Сабақ реті: күні Тақырыбы


Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні



бет2/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.82 Mb.
#169141
түріСабақ
1   2   3   4   5


Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні________


Тақырыбы

§ 1,5.1,6. Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесінің маңызы

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық
тәрбиелік:

Оқушылардың периодтық заңның маңызы,периодтық заңның ғылым дамуындағы маңызын аша білу,теориялық білімнің рөлі туралы алған білімдерін жетілдіру;
атомның электрондардық формуласын жазып, энергетикалық деңгейлерді толтыра білу,сөздік қорын молайту,қорытындылай білу,көңіл аудару,есте сақтау білік- дағдыларын дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.






Сабақ типі:

Жаңа сабақ түсіндіру.




Сабақ өткізілу түрі:

фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10-ЕТЖ-1,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.


1-2

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:



1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесінің маңызы

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

1. 10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу Қосымша тапсырма .20бет (10-ЕТЖ-1)


5-6

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Оқу

1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу –параграф 1.5.1.6 оқу ( 20-24) оқып, сұрақтарға жауап беру


12-13

Жаңа сабақты

қалай

қабылдағанын

алғашқы тексеру

кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;



  • ПЗ- табиғаттың маңызды заңдарының бірі,ол жаңа элементтер мен олардың қосылыстарын сипаттап болжауға мүмкіндік берді;

  • Философияда- ол табиғат дамуының ең жалпы заңдарын(терісті теріске шығару,қарама-қайшылықтың күресі мен бірлігі,санның сапаға ауысуы) дәлелдеп,әрі бейнелеп берді.

  • Атом құрылысының теориясын ашуға мүмкіндік туғызды( ПЗ физикалық мәнін ашты,элементтің орналасуын түсіндірді);

  • Педагогикада;

  • ПЗ –химия, физикадағы барлық жаңалықтардың негізі.

1.1875жылы - галлий, Л.де Буабодран (экаалюминий);

1879 жылы - скандий, Нильсон (экабор);

1886 жылы -германий, Винклер (экасилиций)

2.Түсініксіз сұрақтар парақтарымен жұмыс істеу: оқушы не мұғалім жауап береді.



7-8

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау. 1. Қорытынды айту:



  • ПЗ- табиғаттың маңызды заңдарының бірі,ол жаңа элементтер мен олардың қосылыстарын сипаттап болжауға мүмкіндік берді;

  • Философияда- ол табиғат дамуының ең жалпы заңдарын(терісті теріске шығару,қарама-қайшылықтың күресі мен бірлігі,санның сапаға ауысуы) дәлелдеп,әрі бейнелеп берді.

  • Атом құрылысының теориясын ашуға мүмкіндік туғызды( ПЗ физикалық мәнін ашты,элементтің орналасуын түсіндірді);

  • Педагогикада;

  • ПЗ –химия, физикадағы барлық жаңалықтардың негізі.

3-4

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Түсініксіз сұрақтарды жазу: сыныппен жауап беру


4-5

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 1.5.1.6 -оқу, № 1-5

2. Күнделікке жазғанын тексеру.


1-2

Сабақ қорытынды сын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?



1-2


Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні________


Тақырыбы

§ 1.7.Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық
тәрбиелік:

Химиялық элемент атомының қауызына байланысты элементтердің қасиеттерінің топ пен период бойынша периодты түрде өзгеруі(атом радиусы,электронтартқыштық,электртерітілік,иондану энергиясы) химиялық элементтердің валенттігі, валенттілік мүмкіндіктері,тотығу дәрежесі ұғымдарын атом құрылысы ілімі және химиялық байланыс тұрғысынан түсіндіру туралы білімдерін қалыптастыру;

сөздік қорын молайту,қорытындылай білу,көңіл аудару,есте сақтау білік- дағдыларын дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

Жаңа сабақ түсіндіру.




Сабақ өткізілу түрі:

фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10-ЕТЖ-1,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.


1-2

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:



1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

1Фронталды сұрақтар: (нашар үлгерушілермен жұмыс)

Периодтық жүйе қанша период және қанша топтан тұрады?

Период деген не?

Топ не себебті топшаларға бөлінеді?



5-6

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі:

Атомдардың электрондық қауызына орай анықталатын элементтердің барлық қасиеттері периодттық жүйенің периоды мен тобы бойынша заңды өзгереді, себебі ұқсас элементтердің электрондық құрылымы ұқсас, бірақ бірдей емес, сондықтан топта және топшада бір элементтен екіншісіне ауысқан кезде қасиеттердің жай қайталануы емес олардың заңды өзгеруі байқалады.

Электрондық конфигурацияға байланысты атомдардың келесі қасиеттері : атом радиусы, иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электротерістілік, тотығу дәрежесі периодты өзгереді.

Атом радиусы. Атомның шамасын дәл анықтау мүмкін емес. Есептеулерде шартәрізді атомдар радиустарының жуықталған мәндері қолданылады. Оларды рентгенқұрылымдық әдіспен бір элементтің екі көрші атомдарының орталықтарын (центрлерін) бөлетін қашықтықтың шамасын пайдаланып анықтайды.

Атом радиусы элементтің қасиетіне әсер етеді. Радиус неғұрлым үлкен болса, сыртқы деңгейдің электрондары соғұрлым әлсіз тартылады. Керісінше атом радиусы кемігенде электрондар ядроға күшті тартылады.

Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Топшада жоғырыдан төмен қарай атом радиусы артады, өйткені қосымша электрондық қабаттың қосылуы нәтижесінде атомның көлемі ұлғаяды. (2.20-сурет).

Сонымен ядро заряды артқанда атом радиусының өзгеруі анық периодтық сипатта болады. (2.21-сурет )



Электртерістілік. Элементтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері электртерістілік деп аталатын шамамен сипатталады, ол атомның иондану энергиясы мен электронтартқыштық мәндеріне сүйеніп есептеледі.

Электртерістілік ұғымын 1932 ж. америкалық ғалым Л.Полинг енгізген. Электртерістілік бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті.

Электртерістіктің алғашқы шкаласын құрған да Л. Полинг.

Атомның электртерістігі неғұрлым күшті болса , ол химиялық байланыс түзу кезінде ортақ электрондық жұптың бұлтын соғұрлым өзіне күшті тартады.

Электртерістігі ең күшті элемент фтор, оның электртерістігі 4-ке тең деп алынған.Сілтілік металдар атомдарының электртерістігінің мәні төмен. Инертті газдардың электртерістігі жоқ. Себебі олардың атомдарының сыртқы деңгейінің аяқталған және тұрақты.

Химиялық элементтердің электртерістігін литийдің электртерістік мәнімен (1,0) салыстырып, қарапайым және қолдануға қолайлы салыстырмалы электртерістік шамаларын алады .

Кестедегі элементтердің электртерістік мәндерін салыстырып , бұл шаманың периодты өзгеретінін оңай байқайға болады: периодта элементтердің электртерістігі реттік нөмірі артқан сайын өседі, ал топта - кемиді. Салыстырмалы электртерістік неғұрлым үлкен болса, элемент соғұрлым бейметалдық қасиетті күштірек көрсетеді.

Бейметалдардың салыстырмалы электртерістігі үлкен, ал металдардың электртерістігі аз. Химиялық реакцияларда электрондар әдетте электртерістігі аз атомнан салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады. Химиялық әрекеттесулерге металдар тотықсыздандырғыштар ретінде кіріседі. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Периодта жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері азаяды,ал тотықтырғыштығы өседі. Заттың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру сипаты реакциядағы серіктесінің табиғатына және реакцияның жүру жағдайына тәуелді. Негізгі топшаларда элементтің реттік нөмірі артқан сайын бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері әлсірейді ал металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді.

Қорыта келе, химиялық элемент атомдарының қасиеттері периодтты өзгереді деп қорытынды жасауға болады.

Д.И.Менделеев ПЗ ашарда «валенттілік» ұғымын атомның негізгі қасиеттерінің бірі ретінде қолданды. Валенттілік атомның басқа атомды қосып алу қасиетін сипаттайды. « Валенттілік» ұғымының физикалық мәні атом құрылысы және химиялық байланыс туралы ілімнің дамуымен түсіннікті бола бастады.Элемент атомдары электронды береді немесе қосып алып,ортақ электрон жұптарын түзеді,ал атомдар арасындағы химиялық байланысқа түзуге қатысатын электрондар валентті деп аталады.Валентті электрондарға сыртқы аяқталмаған деңгейдегі электрондар және сырттан санағанда астыңғы деңгей электрондары да жатады(мысалы d-элементтер).

Марганецтің 25 электроны бар : 1 s-2, 2 s-2, 2p-6, 3 s -2, 3p-6, 3 d-5, 4 s-2, сондықтан оның жоғары валенттігі жетіге тең.Жоғары валенттілік мәні ядро зарядының шамасына периодты түрде тәуелді.Химиялық байланыс теориясын есепке алу арқылы валенттіліктің анықтамасы да өзгерді.Валенттілік атомдар арасындағы түзілген химиялық байланыс санымен анықталады. Атомдар арасында түзілетін химиялық байланыс саны, олардың химиялық байланыс түзуге жұмсалатын жұптаспаған электрондар санына тең.

Сұрақ:Валенттілік нолге немесе теріс бола ала ма? (Жоқ)

*Қосылыстардағы атомның күйін білу үшін «тотығу дәрежесі» деген ұғым енгізілген. Тотығу дәрежесі- атомның берген немесе қосып алған электрон санымен анықталады. Сұрақ: Тотығу дәрежесі қандай мәндерге ие?

А) Электронын басқа атомға беретін атомдар оң тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда кем болады. Электронды басқа атомнан қосып алатын атомдар теріс тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда артық болады. Жай зат молекуласындағы атомдардың тотығу дәрежесі нөльге тең болады. (мысалы: N2, 0O20,H20,CI20,F20,I02,Br02 Zn0, Fe0).

Элемент атомының тотығу дәрежесі –шартты ұғым,оны заттарды жіктегенде,қасиеттерін сипаттағанда қолданып,элементтің қандай қасиет көрсететінін анықтайды.Мысалы күкірттің күкірт қышқылындағы тотығу дәрежесі+6,яғни ол басқа электрон бере алмайды,тотықтырғыш қасиет көрсетеді,ал күкірсутекте күкірт ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетіп тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.Тотығу дәрежесі көп жағдайда валеттілікке сәйкес келмейді.



12-13

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Жаттығу орындау

Жат 1-3 .кітаптың 28беті (4 тапсырма– 4 нұсқа)


7-8

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.

1. Дәптерге қорытынды жазу:


  • Электрондық қауыздың құрылысына байланысты атомдардың барлық қасиеттері периодты өзгереді. Бір периодтағы элементтердің иондану энергиясы ядро заряды өскенде және атом радусы кемігенде солдан оңға қарай өседі. Негізгі топшаларда ол жоғарыдан төмен қарай ядродан электрон қашықтығының артуына сай кемиді.

  • Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Топшада жоғырыдан төмен қарай атом радиусы артады, өйткені қосымша электрондық қабаттың қосылуы нәтижесінде атомның көлемі ұлғаяды.

  • Бұл сыртқы электрондық деңгей құрылысының периодты қайталануымен түсіндіріледі.

  • Ұқсас элементтердің электрондық деңгейінің саны ядро зарядының өсуіне сай артады, осыған орай қасиеттері жай қайталанбайды, олар периодтық заңдылықпен өзгереді.

2. 10-ЕТЖ-1жұмыс істеу (21), 1-нұсқа.

3-4

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Жаттығуды тексеру


4-5

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 1-.7--оқу ,№ 3 жазбаша.

2. Күнделікке жазғанын тексеру.


1-2

Сабақ қорытынды сын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?



1-2


Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні________


Тақырыбы

§ 1.8. Химиялық элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.

уақыты

Білімділік мақсаты:
дамытушылық
тәрбиелік:

Химиялық элементтердің ПЖ орнына байланысты қосылыстарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі туралы алған білімдерін қалыптастыру;

сөздік қорын молайту,қорытындылай білу,көңіл аудару,есте сақтау білік- дағдыларын дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.





Сабақ типі:

Жаңа сабақ түсіндіру.




Сабақ өткізілу түрі:

фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10-ЕТЖ-1,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.


1-2

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:



1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

1Фронталды сұрақтар: (нашар үлгерушілермен жұмыс)


  • Валенттілік деген не?

  • Қандай электрондар валентті деп аталады?

  • Тотығу дәрежесі,атом радиусы, деген не? Олар қалай өзгереді?

5-6

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; - оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ереже-ді философиялық тұрғыдан түсінуге,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Оқу 1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу –параграф 1.8оқу ( 28-30) оқып, сұрақтарға жауап беру.1,4 кестемен жұмыс істеу 28 бет.


12-13

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Жаттығу орындау

Жат 1-4 .кітаптың 30беті (4 тапсырма– 4 нұсқа)


7-8

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.

1. Дәптерге қорытынды жазу:


  • Периодтылық тотығу дәрежесінің өзгеруі химиялық қосылыстардың құрамының периодты түрде өзгеруіне әсер етеді.Бұны алғаш Д.И.Менделеев элементтердің сутекті және оттекті қосылыстарынының жалпы формуласын ХЭПЖ бойынша топтарға орналаст

  • Периодта солдан оңға қарай типтік металдан типтік бейметалға өткенде оксидтердің негіздік қасиеттері әлсіреп қышқылдық қасиеттері артады.

  • Периодта солдан оңға қарай типтік металдан типтік бейметалға өткенде гидроксидтердің негіздік қасиеттері әлсіреп қышқылдық қасиеттері артады

Түсіндіру:3 период элементтерінің оксидтерді мен гидроксидтерінде екі химиялық байланыс түрін байқауға болады: иондық,коваленттік. Металлдардың оксидтерді мен гидроксидтері–ионды қосылыстар, бейметаллдар –ковалентті.

*гидроксидтердің қышқылдық, негіздік,амфотерлі түрде диссоциациялану қабілеттілігі Н-О, О-Э байланысының салыстырмалы полюстілігіне тәуелді .

* 1,2 топтың металдарынан түзілетін сутекті қосылыстарын гидридтер деп атайды және олардың иондық сипатты бар, бейметалдардың сутекті қосылыстары ұшқыш газдар. Олардың химиялық қасиеттері сумен әрекеттескенде көрінеді.Ол заттар ерігенде,қышқылдар мен сілтілер түзіледі.

*қышқылдардың күші атом ядро зарядының өсуімен артады.Топтарда сутекті қосылыстардың қышқылдық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады,атом радиусы артқан сайын Э-Н байланысы әлсірейді.



  • 2. 10-ЕТЖ-1жұмыс істеу (21), 1-нұсқа.

3-4

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1.Жаттығуды тексеру



4-5

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 1.8 -оқу ,№ 5 жазбаша 2. Күнделікке жазғанын тексеру.



1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?



1-2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет