Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет34/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2

4. Мектептің ауа және жылу режимі.
Адам үшін ауаның гигиеналық жағынан таза болуы тек химиялық құрамы ғана емес, сонымен қатар оның физикалық жағы бойынша да анықталады: температурасы, ылғалдығы, қысымы, қозғалысы, атмосфераның электрлік өрісінің жағдайы, күннің радиациясы т.б. Барлық жылы қанды жануарлардың қалыпты жұмыс әрекеті дене температурасының тұрақтылығымен сипатталады. Бұл жағдай жылу панда болу мен болу процестерінің тепе-тендігіне әсер етеді.
Қоршап тұрған ауа температурасының жоғары болуы жылу бөлуді қиындатып, содан кейін дене температурасын көтереді. Тамырдың соғуы және тыныс алу жиіленеді, шаршау үдейе түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Егер адам ауа ылғалдылығы біршама жоғары жағдайда болса, жылудың бөлінуі қиындап, терлей бастайды.
Температура төмен болған жағдайда, адам жылуды көп бөліп, организмге суық тез тиюге себеп болады. Ауаның ылғалдығы жоғары болып, температура төмендеген кезде де, денеге салқын тиіп, ауруға шалдығуы мүмкін. Сондай-ақ организмнен жылудың мөлшерден артық белшу жағдайы, ауаның қозғалыс жылдамдылығына және организмнің өзше де байланысты (ашық машинаға, велосипедке міну).
Атмосфераның электрлік және магнитік өрісі де адамға әсерін тигізеді. Мәселен, ауаның теріс электр иондары, организмге қолайлы әсер етіп, шаршаған кезде тынықтырып, жұмыс қабілетін жоғарылатады. Оң иондары керісінше тыныс алуды тежейді т.б. Теріс иондары қозғалысы, оларды жеңілдеу дейді, ал он иондардын қозғалмалығы аздау - ауырлау. Таза ауада жеңіл иондар көбірек болады, ал ауаның ластану дәрежесіне байланысты иондар шаң-тозаңдарға, су тамшыларына шөгіп, ауыр түріне айналады. Ауа жылы және былғаныш болып, тыныс алуға жарамсыз болады.
Ауада шаң-тозаңнан басқа да микроорганизмдер болады. Әсіресе ауа өтпейтін жабық орындарда жиі кездеседі. Олар бактериялар, споралар, зең саңырауқұлақтар т.б.
Ал бірақ, атмосфера ауасы әдеттегідей ауру туғызатын микроорганизмдердің тіршілік ету орны болып саналмайды. Егер ауру адам бөлмеге келген жағдайда, ол ауру қоздырғыштарын қалдырып кетеді де, ластанған ауа организм үшін қауіпті болып табылады. Мысалы, туберкулезбен, гриппен, дифтериямен және т.б. аурулармен жатқан адамдардың бөлмесіндегі ауа. Сондықтан ауаның таза болуы үшін күресу тек қана табиғат қорғау емес, сонымен қатар адамдарды аурулардан қорғау, денсаулықтарын сақтау болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет