5-сабақ
1. Әкесінің жасы баласының жасынан 4 есе үлкен, ал 20 жылдан кейін баласының жасынан 2 есе үлкен болады. Қазір әкесі қанша жаста?
A) 60 B) 48 C) 36 D) 40 E) 52
2. Әкесі 32 жаста. Баласы 5-те. Қанша жыл бұрын әкесі баласынан 10 есе үлкен болды?
A) 4 B) 3 C) 2 D) 1 E) 5
3. Асан 11 жаста, ал Үсен 1 жаста. Қанша жылдан кейін Асан Үсеннен
3 есе үлкен болады?
A) 6 B) 4 C) 5 D) 7 E) 9
4. Ағасы 12 жаста және ол қарындасынан 3 есе үлкен. Қанша жылдан кейін ағасы қарындасынан 2 есе үлкен болады?
A) 9 B) 8 C) 5 D) 7 E) 4
5. Қазір әкесі 38 жаста. Баласы 15-те, қызы 5-те. Қанша жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады?
A) 18 B) 21 C) 19 D) 20 E) 23
6. Әкесі баласынан 28 жас үлкен. 9 жылдан кейін әкесі баласынан 3 есе үлкен болады. Баласы қанша жаста?
A) 6 B) 4 C) 7 D) 5 E) 8
7. Анасы қызынан 8 есе үлкен, ал 4 жылдан кейін ол қызынан 4 есе үлкен болады. Қазір қызы нешеде?
A) 5 B) 3 C) 6 D) 4 E) 7
8. Анасы баласынан 3 есе үлкен, ал әкесі анасынан 4 жасқа үлкен.
Барлығының жастарының қосындысы 81-ге тең. Әкесі неше жаста?
A) 34 B) 48 C) 36 D) 40 E) 37
9. Бес адамның жастарының қосындысы 43-ке тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады?
A) 48 B) 38 C) 58 D) 68 E) 78
10. Анасының жасы қызынан 2,5 есе үлкен, ал баласынан 2 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 76-ға тең болса, баласының жасын табыңыз.
A) 20 B) 40 C) 30 D) 50 E) 60
11. Ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 27-ге тең. 9 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады?
A) 36 B) 18 C) 45 D) 55 E) 46
12. Немересі атасынан: “Ата, сіз неше жастасыз?” деп сұрады.
Атасы: “Егер менің жасыма жасымның жартысын, төрттен бірін және 3-ті қоссаң, онда 136 шығады” деп жауап берді. Атасының жасын табыңыз.
A) 72 B) 78 C) 76 D) 74 E) 68
9-сабақ
Бір күнде дүкеннен қызыл түсті көйлекті 24, ал жасыл түсті-16 адам алған. Екеуін де 11 адам алған. Неше адам тек қана қызыл түсті көйлек алған?
5 11 13 16 18
Бір күнде дүкеннен қызыл түсті көйлекті 24, ал жасыл түсті-16 адам алған. Екеуін де 11 адам алған. Неше адам тек қана жасыл түсті көйлек алған?
5 11 13 16 18
Бір күнде дүкеннен қызыл түсті көйлекті 24, ал жасыл түсті-16 адам алған. Екеуін де 11 адам алған. Неше адам екеуін де алған? 5 11 13 16 18
Бір күнде дүкеннен қызыл түсті көйлекті 24, ал жасыл түсті-16 адам алған. Екеуін де 11 адам алған. Барлығы неше адам көйлек алған? 40 18 24 51 29
Зауытта 23 еркек және 15 әйел бар. Олардың 19-ы көзілдірік тақпайды. Еркек немесе көзілдірік тағатындардың саны 34. Көзілдірік тақпайтын неше әйел бар? 4 5 8 10 11
Зауытта 23 еркек және 15 әйел бар. Олардың 19-ы көзілдірік тақпайды. Еркек немесе көзілдірік тағатындардың саны 34. Көзілдірік тағатын неше еркек бар? 4 8 11 15 19
Зауытта 23 еркек және 15 әйел бар. Олардың 19-ы көзілдірік тақпайды. Еркек немесе көзілдірік тағатындардың саны 34. Көзілдірік тағатын неше адам бар? 4 8 11 15 19
Алманың туысқандарының 70 пайызы Манты тағамын ұнатады. Солардың ішінде 25 пайызы Палау тағамын да ұнатады. Тек қана Палау тағамын ұнататындардың саны 12. Алманың неше туысқаны бар? 28 30 32 36 40
Алманың туысқандарының 70 пайызы Манты тағамын ұнатады. Солардың ішінде 25 пайызы Палау тағамын да ұнатады. Тек қана Палау тағамын ұнататындардың саны 12. Екі тағамды да қанша адам ұнатады? 4 5 6 7 8
Алманың туысқандарының 70 пайызы Манты тағамын ұнатады. Солардың ішінде 25 пайызы Палау тағамын да ұнатады. Тек қана Палау тағамын ұнататындардың саны 12. Тек қана Мантыны неше адам ұнатады? 17 18 19 20 21
Алманың туысқандарының 70 пайызы Манты тағамын ұнатады. Солардың ішінде 25 пайызы Палау тағамын да ұнатады. Тек қана Палау тағамын ұнататындардың саны 12. Мантыны неше адам ұнатады? 21 20 28 30 18
Достарыңызбен бөлісу: |