Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын сипаттайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларынмен танысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1. Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші
саннан 3-ке артық. Бірінші санды табыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші
саннан 3-ке артық. Бірінші санды табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
1. Екі пойыз А стансысынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп барады. А стансысынан бірінші пойыз 70,5 км, екінші пойыз 56,75 км
қашықтықта. Бірінші пойыз 57 км/сағ жылдамдықпен, екінші пойыз 62,5 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Неше сағаттан соң екі пойыз А
стансысынан бірдей қашықтықта болады?
А.2,3 сағ; В.2,5 сағ; С.2,8 сағ; D.2,1 сағ.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Неше сағаттан соң екі пойыз А
стансысынан бірдей қашықтықта болуын есептеп шығарады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|