Сабақ реті: күні Тақырыбы


Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.82 Mb.
#169141
түріСабақ
1   2   3   4   5


Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні________

Тақырыбы

§2.1. Ковалентті байланыс. Лабораториялық тәжірибе №3 «Молекула модельдерін жасау»

Уақы ты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Химиялық байланыстың түрлері,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу,коваленттік байланыстың түзілу схемасын құрастыра білу ,қорытынды жасау,салыстыру,білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.




Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. 1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Ковалентті байланыс

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):



1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

Байланыстың қандай типтерін білесіңдер?

Қандай химиялық элемент атомдары арасында ковалентті байланыс түзіледі?


3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.



Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

Атомдар өзара әрекеттескенде химиялық байланыс түзіледі:

ковалентті байланыс

Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.. Ковалентті полюсті байланыс электртерістігі бірдей атомдар арасында түзіледі. (Н2О2, С12). Молекуладағы атомдар өзара байланысқанда электрон бұлттары жақындап,өзара қаптасады. Ковалентті байланыстың пайда болуын сутек молекуласының түзілуі арқылы түсіндіруге болады.Н+Н=Н2 Н0=- 436кДж/моль

Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп,ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі.Ортақ ядролардың тығыз теріс аймаққа тартылуы оларды жақындастырып,тұрақты сутек молекуласы түзіледі де,энергия ұтымы болады.

Қ





арама-қарсы спиндері
бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті полюссіз байланыс түзіледі.Ол былай жазылады.

+

s1 s1 1s2


Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы аз ажыратылатын атомдар арасында түзіледі.Бұндай байланыс түрі жиі кездеседі.Бұл жағдайда электрон жұбы электртерістігі көп элемент атомына қарай ығысады,мысалы су молекуласында оттек атомына қарай ығысады:


Н2 О,

Коваленттік байланыс химиялық элемент атомдарын энергиялық тиімді ,тұрақты конфигурацияға ауыстырады.

Коваленттік байланыс еселігі ортақ электрондық жұптың санына тәуелді. Хлор, сутек молекулаларында бір байланыс; оттекте -екі байланыс;азотта –үш еселі байланыс.

:N +N: = N ::: N
Коваленттік байланыс электрондық орбиталдардың бүркесу тәсілі бойынша ерекшеленеді.Егер байланыстың электрондық бұлты атомдардың ядроларын қосатын түзуде жатса,онда берік -байланыс алынады.

Полюсті

Полюссіз

Электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан.Мысалы: хлорсутек молекуласы, электрон жұбы сутекке қарағанда электртерістілігі үлкен хлор атомына қарай ығысқан.

Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы бірдей атомдар арасында түзіледі

Мысалы: екі атомды молекулалар.


Р-орбитальдар бүйір жақтарымен бүркескенде берік емес - байланыс түзіледі.



Лабораториялық тәжірибе №3: су молекуласын жинаңдар.

Коваленттік байланыстың маңызды екі сипаттамасы бар:байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.



16-17

Жаңа сабақты қалай қабылда- ғанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Кітаптағы №1-3 жаттығуды орындау,33 бет.



4-5

Білімді жүйелеу және қорытындылау


Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау



1.Қорытынды жасау:

*коваленттік байланыс- екі атомның электрондық бұлттары бүркесуі арқылы түзіледі , ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі;

* Ортақ ядролардың теріс аймаққа жақсы тартылуы оларды жақындастырады да ,тұрақты молекула түзіліп ,энергия ұтымы болады ;

*КПБ бір элемент атомынан тұратын молекулаларда түзіледі;

* Полюсті молекулада электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан ;

*Еселі байланыстар бүркесу тәсілі бойынша -және - байланыс деп бөлінеді .

*КБ негізгі сипаттамасы байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.



2-3

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығулар мен есепті тексеру



Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 2.1 оқу -4 (33бет) –жазбаша



2. Күнделікке жазғанын тексеру.

1-2

Сабақ қорытындысы

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері: -оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?





Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні________

Тақырыбы

§2.2. Иондық химиялық байланыс. Иондық және ковалентті қосылыстардың қасиеттері. Лабораториялық тәжірибе №4 «Әр түрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттері »

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Иондық байланыс туралы білімді жүйелеу,тереңдету; Иондық байланыспен берілген заттарды сипаттай білу,атомдардан иондардың түзілу схемасын құрастыра білу,химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.




Сабақ типі:

Жаңа білім беру сабағы.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою.1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Иондықі байланыс

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):



1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

А).Ковалентті байланысқа сипаттама беріңдер:

(*байланыс ұзындығы, *байланыс энергиясы)

Б).Мына қосылыстардағы байланыстың типтерін анықтаңдар:

BCl3 ,CH4 , MgSO4, НСl, К2О,NaCI,KOH,NH4+ CI2



3-4

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; - оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Жаңа сабақ материалын түсіндіру:








Иондық байланыс металдық және бейметалдық қасиеттері айқын,электртерістілік шамасы ның айырымы көп ажыратылатын элементтер атомдары арасында түзіледі Иондардың,катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылуы есебінен түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады.

Иондық байланыстың сипаттамалары: :

Иондық байланыста иондар әр түрлі баңытта тартылатындықтан бағыты болмайды.Оның күш өрісі компенсацияланбаған,сондықтан иондық байланыс қанықпаған.

Иондық байланыс пен ковалентті байланыстың пайда болуы механизмінде ерекшеліктер жоқ. Олар молекулалық электрондық бұлттың полюстену дәрежесімен ерекшшеленеді.Таза иондық байланыспен байланысқан зат жоқ.Әдетте иондық байланыстың дәрежесімен анықтайды.Мысалы:натрий хлоридінде -0,84.

Қосылыстардың қасиеттері химиялық байланыс пен олар түзетін кристалл тор түріне тәуелді. Ковалентті қосылыстар көбінесе суда ерімейді,ал ерісе де жеке молекула күйінде болады.



  • Ковалентті қосылыстар

Ериді,олардың ерітінділерінде электролизденетін бос иондар болады.

Ковалентті қосылыстар көбінесе суда ерімейді,ал ерісе де жеке молекула күйінде болады.

Балқу темперературасы жоғары.

Балқу темперературасы төмен.

Қатты заттардың кристалл тор түйіндерінде иондар орналасады.

Молекулалық кристалл торындағы заттарды ковалентті байланыспен түзі-

леді,олардың балқу температуралары төмен,ковалентті байланыспенқатты заттар байланыса алады,олардың кристалл тор түйіндерінде атомдар орналасады.Мысалы: алмаз



Қаттылығы жоғары,қиын балқиды ұшпайды.

Бөлме температурасында олар –сұйықтықтар,газдар.

Тұздар.

Мұз,қатты галогенсутектер,көптеген органикалық қосылыстар,инертті газдар,бір молекуласы бір,екі,үш,төрт,сегіз атомнан

тұратын жай заттар.






15-16

Жаңа сабақты қалай қабылда- ғанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Жаттығу орындау:10 -ЕТЖ-1 33бет. 1нұсқа.


3-4

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау Дәптерге қорытынды жазу.

1.Химиялық байланыстың табиғаты бірдей.

2.Қосылыстардың қасиеттері химиялық байланыстың типіне ғана емес ,сонымен қатар олар түзетін кристалл торының түріне байланысты..

3.Иондық және атомдық кристалл торы бар қатты заттар,молекулалықкристалл торы бар заттармен салыстырғанда беріктеу.


5-6

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру.


1-2



Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 2.2 оқу -1-4(34бет) –жазбаша.

2. Күнделікке жазғанын тексеру.


1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру. Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?



1-2


Сыныбы – 10(қ) сабақ реті: күні________

Тақырыбы

§2.3-2.4. Металдық химиялық байланыс. Сутектік химиялық байланыс.

Уа қыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Металдық байланыс,оның шығуы,металдық байланыстың табиғаты, сутектік байланыс,оның шығуы туралы білімдерін жүйелеу,тереңдету;

металдық байланыспен берілген заттарды, сутектік байланысты сипаттай білу,атомдардан иондардың түзілу схемасын құрастыра білу,химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту; Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.






Сабақ типі:

Білімді тереңдету сабағы.




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.



1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары: Металдық байланыс,сутектік байланыс.

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):



1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

2-3

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақ материалын түсіндіру: Көптеген металл атомдарының сырт -қы қабатында бір,екінемесе үш электроннан болады.Үш электроны бар ме -талл атомдарында иондану энергиясы төмен болғандықтан электрондар оңай үзіліп,электрондық газ түзіледі,яғни «бос электрондар» жи ынтығы пайда болады. Олар қозғалғыш, оңай орын ауыстырады,сондықтан кезкел -ген металды өз-ара байланысқан оң зарядталған металл ионы мен электрон- дық газдан тұратын тығыз жи -нақталған құрылым есебінде қарастыруға болады.Металл иондары мен электрондар арасында түзілетін байла нысты металдық байланыс деп атайды. Ол металдар мен құймаларға тән.Байланыс табиғаты металдық. Металдық байланыс валентті электрондардың ортақтасуына негізделгендік- тен ковалентті байланыспен көптеген ұқсастықтары бар.Бірақ ковалентті байланыста жұп электрон тек екі атомға ортақ болса,ал металдық байланыс- та барлық атомдар электрондары байланыс түзуге қатысады. барлық атом -дарға ортақ болады.Сондықтан ковалентті байланысы бар кристалл торлары сынғыш ,ал металдық кристалл торлар-иілгіш Металда иондар өзара байла- ныстарды бұзбай ығысады.Бұл металдық байланыстың бағытының болмау ын көрсетеді.Металдардың қаттылығын арттыру үшін құймаға бағытты ко- валентті байланыс түзуге қолайлы жағдай жасайтын элементтерді енгізеді, мысалы легирленген болат алу.Сутектік бай-с-бұл бір молекуладағы оң по- люстенген сутек атомы мен екінші бір молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот (кейде хлор, күкірт жәнет.б.) атомы арасында түзіле -тін ерекше бай-с.Ол көбінесе молекулааралық кейде молекулаішілік болады

Молекулааралық сутектік байланыс су молекулаларының арасында пайда болады. Судың дипольді молекуласындағы ортақ электрондық жұп сутек атомынан электртерістігі үлкен оттек атомына күштірек ығысқан, сондықтан сутектің оң заряды аз ғана көлемде, яғни протонның өзінде шоғырланған. Түгелдей дерлік «жалаңаштанған» протон кез келген басқа су молекуласындағы оттек атомының бөлінбеген жұбының бұлтына тартылады. Нәтижесінде сутектік байланыс деп аталатын жаңа байланыс түзіледі:



Н Н

Н-----О…..Н----О Н----О------- О

Н Н Н Н

О

Н

Сызбанұсқадан сутектік байланыстың пайда болуынан судың екі, тіпті үш молекуласы бірігіп, ашық немесе циклді (сақиналы) құрылымдар түзетіні көрініп тұр.



Әдетте сутектік байланысты нүктелермен белгілейді, бұл оның ковалент -тік байланыстан шамамен 5-20 еседей, яғни әлдеқайда әлсіз екенін көрсете- ді. Алайда осы байланыстың әсерінен су молекулалары ассоциацияланады (бірігеді) әрі сондықтан сұйық күйде болады.

Молекуланың ретті орналасуы қатты мұзға тән. Сұйық суға қарағанда оның құрылымындағы молекулалардың тығыздығы едәуір төмен. Сондық -танда су қатқанда көлемін 9%-ке арттырады және 0°С-тағы судан мұздың тығыздығы аздау болады. 0°С-тағы суға қарағанда мұздың тығыздығының азырақ болуы, тұщы сулы су қоймаларының бетінен бастап қатуына әкеле -ді. Судың максимал тығыздығы 4°С-қа сай келеді.Суды одан әрі салқындат- қанда оның бетіндегі тығыздық мұзға айналғанша азая бастайды, сондықтан жылы сулардың терең қабаттары, сұйық күйінде сақталады, қатпайды. Беткі мұз қабаты астындағы судың жылуын одан әрі жоғалтпай сақтайды, соған орай қыста беті қатып қалған өзендер мен көлдерде тіршілік жалғаса береді.



Сутектік байланыс

молекулааралық молекулаішілік

Сутектік байланыс құрамына сутек және электртерісітігі күшті элементтер, мысалы, фтор, оттек, азот, кейде хлор және күкірт кіретін молекулалардың арасында пайда болады.

Сутектік байланыс көптеген заттардың қасиеттеріне әсер етеді. Мәселен, сутектік байланыстың әсерінен фторсутек кәдімгі жағдайда су сияқты, сұйық күйде (19,5°С-тан төмен) болады және құрамы: H2F2, H3F3-тен, H6F6-ға дейін біріккен әртүрлі молекулалардан тұрады. Фторсутек молекуласы мен иондар арасындағы берік сутектік байланыс HF2-, H2F3- және т.б. типті тұрақты қышқыл аниондар түзеді. Оларды KHF2 – калий гидрофториді, NH4HF2 – аммоний гидрофториді сияқты қышқыл тұздардың құрамынан табуға болады.

Судың қайнау (100°С) және қату температурасының (0°С) оттек топша- сы элементтерінің сутекті қосылыстарымен (H2S, H2Se, H2Te) салыстыр- ғанда әлдеқайда жоғары екені сутектік баланыстың болуымен түсіндіріледі. Судағы сутектік байланыстарды үзу үшін қосымша энергия жұмсау керек.

Басқа галогенсутектер (HCl, HBr, HI) және сутектік байланыс тән емес халькогенсутектер (H2S, H2Se, H2Te) физикалық және химиялық қсиеттері- нің өзгеру сипаты қатаң сақталатын газтектес заттар болып табылады. Бұл топтың екі өкілінің – су және фторсутектің басқалардан күрт айырмашылы- ғы олардың кәдімгі молекулаларының ассоциациялануына (бірігуіне) әкелетін сутектік байланыстың болуымен түсіндіріледі.



2.Қорытынды: А) кристалл торындағы металдар атомдары бағытталмауымен,қанықпауымен сипатталады;

Б) металдардың физикалық қасиеттері (қаттылығы,электрөткізгіштігі,жылуөткізгіштігі,иілгіштігі,тапталғыштығы) металдық байланыстың болуымен түсіндіріледі.

Металл Na кристалдарының құрылысы.


15-16

Жаңа сабақты қалай қабылда- ғанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Жаттығу орындау:10 -ЕТЖ-1 33бет. 1нұсқа


2-3

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау



1.Дәптерге жазу. 10-ЕТЖ-1 (37бет) №1-6, №1-10 (күшті оқушылар)

№1 (в- периодтарда солдан оңға қарай артады) №2 (а) №3 (в) №4 (а) №5 (а)

№6 (г) №7 (г,в) №8 (б) №9 (а) №10 (б)


6-7

Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру


2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. Параграф 2.3- 2.4.оқу.№1 – 5 (37бет) –жазбаша, фторсутек , йодсутек молекуласының масштабты шарөзекті моделін құрастыру. 2. Күнделікке жазғанын тексеру.



1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру. Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Күтілетін нәтиже:

Металдық байланыстың түзілу себебтері,басқа байланыстар мен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіре білу.




Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?



1-2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет