Сабақ. Кіріспе. Сызу сызықтары. Сурет салу форматтары (Пішімдер)



бет6/7
Дата07.10.2023
өлшемі247.06 Kb.
#480057
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1 каз. практика ИиКГ

Түйіндестіру

1.11 - сурет
Бір сызықтың екінші бір сызыққа біртіндеп жатық ұласуын түйіндестіру деп атайды. Мысалы, 1.11 – суретте берілген а және b сызықтары үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп жатық түйіндестірілген. Екі сызықтың бір-біріне жатық ұласу нүктесін түйіндесу нүктесі деп атайды. Жатық ұласудың міндеті шарты-түйіндесу нүктесінде сызықтардың ортақ жанамасы болуы:
1.11 – суретте ta≡tcM, tc≡tbN (мұнда taM- М нүктесінде а сызығына жүргізілген жанама және т.с.с.). 
Біздер техникада өте кең қолданылатын мынадай қарапайым түйіндесулерді қарастырамыз: түзу сызықтың шеңбердің доғасына жатық ұласуы және бір шеңбердің доғасының екінші шеңбердің доғасына жатық ұласуы.
Түйіндесулерді орындаған кезде төмендегідей элементтерді ажырата білу керек: түйіндесу нүктесі, түйіндестіру доғасының центрі және осы доғаның радиусы. Осы аталған элементтердің біреуі белгілі болса онда берілген түйіндесуді орындауға болады.
Екі түзудің түйіндесуі

1.12 – сурет
Екі түзу (l1, l2) және түйіндестіру доғасының радиусы R берілген (1.12 –
сурет). Түйіндестіру доғасының центрін табамыз. Ол үшін l1 және l2 түзулеріне
параллель R-ға тең қашықтықта түзулер жүргіземіз. Осы түзулердің қиылысу нүктесі О іздеп отырған центрімізді береді. О нүктесінен l1 мен l2-ге перпендикуляр түсіріп, түйіндесу нүктелерін табамыз (А, В). Табылған нүктелерді радиусы R-ға тең шеңбер доғасымен қосамыз.
Түзу сызықтың шеңбер доғасымен түйіндесуі
Радиусы R1-ге тең шеңбер доғасы, l түзуі және түйіндестіру доғасының
радиусы R берілген (1.13 – сурет). Түйіндестіру доғасының центрін табу үшін
l түзуіне параллель R-ға тең қашықтықта түзу, ал берілген шеңбер доғасының центрі О1-ден радиусы (R1+R)-ге тең көмекші доға жүргіземіз. Осы көмекші сызықтардың қиылысу нүктесі О іздеп отырған центрімізді береді. О нүктесінен l-ге перпендикуляр түсіріп, түйіндесу нүктесі М-ді табамыз. Екінші түйіндесу нүктесі ОО1 кескіндісінің берілген шеңбер доғасымен қиылысқан жерінен табылады. Табылған М және N нүктелерін радиусы R-ға тең шеңбер доғасымен қосамыз.

1.13 - сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет