Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Қонаев ғасыр адамы»



бет3/3
Дата18.02.2022
өлшемі22.46 Kb.
#455510
түріСабақ
1   2   3
Танымдық сабақ

3 - оқушы: Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысыз қазақ деген халықтың.
Саясаттың дауылына сынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың.

4 - оқушы: Димаш аға өмірінде өте ұстамды, салмақты, ақылы мен парасаты ерекше, көпшілікті іске жұмылдыра білетін, қабілеті мол кемеңгер басшы болды. Оны халқы ерекше құрметтеп, қошеметтеп, «Біздің Димаш» дейтін.

5 - оқушы: Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірдің жан аямай көп еңбек.

6 - оқушы: Димаш ағаның ерекше бір қасиеті адамгершілігі еді. Талай көкірегі ояу, білімді азаматтар Димаш ағаның қолдауы мен шапағаты арқасында келе – келе қарымды ұйымдастырушыға айналып, абыроймен ел - жұртын басқарды. Көрегені мол мемлекет және қоғам қайраткері болды.

7 - оқушы: Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,
Қорғадыңыз ел мен жердің намысын.
Тарих өзі таразылар, танытар,
Ұлық қазақ Қонаевтың сан ісін.

8 - оқушы: Үзілмеген достығы, сәлемдері,
Басшылар бар әр қилы, әр елдегі.
Димашқа арнап жыр жаздым жеті шумақ,

Жетіұлы атанған әлемдегі,- ақын Өтеш Қырғызбай жырлағандай, дүние жүзі ғалымдары жер шарының халқына адал қызмет еткен бүкіл ел басшыларын компьютерге салып таразылағанда Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың әлемдік халқына адал қызмет еткен жеті басшының бірі болуы көпті аңғартады.


«Ел ағасы» әні орындалады.

9 - оқушы: Д. А. Қонаев - шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Иә, баршамыздың, Отанымыздың, туған еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толуымен Ел ағасы, мемлекет қайраткері, өнегелі әрі ұлы тұлға Д. А. Қонаевтың 110 жылдық мерейтойының тұспа - тұс келуінің өзі керемет оқиға, ұмытылмас сәт емес пе?!
10 - оқушы: Таулар бар ма, Димаш боп түргелмеген,
Димаш десем жанарым нұрға толған.
Сауыт кеудем, патша өлең жырға толған.
Димаш десем, самғаған көкті айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.

11 - оқушы: Д. А. Қонаевтың көзі тірісінде жеке адамдарға жасаған жақсылық, рахым, шапағатында шек жоқ. Абзал азаматтың өмірінің соңына дейін жеке үйі, саяжайы, тіпті кейде желпініп мінерге жекеменшік автомашинасы да болмапты. Неткен қарапайымдылық! Неткен адамгершілік!
12 - оқушы: Мен елімнің перзентімін, гүлімін,
Арқа сүйер азаматы ұлымын!
Елімнен мен аямаймын, жұмсаймын,
Ғұмырымның мағыналы, шырынын.
13 - оқушы: Әттең, өмір шолақ, дүние керуен. Елдің сый құрметіне бөленген көзінің тірісінде қазақ халқының ұлы тұлғасына айналған Д. А. Қонаев 1993 жылдың 22 маусымында Алакөл жағасындағы демалыс үйінде жүрек талмасынан кенеттен дүние салды.
14 - оқушы: Атақ - даңқы аңыз болған талайға,
Димекеңе баға беру оңай ма?
Ешкімге көмегін аямаған,
Халқы сол үшін оны бағалаған,- деп, Ораз Қауғабай ағамыз жазғандай, Д. А. Қонаев атамыз халқы сыйлаған, ардақтаған ғасыр азаматы еді.
Мұғалім сөзі: Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Олар, сірә, Димаш атасын, оның ғибратты өмірін ұмыта алар ма екен? Иә, қазақ халқы бар жерде Димекеңнің есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Димаш ата!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет