Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет2/2
Дата10.05.2023
өлшемі31.69 Kb.
#473454
түріСабақ
1   2
Мамандықтар әлемі

Сабақтың аяғы

4. Қорытындалау
- Сонымен бүгін қандай мамандықтармен таныстық?
- Оқушылар. өздерің өскенде кім болғыларың келеді? Ендеше, сыныбымыздағы болашақ дәрігер, солдат, аспазшыны ортаға шақырайық. /оқушылар/ мамандықтары жөнінде әңгімелейді/
1-оқушы:
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы көремін.
«Дәрігермін» мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
«Көп – көп ішіп дәріні,
Кәрілікті жең», - деймін.
2-оқушы:
Ар – намысын сақтаған,
Жүректе сыр жаттаған.
Жан тәніммен ел қорғап,
Солдат болғым келеді
3-оқушы:
Балаларға, сәбиге,
Тәттілерді беретін.
Ас даярлап күн сайын,
Мен аспазшы боламын.
- Оқушылар, біз күнде мектепте қандай маман иелерін көреміз? Ал балабақшада қандай маман иелері қызмет етеді? Сендердің ата – аналарыңның мамандығы қандай?
- Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену қажет. Білімді болу керек екен. Осындай мамандықта жұмыс жасап жүрген үлкен кісілердің, аға- апалардың, ата-аналарыңның еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек.
Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
Білімге терең бойлайық
Оқыған маман шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамды, - деп сабағымызды аяқтаймыз.




Кері байланыс

Бүгін сабаққа барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сол үшін сендерге мынандай жұлдызша таратып беремін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет