Сабақ: мектеп: Күні Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқан саны



бет22/89
Дата19.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477965
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89
5 ұл ҚМЖ

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология
Өткен тапсырмаларды еске түсүру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
1 кезең
Сабақтың ортасы
2 кезең

Қазақ халқының дәстүрлі сәндік қолданбалы өнер түрлері. (МК) Оқушылар қазақ халқының дәстүрлі сәндік қолданбалы өнер туындыларымен танысады, мысалы; торсық,көрпе,ожау.
Бұйымдардың үлгісін көрсетіңіз. Мысалға: торсық, көрпеше, ожау және т.б. Алуан түрлі идея беру мақсатында әр түрлі техникаларда орындалған, түрлі материалдардан жасалынған бұйымдарды көрсету арқылы дәстүрлі ұлттық қолөнерлерін көрсетуге болады. Оқушылардың жеке және топтық орындалған жұмыстарының нәтижелерін балама әдістері арқылы ( мысалға, жазбаша немесе ауызша түрде кері байланыс, көрнекі бейне құралдары, сандық суреттер көмегімен, алдыңғы іс әрекет туындауына байланысты) ұсынулары мүмкін. Топтық жұмыс барысында оқушылар ішінара рөлдік қызметтерін және міндеттерін айқындайды. Жұмыс барысында барлық топ мүшелері қамтылуы маңызды.
Мұғалім жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, керек болған жағдайда көмек көрсетеді. Оқушылар кейбір материалдарды кесу үшін өткір немесе ұшты жүздер пайдаланатындықтан еңбек тазалығы мен қауіпсіздік ережелерін естеріне сала кету керек. Өз өзін бағалау мүмкіндіктері; оқушылар жұмыстарын жетілдіру мақсатында жеке тақырыптарды (мұқият қарау, материалдарды дамыту, техникалық дағдылар) талдап, жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын анықтап, түзетулер еңгізу. Бүкіл сынып алдыңда талқылама жасамас бұрын, оқушылар жұпта талқылап алуға болады.

Суретшілер жұмыстарының көшірмелері
И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар Абжанова
Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар / Nature of Kazakhstan
https://www.youtube.com/watch?v=DWysE0u_kZ0
https://www.youtube.com/watch?v=YDRPEXGOtJU

Сабақтың соңы



Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.
(Ұ) Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдарды, олардың атауы мен қолданылуын қарастыруға ұсынады.
Ұсынылған бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс? Олар қалай аталады?Олардың қолданылуын түсіндіріңіздер. Олар қандай материалдан жасалған?Олардың пішіні, түсі мен фактурасы қандай?
(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.




Сабақтың соңы
2-мин
кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет