4. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс
5-тапсырма. Төменде берілген өлеңді оқып, ой, сөз, істегі ар-ұжданды ұстанудың нәтижелерін (себебі мен салдарын) тауып, айтып беріңдер.
6-тапсырма. «Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды» тақырыбында эссе жазыңдар.
7-тапсырма. Жағдаяттарды шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.
|
|
5.
Топпен ән айту.
Мейірімді көздер-ай!
Сөзі: Шона Смаханұлы
Әнін жазған:Иран Тасқара
1.Жері жоқ шолмаған,
Ғарышқа самғаған.
Қыранның көзіндей,
Қырағы көздер-ай!
Сыр сәуле төгілген,
Даналық көрінген,
Елім деп егілген
Ақылды көздер-ай!
Түбіне сыр тұнған,
Жүрекке бұлқынған,
Сарқылмас нұр құйған
Тұңғиық көздер-ай!
Тұп-тұнық бұлақтай,
Жайнаған шырақтай,
Жаныңның жыршысы-
Мейірімді көздер-ай!
|
|
7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы 23-беттегі «Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» аңыз-әңгімені оқып келу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті
Баяу әсем музыка қойылады.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап аламыз. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
|
|
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Күні:20.09.
Сыныбы: 7А
Оқушы саны:
Тақырыбы: Адамның ішкі әлемі Сабақ № 3
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: ұстамдылық,сабырлылық,төзімділік
Сабақ мақсаты: Ішкі әлемнің тыныштығын сақтау, көркем мінезділіктің негізі туралы түсіндіре отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға «ішкі әлем»ұғымын түсіндіру.
Дамытушылық: жағымды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұстамдылық, сабырлылық, төзімділікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
|
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
5 «Т» ережесін сақтау
Жағымды көңіл күйге келу. Орманға ойша саяхат.
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып,сабырлы болуға тырысыңыз.Қазір біз орманға серуенге шығамыз.Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп,есікті ашқаныңызды,дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.Таза ауаны жұтып,шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз,жәндіктерді басып кетпеңіз.Гүлдердің біріне жақындап,еңкейіп,оның нәзіктігі мен балғындығына зейін салыңыз.Оның иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.Айналадағы бар нәрсені бақылап,ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісін, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы,ағаштар биіктей,қалыңдай түсті .Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз,жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз.Ағашқа жақындаңыз да ,оны діңінен құшақтаңыз.Оның қуаттылығын сезініңіз,ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
1.Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтан 16- беттегі Шәкәрімнің «Ұждан» мәтінін оқып келу.
Ел-жұрт неліктен тыныш ұйықтай алмады?
Адамдардың ұжданмен кездесінен кейінгі мазасыздануының себебі неде?
Ұждан адамдарды қалай дұрыс жолға салды?Олардың ойын, ниетін қалай жақсартты?
Ұжданның ниетін түсінбегендер жағдайдан шығудың қандай жолын іздеді? Неліктен?
Адамдар ұжданға ұялмай, дұрыс жауап беру үшін өз міндеттері мен парыздарын қаолай атқаруы керек екен?
Елдегі тыныш өмір орнауының себебі неде?
Өздерің күнделікті өмірде ұжданды басшылыққа аласыңдар ма?
|
|
2. Дәйексөз
Ар ұялтатын іс қылмас
Абай Құнанбаев
1. Оқушылар барлығы бірге дауыстап оқиды.Қыздар екі рет, ұлдар екі рет оқиды.
2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
3. Дәптерге жазу
4.Оқушылар жауаптарына сүйеніп қорытындылау.
|
Абай Құнанбаев. Қазақтың ұлы ағартушы ақын-жазушысы.
|
3. Әңгімелеу
Жасаған қатесі
Аңыз
Ақсақалдан біреу сұрапты:
-Ақсақал,бұрындары жасап әлі күнге өкінетін қателігіңіз болды ма?
-Иә,-дейді ақсақал,-кезінде үлкен қате жасаған едім,ол жүрегімді отыз жылдам астам күйдіріп келеді.Ол қатемді есіме алған сайын өзіме жер таппай қаламын.
Бәрі аң-таң болады:
-Ол қандай қате еді? Соншалықты не жасаған едіңіз?
-Отыз жыл бұрын қаламызда үлкен өрт шыққан. Жанған базардың ішінде менің де кішкентай дүкенім болатын. Ол кезде мен қала сыртында болатынмын. Елдерден барлық көршілерімнің дүкендері жанып,тек менің ғана дүкенім аман қалғанын естідім. Қуанып «шүкірлер болсын!» деп, құдайға шүкіршілік еттім. Бірақ, бірден жәбірленген басқаларды ұмытып, жеке басымның қамын ойлағаным үшін артынан ұялдым. Дереу тәубе келтіріп, өкінгенімнің белгісі ретінде дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге тараттым. Алайда уақыт өткенімен, сол кездегі бір мезеттік өзімшілдік жүрегімде дақ болып қала берді, сол күнәнің өрті жүрегімде әлі де жанып тұр - дейді қария.
Сұрақтар:
1. Ақсақалды өмір бойы мазалаған не нәрсе?
2. Ар тазалығы дегенді қалай түсінер едіңдер?
3. Ақсақал ішкі тыныштығын қалай тапты?
4. Оқиғадан қандай үлгі алуға болады?
5.Өзің айналаңа қандай жақсылық жасадың? Айтып бер.
|
Халық ауыз әдебиетінен
|
4. Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.
1-тапсырма. Сөздіктерден «ынсап», «әділет», «мейірім» сөздерінің анықтамасын тауып, оқыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.
2-тапсырма. Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла...» сөзін басшылыққа алып, ойларыңды ортаға салыңдар.
3-тапсырма. Өсиет әңгімені оқып, кейіпкерлердің мінезі мен іс-әркеттеріндегі ерекшеліктерге назар аударыңдар. Жаңа үйдің иесінің «Әркім өзінде барымен бөліседі» деген ойын қалай түсінесіңдер? Өсиетәңгімеге қандай тақырып қоюға болады?
|
|
5. Топпен ән айту.
Мейірімді көздер-ай!
Сөзі: Шона Смаханұлы
Әнін жазған:Иран Тасқара
1.Жері жоқ шолмаған,
Ғарышқа самғаған.
Қыранның көзіндей,
Қырағы көздер-ай!
Сыр сәуле төгілген,
Даналық көрінген,
Елім деп егілген
Ақылды көздер-ай!
Түбіне сыр тұнған,
Жүрекке бұлқынған,
Сарқылмас нұр құйған
Тұңғиық көздер-ай!
Тұп-тұнық бұлақтай,
Жайнаған шырақтай,
Жаныңның жыршысы-
Мейірімді көздер-ай!
|
|
7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы 20-беттегі «Мәнді сөздер» мәтінін оқу. 4-тапсырма. 19-бет.
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті
Баяу әсем музыка қойылады.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап аламыз. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |