Сабақ Лексикалық тақырып: Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер. Грамматикалық тақырып: Қажеттілік, мүмкіндік, мүмкін еместік мағыналарының берілуі



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата27.03.2024
өлшемі0.84 Mb.
#496618
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
14 сабақ

Тыңдаймыз. Оқимыз.
8-тапсырма. Мәтін мазмұнын өзіңіз білетін ақпаратпен толықтырыңыз.
 
 
 
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - қазақтың тұңғыш 
ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан 
Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника 
ғылымының докторы (1998), профессор (1997). 
Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 
өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары 
әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын 
бітірген (1979). 
1969 -1975 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено 
командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 - 
1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық 
бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол 
реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен 
ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге 
биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал 
аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
 
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев - 1951 жылы Алматы 
облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. 
1974 ж.- Рига азаматтық авиация инженерлерік институтын 
бітірген, инженер. 1984 ж. - Алматы әуе клубында оқу 
бітірген. 1986 ж. - ұшқыш даярлауын бітіріп, азаматтық 
авиациясының пилоты деген куәлігін алған. 1990 жылдан – 
ғарышқа ұшуға дайындалды. 1991 жылы – «ғарышкер - 
сынықшы» біліктілігін алып шығады. 
Ол ғарышта бірінші рет 1994 жылдың 1 маусымынан 4 
қарашасына дейін «Союз ТМ» ғарыш кемесімен 126 күн 


 
ғарышта болған. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз 
ТМ-27) 
208 
күн 
ғарышта 
өткізген. 
Қазақстан 
Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш – 
ғарышкері. 
2000 
ж. 
техника 
ғылымдарының 
кандидаттық 
диссертациясын қорғаған. Гимнастика және ұшақ спорты 
бойынша КСРО спорт шебері. Қазақстан Республикасының 
Халық қаһарманы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет