Судың кермектігі Ca2+ және Mg2+ иондарының болуымен түсіндіріледі. Табиғи суларда олардың мөлшері неғұрлым көп болса, кермектік неғұрлым жоғары болады.
СаSO4 ↔ Ca2+ + SO42-
Mg(НСО3)2 ↔ Mg2+ + 2НСО3
Судың жалпы кермектігі уақытша және тұрақты кермектік болып бөлінеді.
Суда кальций және магний гидрокарбонаттары болғанда уақытша кермектік болады. Сондықтан кейде оны карбонаттық кермектік деп атайды. Уақытша кермектікті суды қайнату арқылы жоюға болады.
Судың тұрақты кермектігі кальций мен магнийдің басқа еритін тұздарының қатысында пайда болады. Тұрақты кермектік суды қайнату арқылы жойылмайды. Бірақ әк суын немесе соданы қосқанда барлық Ca2+ және Mg2+ катиондары тұнбаға түседі.
V. Жаңа сабақты бекіту
1. ІІ негізгі топша элементтері қасиеттерінің өзгерісінде қандай заңдылық байқалады?
2. Магний мен кальцийдің қасиеттерін салыстырыңдар.
3. Төмендегі өзгерістерді орындаңдар:
а) Са → СаО → Са(ОН)2 → СаСl2 → СаSO4 → Са(NO3)2
ә). MgО → MgСl2 → MgСО3 → MgО → Mg(ОН)2
4. Массасы 12 грамм натрий сульфаты 150 грамм суда ерітілген. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесін табыңыздар.
5. Массасы 28 грамм литий сумен әрекеттескенде сутектің (қ.ж.) қанша көлемі түзіледі?
6. Төмендегі белгісіз қосылыстарды табыңдар:
2Са + ? = 2СаО
Са + С = ?
Ca + Cl2 = ?
? + N2 = Ca3N2
Са + Н2 = ?
Mg + ? = Mg (OH)2 + Н2↑
? + 2HCl = MgCl2 + H2↑
Mg + ? = Mg (NO3)2 + ?↑
Mg + Н2SO4 = ? + H2↑
7. Судың кермектігі және оны жоюдың тәсілдері қандай?
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау
VІІ. Үйге тапсырма
Химия Н.Нұрахметов
Қ.Бекішев
Н.Заграничная
§ 6.5 - § 6.8
VІІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |