3-тапсырма
Ғалым пікірін оқы. Кестені толтыр.
Ғалым пікірі
|
Менің көзқарасым
|
Аққуды атпау –атадан балаға жалғасып, жеткен жақсы жоралғы, жарасымды дәстүр ғана емес, адамгершілік асыл қасиет заңы, сұлулықты сүйе білудің, бағалай білудің үздік үлгісі. Аққуға оқ ату - күллі қасиетке оқ ату. Халық түсінігінде аққу – қасиетті құс, киелі ұғым. Сондықтан оған суық қару оқтамаған, оқтатпаған. Әңгіме әлдеқандай ырымда емес, ұнасымды ұғымда. Қасиетті қастерлеп, сұлулықты сақтай білуде. Табиғаттың тұнып тұрған сырлы суретін сүттей ұйыған күйінде қорғап қалуда.
Біздіңше, поэмада автордың айтқысы келген екі бірдей сабақтас идея бар. Оның бірі – қасиетке оқ атпау, тәтті тыныштық шырқын бұзбау, яғни адамгершілік пен ізгілікті дәріптеп, уағыздау болса, екіншісі –қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашыр, қамқор болу. Түйіп айтқанда, сұлулықты сүю, сақтау қасиеті. Автордың айтар ойы, көздеген нысанасы, алтын арқау идеясы – осы.
Ж.А. Аман, Р. Садықбеков
|
|
4-тапсырмаЖЖ.
«Төрт сөйлем» тәсілі
Ананың іс-әрекетін қалай бағалар едіңіз?
1. Пікір. Ананың іс-әрекетіне байланысты өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен білдіріңіздер.
2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.
3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |