|
Мақсатты тұжырымдау.
«Тізім» тәсілі.
Бір бет қағаз бен қалам алыңдар, 2 минут ішінде сақтар туралы не
білетіндеріңді жазыңдар. Еске түскен нәрселердің бәрін жазыңдар. Бастаңдар.
Мұғалім: – Жарайсыңдар, балалар! Сақтар тарихынан көп нәрсе естеріңде қапты. Ал қазір геолог ғалымдардың тапқан жәдігерлерін қараңдар:
баскиімі, қаруы, алтындалған ыдыс.
Бұл жәдігерлер Алматыға жақын орналасқан Есік қорғанынан
табылды. Біздің ғалымдар 1969 ж. осы қорғанды қазуға кірісті. Ол ертеректе тоналған екен. Бір
жақсысы тонаушылар оның бір жақ бүйірінде жерленген сақ
жауынгерінің мүрдесін көрмеген. Ол ғылымға «Алтын адам» деген атпен енді. Балалар, бүгін сабақта не туралы айтатын боламыз? Дұрыс.
Біз «Алтын адам» туралы айтатын боламыз.
|
Ж. Оқушылар тізім құрап, уақыт өткен соң оқиды: Сақтар ежелгі уақытта Қазақстан аумағында тұрған. Томирис – сақ патшайымы. Сақтар Отанын жаулардан қорғаған. Сақтар киімдерінде, әшекейлерінде, қаруларында аңдарды бейнелеген.
Сақтардың артында үлкен қорғандар қалған және т.б.
|
Мадақтау.
|
1 бет қағаз
|