Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын сипаттайды.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларынмен танысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1. Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3 л банкалар бар.
Егер сусынды екілитрлік банкаларға құйса, үшлитрлік банкаларға
құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болады. Дайындалған
жүзім сусыны неше литр?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Дайындалған
жүзім сусыны неше литр екенін табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
1. Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды.
Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар саны-нан 1,4 есе көп. 13 ағашты бірінші көшеден екінші көшеге ауыс-тырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар сандары бірдей бол-ды. Алғашқыда бірінші көшеге неше ағаш отырғызылды, екінші
көшеге неше ағаш отырғызылды?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылғанын есептеп табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|