пайдалану.
Жазба көрнекіліктердің түрі - кеспе көрнекіліктері. Бұл көрнекіліктер сабақта жиі қолданылады, оны пайдалану өте ұтымды.
Қазақ мектебіне арналған тұңғыш әліппеде А.Байтұрсынов кеспе көрнекіліктің талай үлгісін берген. Заманның ағымына қарай кейінгі кезде кеспе көрнекіліктер сабақта күнделікті қолданылып отырады.Үлестірмелі кеспе әр оқушының ерекшелігіне қарай жеке жұмыс жүргізуіне өте ыңғайлы. Мысалы, үлестірмелі кеспе арқылы әр оқушыға әр түрлі тапсырма беруге болады. Үлестірмелі кеспе өтіліп жатқан материалдың мазмұнына қарай, әр сабақта пайдаланылады.
Мысалы, тақырыпты өткенде мынадай үлестірмелі кеспе таратып, оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін байқауға болады Бұл үлестірмелі кеспе оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазақ тілінен жасалған бірнеше сызба көрнекіліктерді таныстырып өтейік.
1-кеспе
1. Жүрегі алып ұшты қобалжыды.
2. Төбесі көкке жетті -...
3. Бармағын тістеді.-...
4. Жермен жексен етті.-...
5. Қол ұшын берді. -...
Бұл кеспе арқылы оқушы тұрақты тіркестің беретін мағынасын өздері тауып дәптерлеріне жауабын жазады.
2- кеспе
Мына тұрақты тіркестердің антонимін тап.
1. Жүрек жұтқан .- су жүрек.
2. Иттерісін басына қаптады.-...
3. Жүрегі қарс айырылды. -...
4. Ұшан -теңіз.-...
5. Қой аузынан шөп алмас. -...
3 -кеспе.
Өзара синонимдес тұрақты тіркестерді ойлап жаз.
1. Көз ілмеді, Түн ұйқысын төрт бөлді, Кірпігі айқаспады, Көрер таңды көзімен атырды-ұйықтамады.
2. Жұмған аузын ашпады.-...
3. Төбе шашы тік тұрды. -...
4.Тонның ішкі бауындай . -...
4 - кеспе.
Мына сөздерді тұрақты тіркес түрінде жаз.
1. Тез, жылдам - Сүт пісірім уақытта, Қас пен көздің арасында, Көзді ашып жұмғанша. т.б
2. Қуанды -...
3. Жуас момын -...
4. Жақын, жуық жер - ...
5. Алыс -...
6. Тура айтады -...
7. Сұлу, көркем -...
Бұл кеспелерді оқушыларға таратып, оқушылардың «Тұрақты тіркестер» тақырыбын қалай меңгергендіктерін берген жауаптарына қарай байқап отырады. Кеспе оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, жеке жұмыс жасауына септігін тигізеді. Сонымен қатар сапалы білім алуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |