Сабақ Лексикалық тақрып: Ел тыныштығы ер қолында Ел қауіпсіздігін сақтау. Тыныштық белдеуі. Шекарашылар қызметі. Ел тыныштығын күзеткен. Шекарашылар туралы бейнесюжет дайындау


Мәтін бойынша сөздік жұмыс, қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз



бет2/3
Дата22.08.2022
өлшемі19.05 Kb.
#460001
түріСабақ
1   2   3
9саб1сем

2. Мәтін бойынша сөздік жұмыс, қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
3. Мәтіннің мағынасын беретін Ер мен ел қорғау деген сөздері бар 5-мақал жазыңыз және жаттаңыз.
4. «Біз қауыпсіз елде тұрамыз ба?» деген хабарлама құрастырыңыз.
Біршама аяқталған ойды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем деп атайды.
Сөйлем құрылысына қарай екі түрге бөлінеді:
1. Жай сөйлем
2. Құрмалас сөйлем .
Жай сөйлемнің түрлері:
Хабарлы сөйлем. Бір құбылыстың не бір оқиғаның жай-жапсарын баяндау, хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Бұйрықты сөйлем деп біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемді атайды. Бұйрықты сөйлем үндеу, шақыру, іске қосу, өтіну, жалыну, кеңес беру, тілек ету магыналарында да айтылады. Мұндайда сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Ал сөйлем шын мәніндегі бұйыру, қатал талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! (Не показывай слезы!). Қарындасым, ондай өтірікті ағаңа айтушы болма! "Сестренка, брату такую неправду не говори!"(Ә.Ә.).
Бұйрықты сөйлем бұйрық райлы етістік арқылы жасалады. Бұйрық райдың 2-жақтың жекеше, көпше түрімен бірге, 3-жагында да айтылады. Етістіктің екінші жағына -шы/-ші жұрнақтары қосылып айтылады. Мысалы: - Жігіттер, қимылдасаңыздар-шы!
(Ребята, пошевеливайтесь-ка!) Тыңда, дала, Жамбылды! "Слушай, степь, Жамбула", Жұмаш, бері кел! "Жумаш, иди сюда!"
Лепті сөйлем адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты айтылған сөйлемдер. Мысалы: Қандай керемет! Бүгін тамаша күн! Қап, әттеген-ай, қылды ғой қылықты! Не деген тамаша!
Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Мысалы: Кімдер таратып, насихаттайды?
1-жаттығу. Бұйрықты сөйлемнің үндеу, шақыру, іске қосу, өтіну, жалыну, кеңес беру, тілек ету түрлеріне мысалдар жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет