Сабақ мақсаты: «Мамандық» туралы түсініктерді кеңейту



жүктеу 188.17 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі188.17 Kb.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №188 Мерзiм 21.ХІ. 2013ж15

Тақырып Мамандық - жетістік мерейі

Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттер еңбекқорлық,төзімділік,жігерлілік,

Мұғалiм Жақсымова Т Класс ХІ Оқушылар саны 12



Сабақ мақсаты:

-«Мамандық» туралы түсініктерді кеңейту.

Мамандық таңдау , оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру

Міндеттері:



*мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
*мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға , еңбек қуанышын сезінуге , өзінің бойындағы

қасиетін тануға жетелеу;
*еңбекқорлыққа , еңбекті қадірлей білуге , табысты болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) үнтаспа, слайдтар


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.( Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ–қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп , кеудеңізге қарай бойлап барады.

Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді , эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп ,сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға , таныстарыңызға бағыттаңыз.

Осы нұр бүкіл әлемге : бар адамдарға , жан- жануарларға , өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.. Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр , Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көздеріңізді ашуларыңызға болады.

Рақмет.

2..Үй тапсырмасын тексеру.

Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» шығармасынан алынған екі дәрігердің қызметіне , өмірдегі қызметі мен тұрмыстық әрекетіне бақылауы түріндегі әңгімесін мазмұндай отырып, мәтіннің соңындағы сұрақтар бойынша өзіміздің ой- пікірімізді білдірейік.

* Адам өз мамандығын таңдаған кезде , нені басшылыққа алу керек?

* Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

Рас, өмірде қателесуге қатаң тыйым салынатын таңдаудың бірі – мамандық таңдау!

«Мамандық » латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау » деген мағынаны білдіреді.Мамандық таңдау әр адамның үлкен қадамы. Өмірлік қадамы. Мамандықты таңдау арқылы үлкен өмірге дайындалады. Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өмірде әрбір адамның мамандық таңдауда қателесуге қақы жоқ.Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп.Әрине таңдау жасау оңай емес.Мамандық таңдауда есте ұстайтын нәрсе:



  1. Өзінің икемі , қызығуы , бейімі бар мамандықты таңдау

  2. Өзіне , қоғамға тигізетін пайдасын ойлау

  3. Мұндай еңбектен шабыт туатынын , өнімді еңбеккке ұласатынын , табыс әкелетінін білу.

Әрбір мектеп бітіруші түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайтын болса, болашағы жарқын болары сөзсіз.



3.Дәйексөз.

Еңбектеніп білім алып , оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.

Б. Момышұлы

Он бір жыл алған білімді сарапқа салып, даңғыл өмір жолына қадам бастап, болашақта қандай маман иесі болатындарыңызға нақты бағдар қоятын кезеңде тұрсыңдар . Сондықтан осы міндет жолында жан – жақты біліммен қаруланып, қоғам сұранысына сай болуларыңыз керек.


4.Әңгімелеу.

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу барынша күрделі жұмыс. Міне, осы тұрғыда сіз өзіңізді қандай типке жататыныңызды анықтап және соған байланысты психологиялық типіне қарай өзіне сай келетін мамандықтың түрлерімен танысып көрейік.

Мен қай типке жатамын? Бірде сен театрға кешігіп бардың, тексерушілер ішке жібермей қояды. Сонда сен мынадай әдіс қолданасың.


    1. «Бұл не тәртіп , билетіміз бар, басталғаны жаңа ғана» деп қарсы сөйлеп ішке кіруге ұмтыласың.

    2. Ішке кіретін басқа жол табасың, басқа есік арқылы немесе сондағы бір танысың арқылы кірмек боласың.

    3. Ештеңе етпес , әдетте бас жағы онша қызық болмайды, арасында бір үзілісте кіріп кетерміз деп ойлайсың.

    4. «Үнемі жолым болмайды, бір келгенім еді, оның өзі сәтсіз аяқталды» деп ренішпен үн қатып, үйіңізге қайтасыз.

Холерик

Сангвинник

флегматик

Меланхолик


Телеоператор

Әртіс


Журналист

Ұшқыш


Каскадер

Кәсіпкер


Дипломант

менеджер

мұғалім
сатушы


инженер- технолог
ізкесуші
жүргізуші
тәрбиеші
заң қызметкері

бухгалтер

агроном
электрик


инженер
экономист
математик
дәрігер
аспазшы

суретші


модельер

мал дәрігер

геолог
радиомеханик
зоотехник


Болжау жасау Кім қандай мамандыққа лайықты?

  1. Мұғалім

  2. Есепші

  3. Дизайнер

  4. Мұнайшы

  5. Технолог

  6. Аспазшы

  7. Жүргізуші

  8. Мал дәрігер

  9. Суретші

  10. Экономист

  11. Елші

  12. Журналист

  13. Заң қызметкері

  14. Әртіс

  15. Электрик

  16. Дәрігер

  17. Модельер

  18. Тәрбиеші

5.Шығармашылық жұмыс.

Өзі келіспейтін тұжырымды берілген тұжырымдардан бөліп алып, ойын жазбаша түрде дәлелдеу

  • Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

  • Мамандық адамның қабілетіне , бейімділігіне байланысты.

  • Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады.

  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.

  • Жақсы білім алу үшін , қымбат оқу орнына түсу керек.

  • Ақша болса мамандық қажет емес.

  • Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.

  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы.

6.Топпен ән айту.

Қандай қоғамда,қай елде болмасын ел болашағының іргетасы саналатын жас ұрпақтың әліппеден басталатын білім әлемінің темірқазығы – ұстаз екендігі баршамызға белгілі сондықтан бүгінгі сабақта айтатын әніміз ұстаздарға арналады.

Ұстазым

Сөзі: А Шамкеновтікі



Әні : Ә. Еспановтікі

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы :

Ұстазым менің , ұстазым

Өзіңмен өткен қыс- жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің , ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім , жана бергім!

7.Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы 71 - бетте берілген І. Есенберлиннің «Махаббат мейрамы» атты ойжазбасын оқып мазмұндау.



8.Соңғы тыныштық сәтi. Көздеріңді жұмып осы сабақта болған барлық жақсы нәрселерді, біз айтқан тілектерді жүректеріңізге қондырыңыздар.

Осы сабақтан алған жақсы әсерлерің мен білгендеріңді есте сақтап, еліміздің ертеңгі тірегі , сенім артар болашағы саналатын , келешек маман иелері, өз мамандықтарыңызды жүрек қалауларыңызбен таңдауларыңызға тілектеспіз!

Сабақтағы белсенділіктерің үшін рахмет!

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №188 Мерзiм 26.ІІ. 2014ж № 24

Тақырып Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттер адалдық,сезімталдық, мейірімділік

Мұғалiм Жақсымова Т Класс Х Оқушылар саны 12



Сабақ мақсаты:

-махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

*адамның ең жоғары нәзік , қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық , мәнін ұғындыру;
*ұнату , алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;
*сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) үнтаспа, слайдтар


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ–қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді.Оның аты дәл сендердікіндей.

Колдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын көріңдерші.

Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» ,- деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар.

Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтады. Оны тек өзіміз ғана ести аламыз. Жүректеріңе іштей рақмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін.

Сезіндіңдерме ол одан бетер қатты соғып кетті. Ол естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар. Енді жаймен көздеріңізді ашуларыңызға болады.Рақмет.



І1.Үй тапсырмасын тексеру.

С. Мұратбековтың «Оқып үйренейік» айдарымен берілген мәтінін мазмұндай отырып, мәтіннің соңындағы сұрақтар бойынша өзіміздің ой- пікірімізді білдірейік.

* Сатайдың әрекетін қалай бағалайсыз?

* Егер танысыңыз сізді ұнататынын еш бүкпесіз айтса , қалай қабылдар едіңіз?

* Ұялу қандай адамдарға тән қасиет деп ойлайсыз?

Рас, жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз баланың арасынағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым – қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді.Жүрегіне балауса сезім , алғашқы махаббат ұялаған жан ерекше көңіл – күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен , іңкәр көңілмен қарап , нәзік сезімін білдіруге тырысады екен. Алғашқы махаббат , балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан туындайды. Албырт сезім адамгершілік қадір – қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады.



ІІІ.Дәйексөз.

Сүйіспеншілік -жүректен.



Ш. Құдайбердіұлы

Дұрыс айтасыңдар балалар, адам жүрегі махаббатқа , сүйіспеншілікке толы болса ғана, мейірімділік, кеңпейілділік, адалық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Өмірді сүю, отанды , туған жерді сүю, білімге құштарлық та жүректен шыққан сүйіспеншілікке байланысты болады.





ІҮМұғалімнің әңгімелеуі

Қаланың қызы



Т. Есжанов

*Әңгіме не туралы?

* Талғат пен Розаның достық сезімдері неге ұласты?

* Алғашқы махаббат, балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан туындай ма?

* Егер біреуді ұнатсаңыз , сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?



Ү. Шығармашылық жұмыс.

Ақылдың алты қалпағы:

1.Қызыл қалпақ-түйсік

Менің түйсігім махаббат туралы не дейді?

2.Ақ қалпақ- фактілер

Махаббат туралы менде қандай ақпарат бар?

3.Сары қалпақ – позитив

Махабаттың жағымды тұстары қандай?

Маған не ұнайды?

4.Қара қалпақ - Жағымсыз

Махаббатта кемшілік бола ма?Қандай проблемалар бар?

5. Жасыл қалпақ – Креатив

Менің махаббат туралы идеаларым.Махаббаттың қандай баламалы түрлерін ойлап табуға болады?

6. Көк қалпақ- Шолу

Менің махаббатыммен әлем қалай өзгереді?

ҮІ. Тақырыптың түйінді сөздері

Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?

Сөздер банкісі Біздің тақырып





Ұлы сезім, салауаттылық , адалдық, сағыныш, шексіз бақыт,асыл сезім,жүрек,

қайырымдылық, жан жылуы,сенім,жомарттық , сүйіспеншілік, көңіл- күй,шаттық, күн, тіршілік,

ұнату,ғашық болу, достық





ҮІІ.Сергіту сәті

«Поэзия минуты» / оқушылар бірінен соң бірі 1 шумақ өлеңді жатқа айтады.

ҮІІІ.Топпен ән айту.

М. Шахановтың «Гүлдәурен»әнін бірге орындаймыз

Асау өмір арнасында ,

Шалқып сәби сезімменен.

Он жыл мектеп партасында ,

Бірге өткіздім өзіңменен.

Сездіруге батпадым да,

Бала махаббатымды.

Терезеңнің жақтауына,

Ойып жаздым атымды.

Елес беріп келешігің,

Қимасыңа баладың ба.

Қоштасарда неге сенің,

Жас толқыды жанарыңа.

Сездіруге батпадым да,

Бала махаббатымды.

Терезеңнің жақтауына,

Ойып жаздым атымды.



ІХ.Үй тапсырмасы.

А)Оқулықтағы 110 - бетте берілген К. Мырзабековтың «Отаныңа қызмет ет!» атты өлеңін оқып ,

мазмұндау.

Мәтін соңындағы сұрақтар бойынша ой- пікірлерін білдіру



Б) Сезімге сенесің бе? / сауалнама толтыру/

Х.Соңғы тыныштық сәтi.

Көздеріңді жұмып осы сабақта болған барлық жақсы нәрселерді, өмірге , отанға , туған жерге , анаға , досқа деген сүйіспеншілікті жүректеріңізге қондырыңыздар.

Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

Осы сабақтан алған жақсы әсерлерің мен білгендеріңді есте сақтап, махаббатқа тек адамзаттық құндылық ретінде қарап, қастерлеулеріңе тілектеспін!

Сабақтағы белсенділіктерің үшін рахмет!

Жақсымова Тұрсын

Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы , Жалағаш ауданы

188 орта мектеп













Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп №188 Мерзiм 4.ІІІ. 2014ж № 23

Тақырып Денім сау болсын десең

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер мейірімділік ,адалдық, ұқыптылық

Мұғалiм Жақсымова Т Класс ҮІ Оқушылар саны 18
Сабақ мақсаты:

Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

*оқушыларға адам денмсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;
*оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
*өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) үнтаспа, слайдтар


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ–қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді.Оның аты дәл сендердікіндей.

Колдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын көріңдерші.

Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» ,- деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар.

Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтады. Оны тек өзіміз ғана ести аламыз. Жүректеріңе іштей рақмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін.

Сезіндіңдерме ол одан бетер қатты соғып кетті. Ол естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар. Енді жаймен көздеріңізді ашуларыңызға болады.

Рақмет.

І1.Үй тапсырмасын тексеру.

«Зиянды әдеттер» мәтінін мазмұндап , мәтін соңындағы сұрақтар бойынша ой-пікірімізді білдірейік.

* Зиянды әдеттерге нелер жатады?

* Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

*Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

* Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

Міне , балалар адам денсаулықтың арқасында бар мақсатына жетеді, білім алады, еңбек етеді, үй салады, отбасын құрады, дүние жинайды.

Осы мақсатына еш кедергісіз қол жеткізген адамның көңіл – күйі көтеріңкі , өмірі бақытты болады.

Өкінішке орай денсаулықтың қадірін кей жағдайда түсінбей жатамыз, басты байлығымыз екендігін бағаламаймыз.

«Денсаулық – зор байлық » деп дана халқымыз бекер айтпаған . Деніміз сау болу үшін көп қаржының , алысқа барудың , аспанға ұшудың , қиын сұрақтарға жауап берудің қажеті жоқ .

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп , азаматтардың денсаулығына , қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Ендеше денсаулықты сақтау өз қолымызда екен.

Мен және ата- аналарың сендердің алып жүректі , мейірімді , ұқыпты, білімді, дендерің сау болып өскендеріңді қалаймыз.


ІІІ.Дәйексөз.

Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі



Т. Карлейль


ІҮМұғалімнің әңгімелеуі

Он жеті жасар қария”



А.Дорохов.

Сұрақтар беріп талқылау:

  • Әңгіме не туралы?

  • Бозбала неліктен уақытынан ерте қартайды?

  • Мұндай жағдайға ұшырамау үшін не істеу қажет?

Ү. Шығармашылық жұмыс.

/оқушыларды І;ІІ;ІІІ топқа бөлу/

І топқа тапсырма ВЕНН диаграммасын құру.

Ауру адам Сау адам

ІІ топқа тапсырма Бес жолды өлең құрастыру. «Денсаулық»

ІІІ топқа тапсырма «Денсаулық» сөзіне мақал – мәтел құрастыру.

Д-

Е-

Н-

С-

А-

У-

Л-

Ы-

Қ-

ҮІ. Тақырыптың түйінді сөздері

Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?

Сөздер банкісі Біздің тақырып





Салауаттылық, тазалық, спорт, арман, еңбек, шынығу,өнер, темекі,байлық, зиянды әдет, ризашылық, ойын,ақыл, күн тәртібі, тамақтану, денсаулық,





ҮІІ.Сергіту сәті

«Сөздер тізбегі» / оқушылар сөздің соңғы буынынан жаңа сөз ойлап табады.

ҮІІІ.Топпен ән айту

«Толағай» әнін бірге орындау.

Жанұямыз-сәніміз

Жарасымды әніміз

Тартысына “Толағай”

Атсалыстық бәріміз

Әкеміз бен анамыз

Қамқоршымыз, панамыз

Ақылынан жан-жақты

Үлгі-өнеге аламыз

Қайырмасы:

Біз Толағай, Толағай,

Тау көтерген баладай.

Ұмтыламыз жеңіске,

Қиындыққа қарамай.

Алға, достар, бастаңдар,

Ақ көңілдер, аспандар.

Бас иеді біздерге,

Асу, асу асқарлар.

ІХ.Үй тапсырмасы.

А)Оқулықтағы 87- бетте берілген Абайдың «Он жетінші » қарасөзін оқып, мазмұндау.

Мәтін соңындағы сұрақтар бойынша ой- пікірлерін білдіру

Х.Соңғы тыныштық сәтi.

Көздеріңді жұмып осы сабақта болған барлық жақсы нәрселерді, біз айтқан қайырымдылық пен мейірімділікті өз жүректеріңізге қондырыңыздар. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

Осы сабақтан алған жақсы әсерлерің мен білгендеріңді есте сақтап, денсаулықтарыңа көңіл бөліп үнемі көңіл күйлерің көтеріңкі болсын! Сабақтағы белсенділіктерің үшін рахмет!

Жақсымова Тұрсын

Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы , Жалағаш ауданы

188 орта мектеп




Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Аққыр ауылы,№188 орта мектеп

Кең даламдай кең болам,

Жақсылармен тең болам.

Жеңімпазы жарыстың ,

Жомарт Дана мен болам!

Жарыстарды ойладым,

Қызығына тоймадым .

Құтты болсын достарым,

«Алтын жүректей » тойларың

Жомартқызы Дана

2 сынып оқушысы

Бөбектердің анасы

Ризамыз барыңызға , бағыңызға,

Ақ ару қазағымның , қамқор қызына .

Аруана бөбектердің анасы деп,

Жас ұрпақ бас иеді алдыңызға.

Ақ ұлпа бөбектердің тіліндесіз,

Тілінде, жүрегінде, гүліндесіз.

Табиғи татымы бал ізіңізбен,

Жүресіз әрқашанда күлімдеп сіз.

Көгілдір мөлдіреген аспаныңыз,

Қамқорлық туа біткен басты әніңіз.

Киелі, қасиетті ,әдемі боп,

Істерді игілікті бастадыңыз.

Мейірімді даналықпен көрсеттіңіз,

Өмірге тәрбиелеп үйреттіңіз.

Енгізіп « Өзін- өзі тану» пәнін,

Балаға сара жолды үлгі еттіңіз.

Күміс қыс жыл айналып келе берсін,

Қуаныш сағаттары соға берсін.

Мың жасап елбасымен , халқыңмен де,

Айналаң алғыс – нұрға тола берсін.

Аймұрат Мерует

11 сынып оқушысы

Құрметті Сара Ана!


Сіз барша Қазақстандықтардың анасысыз.Сіз Ару анасыз.

Бүкіл әлемнің әдемілігі , бар тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен өзектесіп жатады.

Сіз ұлы даланың даңқын асырып , рухы биік, сайын сахараның сән мен салтанатысыз.

Ел тарихында бір отбасының , не бір әулеттің ғана емес , бүкіл бір халықтың анасына айналған аяулы жансыз.

Сізге ерекше мейірімнің шуағы, шұғылалы сезім мен даналықтың нұры тән.

Енді міне ,сіз ұсынған «Өзін - өзі тану» менің сүйікті пәніме айнала бастады.

Бұл пән менің жүрегімнен басқа пәндер сияқты орын алды.

Себебі: «Өзін - өзі тану» оқулығында адам үшін маңызды адамгершілік ұғымдардың мән – мағынасы , адами қарым – қатынасы , кеңпейілділік, кешірімділік, досьтық , жолдастық , сүйіспеншілік ұғымдары туралы толық мәлімет алып қана қоймай олардың барлығының өз бойыңнан табылғанын қалап тұрасың.

Тек мен ғана емес сыныптағы барлық оқушылар бұл сабақты тағатсыздана күтеміз.Өз ойымызды еркін айтып, достарымыздың пікірін тыңдап , қажеттісін өзімізге алуды үйрендік.

«Өмір» деген көштің керуені секілді екенін біліп , сол көштен қалмай өз алдымызға дұрыс мақсат қоя білуге талпынудамыз.

Менің «Өзін - өзі тану» пәні туралы өз ойымды мына ақ парақ бетіне түсіріп жеткізе алар емеспін.

Осындай құнды оқулықтың әр баланың қолына тиіп , өзіне қажетті құнды мәліметтерді біліп , оны өз өмірінде қолдануларына мүмкіндік жасап отырған сізге мың алғыс айтамыз.

Тайшық Ақниет

11 сынып оқушысы





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет