Сабақ нөмірі (жұп) 2 Мамандығы-біліктілігі



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі26.27 Kb.
#457438
түріСабақ
1   2   3
2 Сауда залының жиһазына қойылатын талаптар

ЖиҺаздың аты

Орындар саны мен кәсіпорындар үшін жарақтандыру нормасы




75

100

150

200

1

Алты орындық жылжымалы мейрамхана үстелі




8

12

16

2

Төрт орындық мейрамхана үстелі

10

12

19

25

3

Екі орындық үстел

8

10

15

20

4

Жартылай жұмсақ орындық

86

116

178

236

5

Даяшыларға арналған үстел

5

6

8

10

6

Даяшыларға арналған стейшн

6

8

12

16

7

Бар стойкасы

-

-

-

1

8

Барға арналған табуретка стойка

-

-

10

15

9

Журнальный үстелі

-

-

2

2

10

Кресло

-

-

6

6

Ескертпелер:
1. Люкс және жоғарғы деңгейлі мейрамханаларда орындықтардың орнына жұмсақ креслоларды бірдей норма бойынша пайдалануға болады.
2. Бірінші дәрежелі мейрамханаларда ағаш үстелдер мен орындықтарды полэфирмен қапталған төрт орындық жиһаз жиынтығымен ауыстыруға болады.
Қазіргі уақытта температура мен ылғалға төзімді полиэфир жабыны кеңінен қолданылады. Көбінесе беріктікке арналған үстел жақтауы металдан жасалған.
Қосалқы (қызметтік) үстелдер. Мейрамхана залында даяшылар бұл үстелдерге подностар, қолданылған ыдыстарды қояды; мұнда олар келушілердің қатысуымен ыдыс - аяқтарды қояды. Банкет үстелі әдеттегідей жоғары (760-780мм) - ені 1200-1500мм. Буфет үстелінің оңтайлы ені - 1100-1250мм, биіктігі 00-1050мм, бұл күрделі сервировка жасауға мүмкіндік береді.
Арнайы банкет және буфет үстелдері болмаған жағдайда тікбұрышты немесе шршы болады. Бұл үшін ең ыңғайлы арнайы жиналмалы үстелдер. Асханаларға, кафелерге арналған үстелдер қабаты пластикпен қапталады, үстелдердің өлшемдері - 650х650 және 600х600 мм.
Доңғалақтарда қызмет көрсетуге арналған жылжымалы үстелдер немесе арбалар тағамдарды асханалық үстелдерге тасымалдауға, тағамдарды беруге және көрсетуге, оларды келушілердің қатысуымен дайындауға арналған. Пайдаланылған ыдыс - аяқтарға арналған арбалар да қолданылады.
Барларда орындықтары бар табуреткалар қолданылады, олар айналады және аяқтарға, кейде артқы және шынтақтарға арналған.
Орындықтар мен креслолар ағаш немесе металл тіреуде болуы мүмкін. Жабын ретінде синтетикалық материалдар қолданылады. Банкеттер кезінде залдың интерьерін безендіретін орындықтар жиі қолданылады.
Стейшн - даяшылардың жұмыс процесінде қажет ыдыс - аяқтың, ас құралдарының, столовый бельеларды сақтауға арналған. Стейшннің жоғарғы бөлігі көмекші үстел ретінде қолданылады, оның тартпалары мен бөліктері бар. Стейшннің ең көп таралған өлшемдері: биіктігі - 900мм, ұзындығы -1000мм, ені - 450мм. Олар әдетте келушілерге қызмет көрсету кезінде ең ыңғайлы, қабырғалардың жанына қойылады.
Сусындарды салқындату, салқын тағамдар қорын сақтау үшін залдарда екі - төрт даяшыға бір шкаф мөлшеріде, тоңазытқыш шкафтар орнатылады. тарелкаларды жылыту үшін залда немесе тарату бөлмесінде орнатылған жылжымалы электр кассеталар қолданылады.
Саудалық бөлмелерді тазалау. Саудалық бөлмелерді, вестибюльді, банкет залдарын, қосалқы сауда бөлімдерін кәсіпорын жұмысының таңғы және кешкі уақытында тазалайды. Ол әртүрлі шаңсорғыштарды қолданып, ылғалды және де құрғақ тазалау болуы мүмкін. Тазалау реті еден жабындысына байланысты. Егер еденде линолеум, пркет немесе синтетикалық материал төселсе, алдымен жиһаздардың, жабдықтардың, шынтақ сүйеніштердің, панельдердің, декоративті торлардың, жабылатын жылу батареяларының шаңын сүртеді, гүлдерге су құяды, содан соң зал еденін жуады.
Егер едендерде кілем, алаша төселсе, онда алдымен құрғақ тазалау, содан кейін ылғалды тазалау жүргізіледі. Тазалап болған соң желдетіледі. Тазалауды кәсіпорын ашылғанға 2 сағат қалғанға дейін аяқтайды.
Даяшылардың жұмыс күні де бөлмелерді тазалаудан басталады. Олар серванттарды,үстел,орындық аяқтарын,шамдарды, залдағы декоративті заттарды (суреттер рамасын, қуыстар және т.б. сүртеді). Егер үстел беті жылтырлатылған және дастархан жайылмаса, онда майлықтар-торлар қолданылады, оларды қолданғаннан кейін міндетті түрде қайта сүртеді. Даяшылар жылжымалы арбаларды, қосалқы үстелдерді, серванттарды жұмысқа дайындайды.
Туристер тобына қызмет көрсететін залдарда арбалар көп қабатты болуы мүмкін және оларға үстел жаюға арналған барлық қажетті ыдыстарды орналастырады. Төменгі қабатта мата майлық төселген подноста ас аспаптары, ортаңғы қабатта тәрелкелер, қағаз майлықтарға арналған вазалар, тіс тазалағыштар салынған түпқоймалар, дәмдеуіштер салынған аспаптар, күлсалғыштар, гүл салынған құмыралар және үстел безендіруге арналған басқа да заттар қойылады; үстіңгі қабатта беті мата майлықпен жабылып, төмен қаратылған шыны ыдыстар қойылады.
Қосалқы үстелдерде кішігірім дастарқандар төселеді,олардың түс гаммасы интерьердің стильдік шешіміне сәйкес келеді.
Серванттарды жұмысқа дайындаған кезде барлық ашылатын жәшіктер, сөрелердің іші-сыртын мұқият сүртіп, мата майлықтар төсейді. Серванттардың ашылатын жәшіктеріне асхана аспаптары, ал сөрелерде бөлек-бөлек фарфор,шыны ыдыс,ас жаулықтар қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет