Магний (Mg, №12,… 3s2)
Магний табиғатта көп тараған элементтердің біріне жатады. Басты қосылыстары – магнезит. MgCO3, доломит MgCO3· CaCO3, ащы тұз MgCO3· 7H2O. Магнийді оның оксидін тотықсыздандыру арқылы алады:
MgO + CO = Mg + CO2
Магний – күміс түсті ақ маталл, оңай балқиды. Ол өте активті келеді. Ауада оксид қабыршығымен қапталып, коррозияға ұшырмайды. Магний ауада жарық шығарып жанады:
2Mg + O2 = 2MgO + жарық сәулелері
Магнийдің осы қасиеті фотографияда қолданылады. Магний активті металл ретінде көптеген реакцияларға түсе алады.
Mg + 2H2O = Mg(OH)2 + H2
2Mg + SiO2 = 2MgO + Si
Магний оксидін алу үшін магний карбонатын қыздырып, ыдыратады:
MgCO3 = MgO + CO2
MgO – өте қиын балқитын ақ түсті ұнтақ. Магний оксидінен магнезиялы цемент алынады, ол кезде төмендегідей реакция жүреді.
MgO + MgCl2 + H2O = 2MgOHCl
Түзілген негіздік тұз бірнеше сағаттан кейін тұтасып қатып қалады, сондықтан оны көптеген құрылыс материалдарын дайындау үшін қолданылады. Магний өте жеңіл құймалар дайындауға қолданылады, мұндай құймалар коррозияға берік келеді. Магнийдің биологиялық маңызы өте зор. Ол хлорофилл құрамына кіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Топырақта магний мөлшері аз болса, өсімдіктер әр түрлі ауруға шалдығады. Әсіресе жапырақтары мәрмәрланып түсе бастайды.
Магний тұздарының ішінде маңыздылары: магний хлориді, магний сульфаты және магний карбонаты.
Магний хлориді MgCl2 · 6H2O магнезиялы цемент жасауға, тоқыма өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Магний хлорының кристалдары – түссіз, дымқыл ауада былжырап езіле бастайтын, ерігіш зат. Ас тұзының кейбір түрінің дымқыл тартуы аралас магний хлоридінің болуынан.
Магний сульфаты MgSO4 · 7H2O немесе ащы тұз тоқыма, қағаз өнеркәсібінде және іс жүргізу үшін медицинада қолданылады.
Магний карбонатынан MsCO3 ақ магнезия 3MgCO3·Mg(OH)2·3H2O дайындайды. Осы ақ магнезия каучук және қағаз өндірісінде, косметикада, медицинада қолданылады.
Магнийдің табиғатта кездесетін силикаттарына тальк 3MgO·4SiO2·3H2O және асбест 3MgO·4SiO2·CaO жатады. Асбест – отқа және жылуға өте тұрақты зат, сондықтан жылылықты өткізбейтін материал ретінде кең түрде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |