Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Киімдер мен аяқ –киімдерге қойылатын талаптар



бет58/64
Дата15.12.2023
өлшемі161.56 Kb.
#486666
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
ok. fiz. damu - darister

4. Киімдер мен аяқ –киімдерге қойылатын талаптар.
Киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелік жағдайы киімге үлкен талап қояды. Баланың жасы неғұрлым төмен болған сайын, киімге қойылатын талап та жоғары, оның түрін, пайдалану жағдайларын, ауа райын, қызмет бабын ескереді. Күн санап өсетін бала организмінің ОНЖ қызметінің толық өз дәрежесінде жетілуіне байланысты, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары көбірек әсер етеді. Мысалы: температураның төмендеуі, радиацияның қалыптан жоғары болуы, метерологиялық, жауын-шашындан, шаң-тозаңдар. Сондықтан организмді әр түрлі факторлардан қорғау үшін киімнің маңызы зор. Киім белгілі тәрбиелік қызмет атқарады, балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық талғамдарын қалыптастырады. Сондықтан балалар киімін тігуде және оған гигиеналық жағынан баға беруде матаның ерекшелік қасиеті мен пішілуін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар бала организмінің функциялық ерекшеліктерін, нақты айтқанда, жылу бөлінудің реттелуін ескерген жөн.
Киімге жататындар: іш киім, сырт киім, бас киім, аяқ киім,. Бұлар жыл мезгілдері мен климат жағдайларына тәуелді пайдаланылады. Жыл мезгілдерінің суық күндерінде киім жылуды сыртқа көп шығармауы, ал ыстық күндерінде жылуды бөлуге кедергі жасамауды қамтамасыз етеді.
Іш киімге трусилер, колготкилер, майкалар, іш көйлектер жатады. Гигиеналық жағынан ең жақсысы- өңі ашық трикотаждан /мақтадан тоқылған, матадан жасалған іш киім. Мұндай маталардың ерекшелік қасиеті олардың жұмсақтығында, серпімділігінде, ауа өткізгіштігінде. Іш киім денеден бөлінетін әртүрлі өнімдер мен су буын өзіне сіңіріп, денені тазалықта ұстайды. Сонымен қатар тері өнімдерін киімнің 2-ші және сыртқы қабаттарына қарай өткізбей, ұстап қалады. Іш киім ауыстырып отыру оның кірлену дәрежесіне байланысты. Балалар киімі қимыл-қозғалыстарына ыңғайлы, денелеріне шақ, тар болмай, бойларына дәл болуы тиіс. Әрі берік, кірлегенде оңай тазаланатын болғаны жөн. Дене киімдерінің басқа түрлері жыл мезгілдерінің маусымдарына сай тігіледі. Оқу жұмысына және спорт ойындарына арнайы 1954 жылы жалпыға бірдей мектеп формасы енгізілген. Соңғы кездерде ол бірнеше рет өзгерді. Қазіргі кезде қыздар үшін мектеп формасы жүннен тоқылған матадан жасалған көйлек болып саналады. Ал ұлдар үшін костюм, жеңіл куртка, шалбар.
Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін 4 топқа бөледі: сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім. Оқушылардың сыртқы ауыр жылы киімі (пальто, тон, жылы курткалар, малақай) жеңіл, жылы, баланың денесіне сай болу керек. Шектен тыс жылы киіну баланы ыстықтатып, терлеуіне, көңіл-күйінің, еңбегінің нашарлауына себеп болады. Тым жылы киінген балалардың суық тиіп, қабыну ауруларына үшырауы жиі кездеседі, оларда тез "тер қатады
Сыртқы жеңіл киім (костюм, көйлек) баланың денесіне ықшам, қозғалысына қолайлы, жеңіл, мықты, әсем және таза болуы тиіс. Оның түрлі физикалық және химиялық қасиеттері гигиеналық талапқа сай, тігістері, түймелері, белбеулері денеге батпайтын, қан тамырлары мен көкірек қуысындағы мүшелердің қызметіне кедергі жасамайтын, ыңғайлы болғаны жөн. Жазғы ыстықта ауа райына сай өте жеңіл, күн сәулесін жақсы шашырататын, ауаны жақсы өткізетін киім киеді. Ондай киімдер мақта жіптен, табиғи жібек жіптерінен тоқылған маталардан тігіледі.
Iш киім табиғи жіптен тоқылған маталардан тігіледі. Ол әрі тер сіңіргіш, әрі жылу өткізгіш маталардан тігіледі. Іш киімнің тазалығы организм үшін өте маңызды, сондықтан оны мезгілімен жуып, тазартып отырған дұрыс. Жазда іш киімді жұмасына 2-3 рет, ал қыста 1-2 рет ауыстырып таза киіну керек.
Аяқ киімдердің гигиеналық жағынан барлық талаптарға сай болуы қажет. Аяқ киімдерді тігетін материалдардың әрі жұмсақ, әрі ауа өткізгіштік қасиеттері еске алынады. Аяққа қонымды, жүруге ыңғайлы болғаны жөн. Өкшелері биік болмауы керек: мектеп жасына дейінгі -0,8см, төменгі класс-1-2см, жоғары класс- 2-3см аспау қажет. Биік өкшелі 4см жоғары аяқ киімді күнделікті киіп жүру қыздар үшін зиянды, себебі жүруді қиындатып, дененің салмақ орталығын алға қарай ығыстырады. Сонымен бірге бел бүгіліп қалыптасады да жамбас сүйектің орналасу жағдайы өзгеріп, бөксенің кішіреюіне әсер етеді. Биік өкше әрі тұрақсыз, табан алға қарай ығысып, оның алдыңғы бөлімі кеңейе түсіп, саусақтар қысылып, қисая бастайды. Соның нәтижесінде қан айналу процесі бұзылып, аяқтың қалыпты өсуіне кедергі болады.
Мектеп оқушылары күзде және көктемде резинадан жасалған аяқ киім киеді. Бірақ оны күнделікті, ұзақ кимеу керек. Ондай аяқ киімге ауа өтпейді, аяқ тершең болады. Аяқ киімнің ішкі бетіне тер жиналып, аяқты екінші рет суландырады. Ал киген жағдайдың өзінде ылғал тартатын ұлтарақ салып немесе жүннен тоқылған носкимен киген дұрыс.
Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы. Тар аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық түрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шүлық киеді. Мұндай өте жылы аяқкиімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1-1,5 үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек. Бас киімнің жыл мезгілдерінің маусымдарына сай болғаны жөн. Соңғы жылдары оқушылар мен жас өспірімдер ауа райының салқын күндері бас киімсіз жүруге құмар. Ол дұрыс емес. Ауа температурасы төмендеген кезде мидағы ұсақ қан тамырлар тарылып, қанның қалыпты жүруі бұзылады. Соның нәтижесінде ми клеткаларында қабыну процесі пайда болып, кейде ауруға шалдығуы мүмкін. Ойлау және еске сақтау қабілетіне әсерін тигізуі ықтимал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет