Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Баспаның кезегін қарау және онымен жұмыс жасау



бет19/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Баспаның кезегін қарау және онымен жұмыс жасау.
Жоғарыда айтылғандай Windows бірнеше программамен қатар жұмыс жасай алады. Олардың бәрі де бір мезгілде баспаға жібере алады. Бұл жағдайда принтер еш нәрсе басып шығара алмайды. Себебі программалар принтердің басу жылдамдығынан артық жылдамдықпен құжатты баспаға жібере алады. Сондықтан да тапсырмалардың кезегін ұйымдастыру керек. Баспаға жіберген соң есептер тақтасында баспа диспетчері іске қосылғанын көрестіп белгі пайда болады. Осы белгіні екі рет шертсе баспа диспетчерінің жұмыс терезесі ашылады. Бұл терезеде баспаға жіберілген барлық құжаттар кесте түрінде тізіліп көрінеді.
Әрбір жолда баспаға жіберілген құжаттар қалып-күйімен бірге көрсетіледі. Осы орналасу реті бойынша құждаттар баспаға да шығарылады. Баспа кезегіндегі құжаттармен барлық әрекеттер Принтер меню командасы арқылы орындалады. Бұл команданы таңдап, принтерді басқару менюін ашуға болады. Мұнда баспаны тоқтатуға немесе жаңартуға, кезектен құжатты алып тастауға, баспа параметрлерін баптауға және басқа да әрекеттерді іске асыруға болады.
Барлық кезекті басқарудан басқа, кезектегі әрбір құжатты жекелей де басқаруға болады. Ол үшін кезектегі құжатты белгілеп, маустың оң жағын шретіп, шыққан динамикалық меню сол құжаттың баспасын арқылы басқаруды жүзеге асыруға болады. Мұнда баспаны тоқтата тұруға, жаңартуға, баспаны басынан қайта бастауға, тіпті болдырмауға болады.
Свойства таңдалған құжат үшін баспа ерекшеліктерін, басудың сапасын, бет бағдарын, көшірме санын т.б.-ды өзгертуге мүмкіндік береді.


Әртүрлі принтерлермен жұмыс жасаудың ерекшеліктері.
Принтерлердің қазіргі таңдағы көптүрлілігіне, жұмыс істеу прнциптерінің әртүрлілігіне қарамастан Windows-та олармен жұмыс бірдей орындалады деп айтуға болады. Бір ескерте кететін нәрсе әртүрлі принтерде бір құжат әртүрлі басылуы мүмкін. Бұның себебі, принтер драйверлерінің шримфтілерді әртүрлі түрде қабылдауында. Құжатты басу кезінде құжат нүктелер жиынына түрлендіріледі. Әрбір драйвер құжатты нүктелер жиынына әртүрлі түрлендіретіндіктен қағазға шыққан шрифтілер әртүрлі көрінеді. Осыдан келіп құжат форматы мен бет өлшемі өзгереді.
Қазіргі таңда Windows басқаруымен жұмыс жасайтын принтерлер кең тарады. Бұларды басқа принтерлерден айырмашылығы мұнда кескінді бейнелеуді компьютердің жады мен процессор іске асырады. Бұндай принтер қолдану үшін басқа программалармен бірге принтерді де басқаратын күшті процессор болуы қажет. Егер жүйеге көп салмақ түскен кезде, процессодің қуаты жетпей қалса, қағазға шыққан бейнелер анық болмай қалуы мүмкін.
Лазерлік принтерлердің ерекшелігі олар бетті тұтастай басуды жүзеге асырады. Егер беттегі элементер өте көп болса, дұрыс жұмыс жасау үшін принтердің жады жеттпей қалуы мүмкін. Егер лазерлік принтер құжатты баса алмай қалған жағдайда, құжатты жеңілдету керек немесе принтердің жадын көбейту керек.
Сия бүріккіш принтерлерде сия кеуіп кетіп, басу бастиегін жауып тастауы мүмкін. Түрлі түсті суретті басу кезінде бір түс жетпей қалса, басу бастиегін арнайы программа көмегімен тазалап немесе сия картриджін ауыстыру алу керек.
Сия бүріккіш принтерлердің сапасы қағаздың сапасына тура тәуелді. Жоғары сапалы түрлі түсті кескін алу үшін сия бүріккіш принтерлерге арналған арнайы қағаздарды қолдану керек.
Лазерлік және сия бүріккіш принтерлер түссіз пленкаларда, өзі жапсырылатын қағаздарда немесе тағы да басқа материалдарда басуды жүзеге асыра алады. Мұндай материалдарды қолдану үшін оны арнайы сауда орындарынан алу керек. Сапасыз материал принтердің жұмысын бұзады.
Үй тапсырмасы тақырыпты оқып келу. Келесі сабақта Windows ХР ОЖ-сін орнату туралы болады.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.

10сынып – 11.10 Сабақ № 6


Тақырыбы: ОЖ-ні орнату және баптау.

Сабақ мақсаты: а) ОЖ-ні орнатуды үйрету.


Б) ОЖ-ні ортната алу дағдыларын қалыптастыру.


В) Компьютермен еркін жұмыс жасауға, қиыншылықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі: Windows XP ОЖ-нің орнату компакт-дискісі


Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ ОЖ-ні орнтау және баптау.
Біз бүгін Windows XP ОЖ-сін жаңадан орнатудың әдіс-тәсілдерін үйренеміз. Соның ішінде компьютерде ешқандай ОЖ орнатылмаған немесе бұрынғы орнатылған ОЖ бұзылған жағдайды қарастырамыз.
Бұл жағдайда компьютерді жүктеуді компакт-дискіден жүргізіп, содан соң ОЖ-ні орнатуды бастаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет