Сабақ. Кіріспе. Сызу сызықтары. Сурет салу форматтары (Пішімдер)



бет5/7
Дата07.10.2023
өлшемі247.06 Kb.
#480057
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1 каз. практика ИиКГ

Сызбада өлшемдерді түсіру
Сызбада өлшемдерді түсірудің негізгі ережелерін ГОСТ 2.307-68
тағайындаған.
Сызбада өлшемдер өлшем сызықтары мен өлшем сандары көмегімен көрсетіледі. Өлшем сызықтарын өлшемі көрсетілетін кесіндіге параллель етіп, ал шығару сызықтарын - өлшем сызықтарына перпендикуляр етіп жүргізеді. Өлшем сызықтары бір немесе екі шетінен стрелкалармен аяқталады.
Өзара параллель өлшем сызықтарының ең кіші аралығы 7 мм, ал өлшем сызығы мен контурлық сызықтың ең кіші аралығы 10 мм болуы қажет (1.3 – сурет). Өлшем сызықтары мен шығару сызықтарының қиылысуын қамтамасыз ету керек. Шығару сызықтары стрелкалардың ұштарынан 1 ... 5 мм шығып тұруы қажет.

1.3 – сурет
Стрелкалар элементтерінің өлшемдерін негізгі сызықтың қалыңдығына байланысты қабылдайды және сызбада оларды шамамен бірдей қылып сақтайды. Стрелкалардың формалары мен олардың элементттері өлшемдерінің қатынастары 1.4 – суретте көрсетілген.

1.4 - сурет
Өлшем сандары өлшем сызықтарының ортасына жазылады. Сызбада, оның масштабына байланыссыз, кескінделетін нәрсенің нақты өлшемдері көрсетіледі. Өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз да, бірақ сызбада көрсетілген затты жасау және өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы қажет.
Аралары бір-біріне жақын бірнеше параллель немесе концентрлі өлшем сызықтарын жүргізген кезде өлшем сандарын шахмат тәртібімен орналастыру керек.
Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллиметрмен өлшем бірлігін қоймай көрсетеді, ал бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен көрсетеді (мысалы: 50; 0040/; 3020/10//).
Сызықтық өлшемдердің өлшем сандарын өлшем сызықтарының әртүрлі көлбеулігіне байланысты 1.5а – суреттегідей орналастырады. Сызықталған секторда өлшем саны шығару сызығының сәкісіне жазылады.
Бұрыштық өлшемдерді 1.5ә - суретте көрсетілгендей қылып қояды. 

1.5 - сурет
Өлшемдері кіші бұрыштар үшін өлшем сандарын шығару сызығының сәкісіне жазады.
Контур сызықтарын, өстік, центрлік және шығару сызықтарын өлшем сызықтары ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.
Егер тізбектей орналасқан өлшем сызықтарында стрелкаларды қоятын орын тар болса, онда оларды өлшем сызықтарына 450 бұрышпен көлбейтін сызықшалармен немесе нүктелермен алмастырады (1.6а – сурет). 
Егер стрелка қоятын орын контур сызықтарының өзара жақын орналасуына байланысты тар болатын болса, онда контур сызықтарын үзуге рұқсат етіледі (1.6ә - сурет).

а) ә) б)
1.6 - сурет
Егер өлшем санын немесе стрелкаларды қоятын орын тар болса, онда оларды 1.6б – суретте көрсетілген әдістердің бірімен қояды.
Радиустың өлшемін қойғанда өлшем санының алдына бас R әріпі жазылады. 
Радиустың өлшемі үлкен болған жағдайда центрді доғаға жақындатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда радиустың өлшем сызығын бөліктері бір-бірімен 900 жасайтын сынық сызықпен көрсетеді (1.7а – сурет).
Егер шеңбер доғасының центрін анықтайтын өлшемдерді көрсету қажет болмаса, онда радиустың өлшем сызығын центрге жеткізбеуге және оны центрге қатысты ығыстыруға болады (1.7ә - сурет).
Бір центрден бірнеше радиустың өлшемдерін қойғанда кез келген екі радиустың өлшем сызықтарын бір түзудің бойына орналастырмайды (1.7б – сурет).
Диаметрдің өлшемін түсірген кезде (барлық жағдайларда) өлшем санының алдына  белгісі қойылады.

1.7 - сурет
Нәрсенің бірнеше бірдей элементтерінің өлшемдерін, әдетте, шығару сызығының сәкісіне элементтердің санын көрсетіп бір рет қояды (1.8а – сурет). Нәрседе шеңбердің бойымен бір қалыпты орналасқан элементтердің (мысалы, тесіктердің) өлшемдерін қойған кезде олардың өзара орналасуын анықтайтын бұрыштық өлшемдердің орнына тек олардың санын көрсетеді (1.8ә - сурет).

а) ә)
1.8 - сурет
Егер фаска 450 бұрышпен орындалатын болса, онда оның өлшемдерін
1.9 – суреттегідей қылып қояды. Басқа бұрыштармен орындалған фасканың өлшемдері жалпы ережелер бойынша көрсетіледі – сызықтық және бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық өлшемдермен (1.10 – сурет). Фаска бұрышы конус беті жасаушысы мен бөлшек өсі арасындағы бұрыш деп есептеледі.
Сызбада берілген нәрсені үзіп көрсеткенде өлшем сызығын үзуге болмайды (1.9ә - сурет).

а) ә)
1.9 – сурет

1.10 - сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет