сабақ Салыстыр: ц 6кг 360 кг < > = Салыстыр: 1,2 т 12ц < > = Салыстыр: 0,3 кг 300 г < > = Салыстыр: сағ 119 мин < > = Салыстыр: 30 см 0,003 км < > = Салыстыр: 1200 м 1,02 км < > = Салыстыр: ц 01 кг < > = Салыстыр: 1000 г 0,1 кг < > = Салыстыр: 99 г



бет2/7
Дата13.11.2022
өлшемі67.53 Kb.
#464717
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сандық сипаттама тапсырма

4-сабақ
1. Бірінші шебер тапсырысты 36 сағатта бітіреді, ал екінші шебер сол тапсырысты 12 сағатта бітіреді. Егер екі шебер бірігіп жұмыс істейтін болса, онда тапсырысты қанша уақытта бітіретінін табыңыз.

A) 10 сағ B) 9 сағ C) 12 сағ D) 8 сағ E) 7 сағ


2. Бірінші шүмек хауызды 6 сағатта, ал екінші шүмек 4 сағатта суға толтырады. Егер екі шүмекті бір уақытта ашса, онда хауыз қанша сағатта суға толатынын табыңыз.

A) 2,6 сағ B) 2,8 сағ C) 2,5 сағ D) 2,2 сағ E) 2,4 сағ 




3. Екі тракторшы бірігіп, жерді 6 сағатта қазып бітірді. Егер бірінші тракторшы өзі жалғыз сол жерді 15 сағатта қаза алатын болса, онда екінші тракторшы өзі жалғыз қанша сағатта қазатынын табыңыз.

A) 12 B) 14 C) 11 D) 10 E) 9




4. Бірінші шебер жұмысты өзі жалғыз 12 сағатта, ал екінші шебер 6 сағатта бітіре алады. Егер олар бірігіп жұмыс істесе, жұмысты қанша уақытта бітіретінін табыңыз.

A) 5 сағ B) 6 сағ C) 4 сағ D) 7 сағ E) 3 сағ




5. Хауыз екі шүмекпен 4 сағатта суға толады. Егер бірінші шүмек өзі жалғыз хауызды 5 сағатта суға толтыратын болса, онда екінші шүмек өзі жалғыз қанша сағатта толтыратынын табыңыз.

A) 20 B) 15 C) 25 D) 9 E) 10




6. Екі бригада бірігіп, ағаш егуді 4 күнде бітірді. Бірінші бригада бұл жұмысты өзі жалғыз орындаса, екіншіге қарағанда 15 күнге ерте бітірер еді. Әр бригада жеке-жеке жұмыс істегенде осы жұмысты қанша күнде бітіретіндерін табыңыз.

A) 10; 25 B) 5; 20 C) 7; 22 D) 9; 24 E) 12; 27


7. Екі жұмысшы бірігіп, жұмысты 12 күнде бітіреді. Егер бірінші жұмысшы 2 күнде екінші жұмысшының 3 күнде жасайтын бөлігін бітірсе, онда бірінші жұмысшы жеке өзі барлық жұмысты қанша уақытта аяқтайтынын табыңыз.

A) 30 күн B) 35 күн C) 25 күн D) 20 күн E) 24 күн




8. Екі адам бірігіп, 12 сағатта бақшадағы жүзімді теріп алды. Бірінші адам өзі жалғыз осы жүзімді екіншіге қарағанда 10 сағатқа тезірек теретін болса, онда әр адамның жеке-жеке жұмыс істегенде жүзімді қанша уақытта теріп бітіре алатынын табыңыз.

A) 10 сағ; 20 сағ B) 15 сағ; 25 сағ C) 20 сағ; 30 сағ


D) 12 сағ; 22 сағ E) 18 сағ; 28 сағ


9. Бірінші насос бакты 20 минутта, екінші насос 30 минутта, ал үшінші насос 1 сағатта суға толтырады. Үш насосты бірге ашса, бак қанша уақытта суға толатынын табыңыз.

A) 15 мин B) 10 мин C) 12 мин D) 9 мин E) 13 мин




10. Бақ екі шүмек арқылы 3 сағат 36 минутта суға толады. Бірінші шүмек өзі жалғыз бақты екіншіге қарағанда 3 сағатқа тезірек толтырады. 
Бірінші шүмек өзі жалғыз бақты қанша уақытта толтыратынын табыңыз.

A) 8 сағ B) 6 сағ C) 9 сағ D) 7 сағ E) 10 сағ


11. Екі шүмек арқылы хауыз 12 сағатта суға толады. Бірінші шүмек екіншіге қарағанда хауызды 10 сағатқа ерте толтырады. Екінші шүмек өзі жалғыз хауызды қанша уақытта толтыра алатынын табыңыз.

A) 20 сағ B) 35 сағ C) 25 сағ D) 18 сағ E) 30 сағ




12. Екі шебер бірігіп, тапсырысты 6 сағатта бітіреді. Егер бірінші шебер 9 сағат, ал екінші шебер 4 сағат жұмыс істесе, онда жұмыс толығымен аяқталушы еді. Әр шебер жеке жұмыс істегенде бұл жұмысты қанша уақытта бітіре алатынын табыңыз.

A) 20 сағ; 15 сағ B) 25 сағ; 20 сағ C) 20 сағ; 12 сағ


D) 30 сағ; 18 сағ E) 15 сағ; 10 сағ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет