ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Макаронға арналған ақ тұздық
Шикізат немес жартылай дайын өнімдер атауы
|
Брутто
|
Нетто
|
Қаймақ
|
100
|
100
|
Сары май
|
100
|
100
|
Бидай ұны
|
30
|
30
|
Сүт
|
200
|
200
|
Сыр
|
150
|
150
|
Жұмыртқа
|
1 дана
|
40
|
Тұз
|
5
|
5
|
Бұрыш
|
2
|
2
|
Шығын:
|
500
|
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС
Сотейникке немесе кастрюляға туралған майды саламыз, баяу отта толығымен ерітеміз.
Кейін осы майға ұнды себеміз және оны нәзік алтын түсті болғанша қуырамыз. Бұл жерде ерекше мән беруіміз қажет нәрсе, ол- ұнды қуыру барысында ұзақ ұстамау, яғни күйдіріп жібермеу. Күйген ұн тағамның сапасын нашарлатады, дәмін құртады.
Осы қуырылған ұнның үстіне жылытылған сүтті баяу әрі жұқа қабатпен құямыз. Ұн түйнектері қалып қалмайтындай етіп жақсылап араластырамыз.
Бөлек ыдыста қаймақ пен жұмыртқаның саруызын араластырамыз, және оны ақырындап, жұқалап сотейникке қосамыз.
Кейін үккіштен өткен сырды қосамыз, қатты сортты сыр таңдаған дұрыс болады.
Барлық массаны тұз және бұрыш қосып, дәмін келтіреміз.
Алынған қоспаны 7-8 минут тоқтаусыз араластыра отырып қайнатамыз, Дайын соусқа қайнатыған креветки, қуырылған саңырауқұлақ немесе сүйікті өніміңізді қосуыңызға болады.
Дайын соусты пастамен бірге беру керек болса, оны суытамыз, столға соусникке немесе соусқа арналған ерекше кесеге салып бреміз.
ІІ. Кіріспе нұсқама (40-45 мин)
1. Жаңа тақырыпты хабарлау, түсіндіру;
2. Құрал-жабдықтарды дайындау: пышақ, тақтай, жұмыс үстелі, орамал.
3. Соус үшін қажетті азық түліктерді аспаздық өндеу;
III. Ағымдағы нұсқама
1.Жұмыс орнын ұйымдастыру, керекті ыдыс-аяқтарды дайындау.
2.Ақ тұздықтарды дайындау технологиясы.
3. Ақ тұздықты ұсыну түрлері
4. Жұмыс орнын жинастыру.
IV. Қорытынды нұсқама(10-15 мин)
1.Өткен тақырыпты қортындылау. жұмыста жіберілген қателіктерді атап өту (көкөністерді кесу формалары).
2.Өте жақсы жұмысты көрсету. Оқушылардық жұмысын бағалау.
3.Келесі сабақтық тақырыбын хабарлау. Қызыл тұздық дайындау және сапасына койылатын талаптар
V. Үй тапсырмасын беру
1. Өткен материалдарды қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |