Сабақ Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі Шалова Балжан Богембаевна мектеп психологі



бет2/2
Дата25.04.2023
өлшемі43.5 Kb.
#472750
түріСабақ
1   2
Тренинг по психологии на тему Жас мамандарға арналған тренинг- сабақ

Сіз қандай мұғалімсіз?
Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда-санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
45-50 ұпай жинасаңыз:
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.
30-21 ұпай жинасаңыз :
Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
15-11 ұпай жинасаңыз:
Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.
Аутотрениг жаттығу «Сиқырлы орман»
Мақсаты: өзі туралы ойын дамыту, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.
1. Жап-жасыл орман. Тап-таза ауа. Тек қана құстар ән салғанын ғана естіп тұрсыз. Сіз орманда қыдырып жүрсіз. Сіз жалғыз емессіз, кіммен қыдырып жүрсіз? – Қазіргі таңда өміріңізде маңызды орын алатын адам.
2. Орманда қыдырып жүріп бір жануарды көрдіңіз. Ол қандай аң? Үлкен бе, әлде кішкентай ма? - Аң сіздің проблемаңыз.
3. Сіздің аңға деген көзқарасыңыз. Одан қорқасыз ба, сүйсіне қарайсыз ба?
4.Аңнан әрі қарай өттіңіз, алыстан бір үйді көріп тұрсыз. Ол үлкен үй ме, әлде шағын, кішкентай үй ме?- Үй деген арманыңыз.
5. Үй сырты шарбақпен қоршалған ба?- Адамдармен қарым-қатынасыңыз.
6.Үйге кірдіңіз, ас үйде үстел үстінде тамақ бар ма, жоқ па? – Тамақ болса бақыттысыз, тамақ болмаса – қазіргі таңда өзіңізге көңіліңіздің толмай жүргендігі.
7.Үйдің артқы есігі бар екен. Сыртқа шықтыңыз.Шөп үстінде бір ыдыс жатыр. Ол қандай ыдыс, неден жасалған ыдыс және не үшін пайдаланасыз? – Ыдыс сіздің маңызды адамыңызбен қарым-қатынасыңыз.
«Сыйлық ойыны»
Қатысушылар ақ қағазға адамдар бойынан қандай қасиетті жоғары бағалайтынын атап көрсетіп, жазып шығады. Алынған мәліметтерді ақ дорбаға салып, араластырады. Әрбір қатысушыға, дорбадан бір билет алу ұсынылады. Бір билетті алып, аталған қасиет қай адамға сәйкес келетінін анықтап, сол адамға сыйлық ретінде сыйлау қажет.
Рефлексия. Қатысушылардың көңіл-күйі, алған әсерлерімен бөлісу.
«Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды»,-демекші, қадірлі әріптестер шәкірттеріңіз білім әлімінде биіктерден көрініп, еңбектеріңіз жаңа берсін. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы мектебіміздің өркендей, өрлей беруіне тілектеспін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет