Сабақ Мақсаты: топырақты агрохимиялық талдау


Топырақ құрамындағы қоректік элементтер қосылыстарының түрлері және олардың мөлшерін анықтау



бет2/4
Дата11.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480413
түріСабақ
1   2   3   4
ПРАКТИКА 5

Топырақ құрамындағы қоректік элементтер қосылыстарының түрлері және олардың мөлшерін анықтау


Жұмыс барысы: Топырақтың агрохимиялық талдау нәтижелерін дұрыс пайдалану үшін оның құрамындағы негізгі қоректік элементтердің қосылыстарының түрлері мен мөлшерін білудің маңызы зор.
Азот өсімдік үшін негізгі қоректік элементтердің бірі. Топырақтағы азоттың 5%-ы гумус құрамында бола- ды. Азоттың жалпы қоры органикалық заттар мен гумус мөлшеріне тікелей байланысты. Қазақстан топырағының жыртылатын қабатында жалпы азот мөлшері 0,05%-дан 0,5%-ға дейін ауытқып отырады. Азоттың жылжымалы формасына жеңіл ыдырайтың азот қосылыстары жатады. Жеңіл ыдырайтын азот қосылыстары дегеніміз топырақ құрамындағы аммоний, нитрат иондарының тұздары мен жақын аралық мерзімде минералды күйге ауысуға бейім азотты органикалық заттардың (амидтер мен аминдер) жиынтығы. Жеңіл ыдырайтын азот өсімдіктің азоттық қорегінің көзі болып саналады және оның мөлшері көктемнен күзге қарай азаяды. Ал өсімдіктің қоректеуіне қажетті мине- ралды азот қосылыстары (аммоний мен нитрат иондарының тұздары) органикалық заттардың биохимиялық жолмен ыдырауынан түзіледі. Олардың мөлшері топырақ реакция- сына, температурасына, ылғалдылығына, агротехникалық шараларға, қолданылатын тыңайтқыш түріне қарай өзгеріп отырады.
Фосфор өсімдік тіршілігіне қажет, әрі маңызды биогендік элемент. Топырақтағы фосфордың жалпы мөлшері оның механикалық құрамы мен органикалық заттардың қорына байланысты 0,01 -0,2% аралығында болады. Топырақта фосфор түрлі органикалық және минералдық қосылыстар құрамына енеді. Фосфордың минералдық қосылыстарына апатит, фосфорит, темір, алюминий, кальций, магний тұздары, органикалық фосфорға нуклеопротеидтер, нуклеин қышқылдары, қант фосфаттары, фитин, фосфатидтер жата- ды. Фосфордың бұл екі түрінің мөлшері мен арақатынасы топырақ түріне қарай өзгеріп тұрады (34-кесте). Минералдық фосфаттар құрамы топырақ типіне бай- ланысты өзгереді. Ғалымдар топырақта фосфордың мине- ралды қосылыстарының 200 түрі кездесетінін анықтады. Карбонатты топырақта кальций, реакциясы әлсіз қышқыл топырақта кальций, алюминий, темір, ал қышқыл топырақта алюминий мен темір фосфаттары басымырақ болады.



Топырақта органикалық фосфордың 2% нуклеин қышқылы, 1%-ы фосфолипидтер және 35%-ы – инозитфос- фаттар, қалған бөлігі гумус құрамына кіреді. Өсімдіктер сілтілі ортада органикалық, ал қышқылды ор- тада минералдық фосфорды жақсы сіңіреді. Жалпы топырақтың фосформен қамтамасыз етілу деңгейін жылжымалы фосфор мөлшері бойынша бағалайды (35-кесте). Топырақта жылжымалы фосфордың шоғырлануы оның физикалық, химиялық қасиеттері, су, ауа, жылу режимдері, биологиялық белсенділігі және тағы басқа факторларға бай- ланысты болады. Өсімдіктер шамамен топырақтағы жылжымалы фосфордың 40%-ын пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет