1.2. Сабақ процесінде сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану.
Бұл көрнекіліктерді жаңа сабақ өткенде әр тақырыпқа байланысты пайдаланған өте тиімді. Оқушылар жаңа сабақты теория жүзінде емес, практика жүзінде көзбен көріп, өтілген сабақты ауызша он қайталағаннан гөрі, көздерімен көріп, ұққандары тез есте қалады. Жаңа сабақты өткенде көрнекілік арқылы жаңа сабақты тез ұғып, тез меңгереді. Физика заңдылықтары, Менделеев таблицасы, қазақ тілінің заңдылықтары т. б. күнде ауысып отырмайды, сондықтан бұл көрнекіліктерді жылда керек кезінде көрсетуге болады. Сызба көрнекіліктер әр сабақ сайын қолданылады. Бір ғана сабақта қолданылатын сызба көрнекіліктер де ете жиі пайдаланылады. Ол таныс емес материалдарды нақты түсіндіруге, меңгертуге өте ыңғайлы.
Мұндай сызба көрнекіліктер қазақ тілі бойынша мазмұнына қарай лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау болып бөлінсе, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып келеді.
Лексикалық сызба сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.
Лексикалық сызба мазмұны жағынан әр түрлі болады. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, антонимдер, синонимдер, омонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөзде (неологизмдер) жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақал мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты сызбалар жасалады. Осындай мақсатта жасалған сызбалар лексика саласын өткенде әр тақырыпқа байланысты қолданылып отырады.
Қазақ тілі пәні бойынша жасалған бірнеше көрнекілікті мысалға келтірейік.
Синонимдер
Синонимдік
қатар
|
Мысалдар
|
Қай сөз табы, сұраулары
|
Оқушы,
шәкірт
Аспан,көк, әуе
|
Сағила – Жақыпбектің оқушыларға үлгі ететін адамдарының бірі еді.(М.И.) Мен оны не алтыншы, не жетінші класта оқитын шәкірт бола ма деп жобаладым. (З.Ш.) Кешке қарай аспанды бүркеп
алатын күздің сұр бұлтты ол түні
жоқ еді.(С.М) Көктегі күн жер үстін қарық қылып түр.(С.С) Әуе кемесі дегеніміз — аспанға ұшатын аэроплан. (С.С.)
|
Зат есім. Кім?
Зат есім. Не?
|
Достарыңызбен бөлісу: |