сөйлемдердегі сөздің байланысу түрлерін анықта.
1. Аппақ ет, қып – қызыл бет жап – жалаңаш,
қарашаш қызыл жүзді жасырғанда. (Абай).
2. Мен көрдім.
Сіз жазасыз. Біз үйренеміз.
Сен –тамшы, Сізсіз жоқ қуаныш,
Мен – тасқын. Өмірдің гүлісіз
Көзімнің нұрысыз Көңіліме жұбаныш. (Абай).
3. Өткірдің жүзі, Өрнегін сендей
Кестенің бізі сала алмас. (Абай).
4. Білімдіден шыққан сөз, Нұрын, сырын көруге,
талаптыға болсын кез. көкірегіңде болсын кез. (Абай).
5. Орыс теріс айтпайды
жаман деп оларды.
(Абай).
Тапсырмаларды орындау.
1 – жаттығу. Сөйлемдерден анықтауышты тап, сұрақ қой.
1. Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен.
2. Сарыарқа – Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды.
3. Сарыарқа – Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы болып есептеледі.
4. Мұнда әйгілі Марқакөл бар.
5. Қазақстанның мұнай өндірісі осы өлкеде дамыған.
2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
1. ... екі топқа бөлдік. балаларға
2. ... бүкіл Қазақстан мақтан етеді. цементті
3. Мындаған жастар ... көмекке келді. отрядты
4. ... машиналар зымырап барады. жолмен
5. Қамқоршылар ... әкелген сыйлықтарын тапсырды. Қазақстанға
6. ... жиналғандар бүлдіршіндерге риза болды. мерекеге
7. Сылақты ... араластырды. жәшікті
8. Ұста ... шегеледі. Тоқтарды
9. Машина ... қалаға апарды. рельсті
10. Теміржолшы сабы ұзын балғамен ... әр жерден ұрып барады. күрекпен
3 – жаттығу. Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдерді теріп жаз.
1. Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. 2. Адал бала анасын ұмытпайды. 3. Сусыз өмір жоқ. 4. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. 5. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес. 6. Ол – шындық. 7. Германия суды Швециядан сатып алады. 8. Көлдер ластанып жатыр. 9. Көлдің деңгейі төмендеген. 10. Бұл ойланатын жағдай. 11. Экология жайында көп оқыдым.
4 – жаттығу. Бастауыш пен баяндауышты тап. Олардың арасына тиісті тыныс белгісін қой.
1. Еңбек түбі береке. 2. Адамды адам ететін еңбек. 3. Адамға үлкен қауып ядролық жарылыстар. 4. Тәуелсіз Қазақстан ядросыз мемлекет. 5. Бұл ғаламшар деңгейіндегі маңызды мәселе. 6. Жер біздің ортақ үйіміз.
5 – жаттығу. Қандай? Қайсы? Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін тап. Сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.
1. Қытайдың орталығынан басталатын бұл жол қазақтың кең даласын басып өтті. 2. Самарканд, Багдад қалалары арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. 3. Әр қала сайын керуен жолдары белгіленді. 4. Орта Азияда Қытайдың жібегі жоғары бағаланады. 5. Ұлы Жібек жолында талай сауда көздері ашылды.
6 – жаттығу. Әр сөйлем мүшесіне сұрақ қоя білу және морфологиялық талдау жасау.
Бостандық өздігінен келмейді. (Б.Майлин) Асқар орындықта отыр. Біз жиырма төртпіз. (Ғ.Мүсірепов). Олардың алдында ұзын бойлы, ақ қызыл ажары айқын көрінген қыз келді.
Мысалы: Бостандық өздігінен келмейді. Баяндауыш келмейді, сұрақ: не істемейді?
Келмейді не? Бостандық
Төл сөз
1-жаттығу. Төл сөзді сөйлемдердің тыныс белгілерінің қойылу ерекшеліктерін түсіндіріңдер. Төл сөз бен автор сөзінің орналасу реттеріне көңіл аударыңдар.
Схема жасау.
Құнанбай тыңдап болды да: - Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді. Құнанбай салқын жүзбен , кінәлай қарады: - Сен оқыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік. Бірақ сол білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше таласып ке, әкеңді сүрінткенде не мұратқа жетпексің? (М.Әуезов). --- Басталды ма! деп Көпей есікке қарай ойыса бергенде: -- Жабай білем! – деп Күнше жүгіре жөнелді. – Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз, - деп Назыкеш жүзін аз ғана бұрды да, бөгелмей ілгері кетті. «Осының өзін бидің құлағына салып қою керек болар» , -- деп ойлады Омар. (Ғ.Мүсірепов)
2-жаттығу. Төл сөз бен автор сөзінің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыз, оның себебін түсіндіріңдер.
1. Әбдірахман кенет айда деді. 2. Егеубай шомның басына түсіп күрегін таяна тұрып сұрай бастады. Е, жиналыстан келдім дейсің бе Не жаңалық бар (Б.Майлин) 3. Түс ауа берген кезінде Жамалдың Сәтеке Сәтеке жүр-жүр деген даусы естілді. Қолын бұлғап жүгіріп келеді өзі Қозы, қозы, алдыңғы екі аяғы көрінді. (Ғ.Мұстафин). 4. Тыңда деді әйел . Сен не істесең де адам ғанасың. Ал енді мен – ана! 5. Егер мені сата қалса, қанша беріп алар едің деген сұрауына, беті бұлқ етпестен Жиырма бес әскер берер едім деген ғой.
(Ғ.Мұстафин). 6. Абай Айтыңыз, әке деп, Құнанбайдың жүзіне тура қарады да, тосып қалды. 7. Сүйіндік өз ішінен Алдырған албырт деп оның несін айтты екен деп , жақтырмады. 8.Үркімбайдың кішкене тұлымды қызы есіктен қашып кеп әкесінің қолтығына кіріп кетті де Атшабар, атшабар деді. (М.Әуезов).
3-жаттығу. Төмендегі төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.
Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп: --Жәкен дұрыс айтады, бәріміздің де айтатынымыз осы! – десті. (Б,Майлин) – Қайын атаңа сен не деп жауап қайырдың?—
деді әке. (Ғ.Мүсірепов) Қара сақалды, сүйкімді, шырайлы қазақ құлагер биені бұрып,
қасыма жетіп келді: -- Шырағым, мен өткелден өткізіп салайын, мінгес! – деді. –Жоқ,
өзім-ақ өтемін ғой. Рахмет, жүре беріңіз!... дедім. (С.Сефуллин). –Повозкелеріңіз келді ме, ұнады ма? –деп Степан бір сөз қыстырды. –Жоқ, ертең келер деп отырмыз,--деді Омар.
--Ақмоладан шыққалы төрт күн болды. (Ғ.Мүсірепов).
4-жаттығу. Төмендегі төлеу сөзден төл сөз жасап жазыңдар, тыныс белгілерін қойыңдар. Схеманы жаса.
Сыр алысып қалған Ушаков осы жетінің ішінде екеуін да тауып жіберетінін уәде етті.
(Ғ.Мүсірепов). Бақтыгүл келген соң-ақ Жарасбай өз ниетін айтты. Бір жылдан бері Бақтыгүлді шын қиынға жұмсамай, қысталаң сын үстінде Бақтыгүл ер қайратына табылатын адам деп сеніп келгенін сөйледі. (М.Әуезов). Бәкен Раушанның ештемені сұрамай, мөрін басып беруін бұйырды. (Б.Майлин). Абай бұган күлді де, Шыңғыс деген белгілі хан атты екенін айтты. Абай биік мансатын (карьера) биік жартас екенін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |