Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет42/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2

6.Витаминдер.
Тамақтың құрамында витаминдер деп аталатын ерекше органикалық заттар болуы тиiс. Көптеген витаминдер ферменттердiң құрамына кiредi. Бұлар жеткiлiксiз болса, организмнiң қызметi күрт өзгередi, соньң нәтижесiнде зат алмасу бұзылып, әр түрлi аурулар байқалады. Тамақтың құрамында қажеттi витаминдер болса, бала жақсы өсiп, қалыпты дамиды. Олардың сыртқы ортанын қолайсыз жағдайларына қарсы тұру касиетi жоғарылайды және сирек ауыратын болады. Тамақ заттарының құрамында белгiлi бiр витамин болмаған кезде авитаминоз байқалады. Ондай жағдай 2-4 және 12-14 жаста жиi байқалады. Сондықтан балалар қабылдайтын тамақтардың кұрамында әр түрлi витаминдердiң жеткiлiктi болғаны жөн.
А витамині. Өсу витамині. Тотығу процестерді, қанның жасалуын күшейтеді. Көру және иммунитет қалыпты жағдайда болу қажет. Тәулікке қажет мөлшері- 2мг. Балық майында, бауырда, бүйректе, жұмыртқаның сарысында, абрикоста, қымыздықта, сары майды, сәбізде көп болады.
Д витамині. Мешел ауруына қарсы витамин. Тәулік мөлшері 15-25микрограмм (мкг). Балық бауырында, майында, сары майда, сүтте, жұмыртқа сарысында, құрғақ сыра ашытқысында болады.
Ғ витамині. Өсу үшін қажет, қан азайған кезде пайдалы. Тәулік мөлшері анықталмаған. Бұл витамин өсімдіктің жасыл бөліктерінде-салат жапырағы, итмұрын жемістерінде болады.
Е витамині. Балалық шақтың ерте кезінде бұлшық ет тканьдерінің өсіп-дамуы мен қызметі үшін қажет. Ғ витамині болатын өнім құрамында кездеседі. Өгіз, шошқа етінде көп.
К витаминi. Қанньң ұюы үшiн қажет. Тәулiк мөлшерi әлi анықталған жоқ. Капустада, сәбiзде, пiспеген томатта, қарағай мен шыршалардың қылқандарында, шошканың бауырында болады. Синтетикалық препарат - викасол қан кету кезiнде пайдаланылады (тәулiгiне 2 мг дейiн).
В тобының витаминдерi. Бұл топқа В1, В2, В3, В4, В3, В, витамнндерi жатады. Тамактың құрамында осы витаминдердiң бiреуiнiң жетiспеуiнен белгiлi бiр ауру байқалады. Мысалы, қажу, іш қатуға бейiмділiк, бұлшық еттiң әлсiреуi, өсудiң баяулауы немесе тоқталуы, терiнiң жарылуы, қан жасалудың болуы, нерв системасынын әлсiреуi т.б. Бұл витаминдер астық және бұршақ тұқымдас өсiмдiктердiң тұқымдарында, орман жаңғағында, капустада, картопта, сәбiзде, томатта болады. Әсiресе, сыра ашытқысында көп болады. Сондай-ақ, жұмыртқаның сарысы, уылдырьқ, бауыр, бүйрек, сүт бұл витаминдерге бай.
Р витамвинi. Никотин қышқылы. Пелларга ауруына қарсы (терiнің зақымдалуы, iштiң өтуi, ақыл-ойдың жетiлмеуi) тұрады. Бұл витамин сутте, бауырда, көкөнiстерде, помидорда болады.
С витаминi. Бұл витаминнiң жетiспеуiнен қырғұлак ауруы пайда болады. Алғашқы кезде жалпы әлсiздiк, қажу, аяқ ауруы, тiс босау, қызыл иек болу, терi канталау, тағы басқа өзгерiстер байқалады. С витаминi томатта, итмұрын жемiсiнде, көк пиязда, капустада, шпинатта, қара қарақатта, лимонда, апельсинде, мяндаринде, алманын кейбiр сорттарында көп болады. Витаминге қажеттлiк тәулiгiне 50 - 100 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет