9 – Сату , жолға бару және үйлену келісім (актілерін) жүргізген (түзеген) деңгейінде.
Мұса ғ.с. "салих" ізгі кісімен сегіз жыл оған жалданып, қойларын бағып беруіне ақысысына әлгі кісі өз қызын беретініне келісіп еді. "Егерде оны он жылмен толтырсаң -өзіңнен болсын (яғни, ықтиарыңда) және сені қинағым келмейді. Аллаһ қаласа , мені салихтерден табарсың. Айтты:"Бұл-сеніңмен менің арамызда, осы екі мерзімнің қайсысын (жұмыс) атқарсамда маған қарсылық жоқ. Аллаһ Тағала айтқанымызға Уәкіл (куә) "-деді.(28:28). Өстіп Мұса ғ.с. он жылын толтырып бітіреді, хадисте келгендей:"Әлбетте, егер Аллаһтың елшісі (бір нәрсені )айтса – жасайды"-деген. Және пайғамбарға ең лайықтысы – толық болғаны (кемшіліксіз).
Тәуекелдің түсінігі:
Арап тіліндегі мағынасы: сүйену және тапсыру (қалдыру); істі біреуге тәуекел ету-яғни, біреуге қалдыру және оған сүйену. Пәлен пәленді уәкіл етті-өз орнына сай деп біліп , оған сүйенгені, оған сеніп , істі тапсырғаны, және де тәуекел-өз әлсіздігін көрсетіп, басқаға сүйену, ...............
Тәуекел сөзі Құран Кәрімде жеке және көпше түрде, өткен және кәзіргі шақпен әмір формасында 42 жерінде келген. Бұл сөз барлық жерде Аллаһ Тағалаға сүйену, істі Соған тапсыру мағынасында келген. "Тәклан" (тәуекел етуші) есімі ат-Тирмизидің ضعف "дафғы" бар хадисінде келген:" Бұл – еңбек, және (тәуекел етеміз)Саған сүйенеміз. (Тәуекеліміз Өзіңе ғана тән) және Ғұсман хадисінде:" Жәрдем тіленетін Аллаһ, әй Аллаһ (бізге) сабырлық бере гөр және тәуекелдер Аллаһқа тән"(???). Және де есімдердің бірі الولكالة "уакала". Ал, "Уәкіл" істі орындаушы және іс тапсырылған адам.
Ибнул Қайим Аллаһ оған рахым етсін: "Уәкілдіктен екі нәрсе түсініледі. Біріншісі, уәкіл ету, жәрдем тілеу және жүктеу, тапсыру. Екіншісі, тәуекел, яғни, тәуекел етілгеннен (қылынатыннан) инаба (қайту) арқылы өзгеру. Бұны екі тарапқа істетуге болады. Демек, Аллаһ Тағала пендені Өз жүктегенін сақтауды жүктейді (тапсырады). Ал, пенде олда Аллаһқа жүгініп , соған сүйенеді.
Ал, Раббының пендені жүктегені, Аллаһ айтты:"Егер олар (Құрайштар) күпірлік қылса - әлбетте Біз оған кәпір емес қауымды жүктейміз (уәкіл қыламыз)" (6:89). Қатада айтты:" Осы аяттың алдында аты аталған 18 пайғамбарды оған уәкіл еттік (жүктедік)". Және Абу Ража әл-Атариди айтты:" Егерде оған жер бетіндегілер күпірлік қылса – оны аспандағы (періштелерді) жүктеп, уәкіл еттік". Және Ибн Аббас пен Мужаһид айтты:" Олар – мединелік ансарлар"-деді. Ал, ең дұрысы: кімде-кім оны иман, дағуат , жиһад, көмек беру арқылы (пайғамбарлықты) атқарған болса – міне, соларды Аллаһ Тағала жүктеген болады. Мұғтаз Имам Ахмадқа қарсы шығып , түрмеге қамалғанда, қуғынға салып хадис айтудан тыйғанда – Абу Дуадқа мубтадиғші-бидғатшы ісі бойынша, бір кісі түсінде пайғамбарымызды с.ғ.с-ды "егер олар соған күпірлік қылса" деген аятты оқып Имам Ахмад ибн Абу Дуадқа Мұғтаззиге сілтеп, "әлбетте, біз уәкіл еттік" аятын оқып Ахмад ибн Ханбалға қолын ишара еткенін көреді екен. Мүмін түсінің шындығы осы ғой.
"Аллаһ Тағала пенделердің бірін уәкіл етті"-деу дұрыс па? Иә, дінін орнату үшін уәкіл етті десек дұрыс. Өйткені уәкіл істі тапсырушының орнына сол істі басқарып жүргізуші. Бірақ, Аллаһ Тағаланың орынбасары, көмекшісі жоқ. Ешкімде Оның орнына бола алмайды, ешкімде оған қайшы келмейді. Керісінше , Ол ғана құлының орнына бола алады. (Сапар дұғасында):"Ей Аллаһ! Сен менің сапардағы "жолдасымсың"(иемсің) және үй-ішімдегі орныма қойғанымсың(????)" –делінген. Сөйтіп, Аллаһ Тағала пенде үй-ішімен малынан ғайып болған кездегі орнында болады. Ал, егер Аллаһ Тағаланың Өз пендесін уәкіл еткені – істі соған тапсырып , Өзін сол істен сырт қалдыру арқылы пендесіне сыйлаған нығметі. Сол үшін тәуекел турасында - Өзін Раббылықтан сырт қалдырып (Раббылықты Аллаһқа тапсырып), құлдықты жүзеге асыру"-деген. Аллаһ Тағала Өз құлының уәкілі екендігін мағынасы оған жетерлі болып , ісін және пайда деп білген маслахасын жүргізуші(басқарушы)) .
Аллаһ Тағала құлының уәкіл етуі – іс, жұмыс, ғибадат және ихсан, Оның құлына қажетті (мұқтаж) болуынан емес, керісінше, Оның кеңшілігімен пенделердің мұқтаждығы. Ал, пенденің Аллаһты уәкіл етуі - Оның тәңірлігіне көну, Оған ғибадатты орындау. "Бізге Аллаһтың Өзі жетерлі, Ол Уәкіл (етушілердің) ең жақсысы". Яғни, Ол біздің сақтаушымыз және өте жақсы Сақтаушы, бізді барлық жамандықтардан сақтайды. Жалғыз Аллаһ Өз пендесінің сақтаушысы. Пайда келтірумен зианды кетірудегі.
Тәуекелдің шариғаттағы жеке мағынасы: жүректің Аллаһ Тағалаға сүйенгенінің шындығы, (мейлі дүние, мейлі ақырет істерінде). Ибн Ражап зікір еткендей. Әл-Хасан айтты:"(Тәуекел)- Аллаһ оның сенім артқаны екенін білу(???) және Ибн Ғусаймин айтты: "Пайдалар келтірумен зарарлар (зиандар) кетірудегі жүрегін Аллаһқа сүйенгенінің (жүгінгенінің) растығы, Аллаһ Тағала Өзі бұйырған себептерді орындаумен бірге. Осы түсінік жақсы әрі толық.
Бұл себептерін ұстанбастан бөлек немесе онсыз бола алмайды. Демек, тәуекел – себептерді ұстанумен бірге Аллаһқа сенім артуы және жүгіну. Яғни, осы екі асылдың қосындысы.
Ибнул Қайим р.а. айтты: "Тәуекелдің сыры және оның хақиқаты – жүректің жалғыз Аллаһқа жүгінуімен. Сондықтын жүректің себептерге жүгенбегенімен сүйенбегені , сол себептердің болуы тәуекелге зарар тигізбейді.
Аллаһ Тағалаға толық (бүтіндей) жүгінген адам, жиырма себептері болсада – бір нәрсе істесе оған зианы тимейді. Ал, егерде пенде:"Аллаһқа тәуекел еттім жүректің Аллаһтан өзгеге жүгінуімен Аллаһқа тәуекел еттім"-десе , күнәсін жалғастырып жүріп тәубе келтірдім"-деген кісімен бірдей болады. Тіл тәуекелі жүрек тәуекелінен бөлек болады. Және ол – кәпірлермен батыстағылардың ісі. Себептері бітсе , сөздері тынады. Ал, мүмін болса – себепсіз қалса да, құтылуынан ешқашан үмітін үзбейді.
Тәуекел хақиқаты.
Аз-Зубейди "Тәжүл-арус" кітәбінде былай дейді: "Аллаһ Тағалаға (Аллаһтың қасындағыға) сенім артып, адамдар қолындағыдан күдер үзу. Аллаһқа тәуекел ету себептері ұстанумен (бірге) жүрекпен Аллаһқа жүгіну, сонымен бірге кәміл, айқын. Яғни, Аллаһты Оның ризық беруші, Жаратушы, Тірілтуші,Жан алушы, Одан өзге не тәңір не раббының жоқ екенін білу.
Және де тәуекелге ; Аллаһтың Өзі бұйырғанын орындау үшін тәуекел ету және Аллаһ Тағала Өзі өлшеп жазғанын беруі үшін Оған тәуекел ету жатады. Осының екеуі де Шейхуль Ислам ибн Тәймия айтып кеткен еді. Сонда, (Аллаһтан) пана тілеу амалдар үшін ғана болады. Ал, тәуекел адамда кеңірек . Тәуекел пайданы келтіруші және зарарды кетіруші нәрсе. "Егер олар, Аллаһтың және пайғамбардың бергеніне риза болғанда және :"Бізге Аллаһтың Өзі жетерлі , Аллаһ Тағала Өз кеңшілігінен береді, кейін Оның елшісі бізге береді. Әлбетте біз Аллаһтың Өзіне ғана ұмтылушымыз""(9:59).
Ендеше, Аллаһқа шүкірлі бол, ісіңді Аллаһқа тапсырған болсаң , еш нәрседен қорықпа, Аллаһқа қайтушы және тәуекел етуші бол – сол кезде Аллаһ Тағала Өзі саған көмектеседі.
Тәуекелдің хақиқаты – ғибадат және пана тілеу.
" Оған ғибадат және тәуекел қыл"(11:123).
"Оған тәуекел еттім және Оған қайттым"(11:88).
"Оған тәуекел еттім және қайту Соған тән"(13:30).
"Оны уәкіл етіп алдым "(73:9).
Тәуекелдің ғибадат және пана тілеумен бірге салыстырылып қатар келгенін қара. Пайда келтірумен зианды кетірудегі тәуекел кеңірек ұғым мейлі дүние істерде болсын, мейлі ғибадат үшін пана тілеу болсын.
Тәуекел пана тілеуден кеңірек ұғым. Аллаһ Тағала осы екі асылды бірнеше жерде біріктіріп айтқан еді. (ّاياك نعبد و ايتك نستعين) "Саған ғана ғибадат қыламыз, сенен ғана жәрдем тілейміз"-деген. Демек , ғибадат пана тілеу және Оның жалғыз Өзіне ғана тән тәуекел ету.
Аллаһ Тағала егерде пендесі оған тәуекел етсе – (пендесін) сақтайды. Әрі Ол Өзіне тәуекел етушілерге Өзі-ақ жетерлі, жетерлі дегеніміз – Сақтаушысы. Сонымен қатар одан жамандықты тыйады. Уайым еткенінен және дұшпанынан қорғап қойады.
Аллаһ Тағала Өз елшісіне: "Ей пайғамбар! Саған және саған ілескен мүміндерге Аллаһтың Өзі жетерлі"-дегенде , кейбір адамдар бұл аяттың мағынасы: "Саған, Аллаһ Тағала және мүміндер жетерлі"-деп ойлайды, яғни, олар Аллаһпен бірге құтқарады және сақтайды деп. Негізінде Аллаһ саған жетерлі және саған ілескендерге де жетерлі, сені сақтайды және оларды да сақтайды, Саған және оларға да жетерлі –бәріңізге де. Саған және оларға. Бұл аяттың басқа мағынада түсуі мүмкін емес. Сол үшін басқа аятта : "Егерде олар сені алдауды қаласа -әлбетте, саған Аллаһтың Өзі жетерлі. Ол сені Өз нусраты-жәрдемімен және мүміндер арқылы қолдаған еді"(18:62). Иә, бұл жерде мүмкін.
Жетерлі болумен қолдаудың айырмашылығы.
Мүміннің жетерлі болуы мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес, бірақ, жәрдемші және қолдаушы болуы мүмкін. Иә.
" Мүміндер арқылы қолдады, сені қолдап жәрдем берулері үшін". Бұл жерде еш қиындығы жоқ және таухидке қайшы келмейді. Бірақта, егер "Олар жетерлі болады"-десек, жетерлі болуға шамасы келген кім? Жетерлі болып, өзгелерді жамандықтардан кім құтқара алады? Бұл нәрселерге Аллаһ Тағаладан өзге ешкімнің шамасы жетпейді.
Осы аят мағынасында Ибнуль Қайим былай дейді:""حسبك الله" яғни, жетерлі болғаны. Кімге Ааллаһтың Өзі жетерлі болса - Өзі сақтайды және дұшпаны Оған қалағанын жасай алмас. Және қинағанынан басқа ешбір зиан тигізбейді."
" Қинағанынан басқа ешбір зиан тигізбейді"-нің мағынасы: ыстық немесе суық, аштық , шөлдеу сиақты қиналудың түрлері (зианы тыйуы мүмкін). Бірақ, дұшпанының өзі қалағанына (мұратына жетердей) зиан тигізуі (???)- мүмкін емес. Яғни, Аллаһқа тәуекел етсең – қиналғанынан басқа еш нәрсенің зарары, зианы тимейді.
Яғни, міндетті түрде болуы тиіс нәрсе, бірақ дұшпанының тілегенімен қалағанындай емес. Яғни, жеңіл (азғантай) бір әсер, мысалы, ыстық немесе суықтағанда, шөлдегенде немесе ашыққанда болатын бір жағдай сиақты. Бірақ, егер сен Аллаһқа тәуекел етсең – олар саған өздері қалағандай ешбір зарар беруге шамалары жетпейді.
Аллаһ Тағала әрбір амал үшін оның тиісті жасасын (сауап-күнәсін) белгілеген болса – тәуекел етудің сауабы үшін Өзінің қорғауын белгіледі. Сол үшін, кімде-кім Аллаһқа тәуекел етсе – жер бетіндегінің барлығы оны алдамақшы болсада Аллаһтың Өзі оған жетерлі болады.
(............................)
Аллаһ Тағалаға сенім арту, Оған тәуекел ету және істерді Соған тапсыру – пендеге рухани демеу (рахат) береді. Өйткені, Өзі жалғыз қанша себептерді жасап, күштерін жұмсасада – сұралатын жетіспеушіліктер қалып тұрады. Әр түрлі нәрсені жұмсасада бірақ, олар еш нәрсе қыла алмайды. Егер келіп қалса – еш нәрсе қыла алмайсың....
Мына жақтан алдамақшы болса – менде айла-амал жоқ. Екі жақтан келіп қалса - әзірлігіміз бар, ал енді одан басқа тараптан келсе – ешбір дайындығымыз жоқ. Сөйтіп пенде кейбір себептерді ұстансада – бәрібір уайым қайғыдан арылмайды. Және ол жақта пенденің шамасы жетпейтін нәрселер бар, ал тәуекел болса оған рухани тыныштық береді. Мысалы, айласы (шарасы жоқ) нәрселер. Сол жағдайда адам еш нәрсе істемегені үшін қатты уайымдап қалады. Бірақ, кімде-кім Аллаһқа тәуекел етсе - Аллаһ Тағала оны уайымдағанынан сақтайды.
Қажылыққа келген бір шешен маған төмендегі оқиғаны айтып берген еді:" Орыстар бізге шабуыл жасағанда біз бір үйде қоршауда қалдық. Қашатындар қашып кеттіде , мен өзім қалып қалдым . Сосын үйдің қасындағы қоқыс немесе қартоп қабықтары тасталатын шұңқырға бардыма және шұңқырға түсіп жатуыма тура келді. Орыстар болса үйді басып алып, ішін тінтіп ақтара бастады. Сөйтіп айқайлары көтеріліп , мен жатқан жерге жақындады. Сол кезде менде не қару жоқ не қашыпта кете алмайды. Бір-ақ шұңқыр! Сол бойы менде Аллаһқа қылған тәуекелімнен өзге еш нәрсе жоқ еді. Сөйтіп пайғамбарымыз с.ғ.м-ның сира-өмірбаянындағы бір оқиғамен Құранның бір аятын еске түсіріп оқи бастадым. Бір кезде әскери басшының жәй солдатқа :" Барда ана шұңқырды тінті"-дегенін естідім. Солдаттың шұңқырға аз-аздан басып келе жатқан қадамдарын естідім. Мен болсам , шұңқырда отырмын індегі тышқандай. Мені көріп қайтып кеттіде :"Шұңқырда ешкім жоқ"-деді. Мен таң қалдым! Көзбе-көз ұшырасқан едік.
Мен сұрадым:" Не оқып едің?". Ол айтты:"Сол кезде есіме түскені Ясин сүресіндегі қисса-әңгіме "Олардың алдынан бір бөгетпен арттарынан бір бөгет қылдықта, оларға перделеп қойдық, сөйтіп олар еш нәрсе көрмейді". Ал менде Аллаһ Тағалаға қылған тәуекелден басқа еш нәрсе жоқ еді"".
Сондай бір хал-жағдайлар болады екен, пенде (егер) онда материалдық еш нәрсе істей алмайды . Онда осы тәуекелден басқа еш нәрседе болмайды.
Аллаһқа тәуекел еткенде мына мәртебелердің орындалуы тиіс:
-
Раббыны және Оның сипаттарын тану тиіс, яғни Оның Құдіреттілігі, Жетерлі екендігімен мәңгі Басқарып тұрушы екендігі сиақты сипаттарын тану. Аллаһқа тәуекел етіп, Оған жүгінсең – Оның күшімен құдіретіне және сені сақтайтынына иман келтіруің міндетті болады. Аллаһ Тағаланың есім-сипаттарын жоққа шығаратындармен өзгертетіндер бұл мәртебеден құр қалады.
-
Себептермен себепшілердің бар екендігін мойындау (бекіту). Және оның әсер етудегі өзінше дербес еместігін бекіту. Себептердің (бар екендігіне) қарсы болып, оны жоққа шығарған адам – топас немесе ақымақ. Мәселен, кейбір себептер, балалы болу үшін үйлену, егіннің шығуы үшін жер жырту; сондықтанда, пайғамбар с.ғ.с-ға бір кісі келіп :" (түйесі туралы) Осыны байлап тәуекел қылайынба әлде бос қойып тәуекел қылайынба ?"-дегенде, "Байлап тәуекел қыл!(-деген. Кейде дұғадан басқа себептердің талбылмай қалуы мүмкн. (Бұлда ) Өте жақсы себеп. Және де Аллаһ Тағала Өз пенделерін себептерді ұстануды үйретті:" Ол Аллаһ Тағала сендерге жерді бағындырған. Ендеше Оның айналасында жүріңдер"- деді.(67:15) Және :"Қашан намаз өтеліп болса – жер бетінде таралып , Аллаһтың фазылет-кеңшілігін талап етіңдер"-деді.(62:10) Сондықтан, "Өз ризығым өзіме келмейінше еш нәрсе қылмаймын"- деген адам – Аллаһтың көрсеткен жолымен Аллаһтың құдіретінен надан-бейхабар болады. Аллаһ Тағала "Музәмміл" сүресінде былай деген:" Ал өзгелер Аллаһтың фазылетін іздеп жер жүзінде кезетіндер(ді Аллаһ Тағала біледі)".(73:20) Жер бетін кезу яғни, сапар қылып жүру , сауда жасау. Пайғамбарымыз с.ғ.с-ның сахабалары құрлықпен теңізде сауда жасайтын еді. Олар өздерінің құрма-егіндерінде жұмыс істейтін, оларға жұма күнінің ғұсылы уәжіп болды. Не үшін олар (сол күні ғұсыл құйынуға) бұйырылған еді?
Өйткені олар өздері үшін жұмыс қылатын, күн ысысада, құрма ағаштары арасында.....(жұмыс істеп терлегенде) терлері жүннен тоқылған киімдеріне сіңіп , мешіт ішінде жағымсыз иіс пайда болдатын. Бухари кітәбінде келгендей, оларға :"Жуынсаңыз екен"-делінді.
Имам Ахмад :"Отыра берейік , ризығымыз Аллаһтың міндетінде"-деп, өздерін тәуекел етушілер деп ойлағандар туралы сұрағанда, имам :" Бұл өте нашар сөз. Аллаһ Тағала айтқан жоқпа;" Аллаһты еске алуға ұмтылыңдарда сауданы тоқтатыңдар. (Осылай қылуларың) егер білген болсаңдар өздерің үшін жақсы. Ал, намаз өтеліп болған кезде , жер жүзіне таралыңдар да Аллаһтың фазылет-кеңшілігінен іздеңдер".(62:9-10) Салих ибн Ахмад ибн Ханбал айтты:" Әкем амал қылмай "Біз тәуекел етушілерміз" дейтіндер туралы сұралғанда:"Олар - бидағатшылар"-деген.
-
Жетілуі тиісті болған мәртебелердің және бірі – таухид жолында тұрақтылықтың болуы. Сонымен пенде , таухидті орнына келтірген болса – тәуекелдің мол үлесіне ие болады. "Маған Аллаһтың Өзі жетерлі. Одан басқа (құлшылық қылуға лайық) Тәңір жоқ, Оған ғана тәуекел еттім" алдымен таухид , одан кейін тәуекел .
-
Әрбір жағдайда Аллаһ Тағалаға сүйену, барлық істерін Оған тапсыру арқылы..........??????
-
Аллаһ Тағала туралы жақсы ойда болып , барлық істерді оған тапсыру. Аллаһтың "қолындағыға" өзінің қолындағыдан бетер сенімдірек болу. Аллаһқа сүйенгенінен дүниенің айналып тұрғанына (келуімен кетуіне) не мән бермейді немесе жүрегі .... сілкіністерге ұшырамайды. Оның халі , патшадане бір дирхам алып, оны ұрлатып қойғанда. Әлгі патша оған:" Уайымдама , менде ондайдың бірнеше есе көбі бар, қашан келсеңде , оның еселегенін Өз қазынамнан беремін"-деп айтқан адамның халіндей.
Сол үшін кімде-кім Аллаһ Тағаланың патшалардың Патшасы, қазыналары толы екені білсе, бір нәрседен құр қалғанына алаңдамайды. Өйткені, ол байлықты Аллаһ Тағала туралы жақсы ойды болуға қайтсақ. Хадис қудсиде келгендей, Аллаһ Тағала айтты:" Мен пендемнің Мен туралы ойлағаны қасындамын"-деп.
Аллаһ Тағала туралы жақсы ойда болу Аллаһқа тәуекел етуге үндейді, сен пайда тиер (пайда тиерге ) тәуекел етесің шын мәнінде, адам баласы Аллаһ Тағаланың еш нәрсеге қажеті жоқ, бай әрі Құдіретті. Жетерлі әрі Сақтаушы екенін білсе – Оған тәуекел етеді.
-
Жүректі Аллаһ Тағалаға бағындыру. (Жүрек Аллаһқа) бағынышты құлдың Өз иесіне бағынғандай бой ұсынып бағынса – тәуекел орнына келеді.
-
التفويض Ат-тафуид (істі тапсыру, өкілеттік беру)
"Сендерге айтқанымды ....??? еске аласыңдар, және де мен ісімді Аллаһқа тапсырамын"(40:44). Яғни, Оған тәуекел етемін , және Одан көмек тілеймін, сендерден алыстап, қарым-қатынастарды үзумен бірге. Ибн Масғуд айтты:"Құрандағы тафуид ең күшті аят. Кімде-кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе – (Аллаһтың) Өзі жетерлі болады". Ибнул-Қайим р.х. өз ұстазы Шейхуль Ислам ибну Тәймиядан төмендегі сөзді жеткізді:" Тағдыр етілген нәрсе өзіне екі нәрсені қамтиды. Одан алдыңғы тәуекелмен одан кейінгі ризалық. Дін және таухид көзқарасымен (?) . Кімде-кім істің алдында Ааллаһқа тәуекел етіп, істен кейін тағдыр етілген нәрсеге риза болса – ондай адам құлшылықты нағыз орындаушы.
Сол үшін "истихара" жақсылық тілеу дұғасын қара :"Өзіме ең қайырлысын тағдыр ет", өйткені не нәрсе тағдыр етілседе – барлығы хайырлық. Одан кейін сол тағдыр етілген нәрсеге риза болу. Ендеше тәуекел – тағдыр етілген нәрсенің болуынан алдын істі Аллаһқа тапсыру. Және сол істің болғанынан кейін оған ризалық білдіру.
Құрметті бауырлар !
Осылай біз "Тауаккуль" (тәуекел ету) мен тауаккуль дін айырмашылығын білдік. Өйткені (нағыз) тәуекелде – шариғатқа сиятын себептерді ұстану болады. Кейбір оқушылар емтиханға барарда өздерімен бірге "көшіргіштерін" (шпаргалкаларын) алып, оны "себептер" деп атайды. (!!!) Бұл күнәға тәуекел ету. Бірақта дұрыс тәуекел – шама жететін , шариғи себептерді ұстану. "Жалған тәуекел" – себептерді тәркі ету. Тәуекелді тәркі еткен – Аллаһтың құдіретіне шек келтірген болады, ал себептерді тәркі еткен – ақылының кем болғанынан.
Себептер қаншама аз және әлсіз болсада – пенде оларды жұмсауға тиіс. Сонда Аллаһ Тағала сол арқылы береке беріп , оны әсерлі қылады. Аллаһ Тағала бұны бізге "Мәриам" қиссасында білдерген еді.
*توكّل – тәуекел ету, нағыз тәуекел.
* - تواكل себептерін келтірместен тәуекел ету, жалған немесе қате тәуекел .
Әрбір қажетінде Аллаһқа тәуекел еткейсің
Талап қылғанға әлсіздіктің болмайды әсерің
Аллаһтың Мәриамға айтқанын көрмейсіңбе?
Құрма бұтағын өзіне қарай сілкі саған жас құрма түседі
Егер қалағанда, сілкіместен-ақ түсер еді
Дегенмен, әр нәсенің өз себебі бар емес пе?
Ал, енді әлсіз әйелдің жағдайын елестеп көр. Нифас (яғни, жаңа босанған әйел) кезіндегі әйелді ең әлсіз болатын кезіндегі халін. Ал құрма ағашы болса өте мықты ағаш, бұтақтарыда мықты (оңайлықпен сілкінбейді). Соған қарамастан Аллаһ Тағала :" (Ей Мәриам!) Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкі!"-деді. Бірақта сол бір әлсіз (немқұрайлы) себепті нәтиже қылды. Жемістерді сілкіместен-ақ түсіру мүмкін еді. Әлсіз әйелдің сілкігенінен қанша жеміс түссін?! Бірақ, құлдарды қолданылуы мүмкін себептерді (мейліше) қолдануды үйрету үшін. Бұл тәуекел мәселесінде өте маңызды тұрғы. Ал, пайғамбарымыз с.ғ.с. (жауға шыққанда) қолына қалқан ұстап(??) үстіне сауыт, басына дулыға киіп шығар еді. Бұл не? Бұл себептерді ұстану Мединеге һижрет қылғанда жол көрсетушіні жалдап, іздерін жасырып (алдап) жүрді. Бұның барлығыда – себептерді ұстану. Адамдар мән бермейтін уақытта ешкімнің ойына келмейтін жолмен шығу, өзі пайғамбар бола тұрып??? (ал аятта болса):" Саған Аллаһтың Өзі жетерлі" (8:62), "Аллаһ сені адамдардан қорғайды" (5:67) десе де, Аллаһ Тағала бізге себептерді ұстануды үйретті. Һижра – себептерді ұстанумен бірге Аллаһқа тәуекел ету.
Аллаһ Тағалаға тәуекел ету – жүрек ғылымымен бірге жүрек амалын қосады. Яғни, жүрек білімі – Аллаһ Тағаланың әр нәрсенің тағдырын жазушы және әр нәрсені басқарып тұрушы екенін білу. Жүрек амалы – жүректің Өз жаратушысына бағынуы (орнығуы), Оған сүйеніп, сенім артуы. Сонымен бұл – тәуекел қылудағы екі өте күрделі әрі маңызды нәрсе. Тәуекел өзіне жүрек ғылымымен жүрек амалын қамтиды.
1 – Аллаһтың есімдерімен сипаттарын білу.
2 – тыным тауып, Аллаһқа істерді тапсыру және соған толық бағыну.
Егер сыналсаң, Аллаһқа сенім артып Одан риза бол.
Әлбетте қиыншылықтарды айықтыратын Аллаһтың Өзі,
Аллаһ Тағала (бір нәрсе) тағдыр етсе, Оның құдіретіне көн,
Өйткені Аллаһтың жазғанынан ешкімде айла болмайды
Үмітсізді кейде өз иесін...
(сол үшін) үмітіңді үзбе, өйткені Аллаһ Тағала ең жақсы тағдыр етуші.
Аллаһ Тағалаға тәуекел ету – ризық, амалдың және дүние қызына ие болумен қажеттердің өтелуінде, жағымсыз нәрселерден дүние қиыншылықтарына қорғануда болады.
Сонымен қатар тәуекел Аллаһ Тағалаға ғибадатында болады. Пенденің негізгі мақсаты Аллаһ Тағалаға болса - әлбетте ол орнығып тыным табады, ешбір уайым-қайғыларға түспей Аллаһ Тағалаға дұға қылады. Себептерді жасамай Аллаһ Тағалаға тәуекел ету – (адам) дінімен ақылының төмен дәрежесін білдіреді.(???)
Өйткені біз амал қылуды бұйырдық. (Олардан мысалы)." Еш амал қылмастан, жаннатқа кіруді ойлап: "Жаннатқа Аллаһтың рахметімен кіреміз"-дегеніндердің мысалындай. Олардың бірі айтпақшы:" Үйдегі зианды жиһазщдарды шығарамын деп әйелімнің туысқандарымен біраз ерегістім. Әліде әрекет қылудамын. Ал, әйелімнің ағасы болса, қабаттасып :" Не үшін бұл жиһаздарды үйден шығармақшысың, барлығымызда Аллаһтың рахметіндеміз"-деді. Иә, барлығымызда Аллаһтың рахметіндеміз, дегенмен жаннатқа кірудің себептері жоқпа еді? Себептерін жасамастан , Аллаһтың рахметі қалай болар екен? Әй бауырым! "Әлбетте, Аллаһтың рахметі, мухсиндерге жақын"(7:56), күнәхарлармен пасықтардан жақын емес. Негізгі мәселе кейбір адамдар бар, не дүниелік не шариғаттық себептерді жұмсағысы келмейді. Енді кейбіреулері болса, дүниелік себептерін жұмсап, шариғаттық себептерді жұмсамайды. Дүние табуда, білім алуда, өнерде, жиһаздарды қолдануда – адамдардың алдыңғы қатарында болады. Ал, намазда болса- кемшіліктері көп , харам етілген нәрселерді істегені көп. Сөйтіп, дүниеде себептерді ұстанғанмен, діни себептерді тастап кетеді. Жаннат себептерін ұстанбастан ақыретте қалай құтылып кетер екен?! Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтты:" Амал қылыңдар, әр кім өзіне жаратылғаны үшін береміз".
Тәуекелге қайшы келетін жағдайлар:
1 – Ырымдарға көңіл бөлу. Пағамбарымыз с.ғ.с. айтты:" (Ырым жоқ. Яғни, ырымға сенім жоқнемесе оның әсері жоқ) Ырым – көзге көрінетін немесе естілетін нәрседене болады. Мәселен, бір көзді адамды көріп, немесе құстың сол жаққа ұшқанын оны бір нәрсеге жорып (жақсылыққа не жамандыққа) сапарды не үйлену тойын, не басталайын деп тұрған жұмысты тоқтату сияқты.
*ырым жоқ. Бұл жерде ырымның жоққа шығарылуы, оның тыйым салынған амалдардан екендігіне дәлел болады.
Бұл Аллаһқа тәуекел етуге қайшы келетін іс. Мысалы, ұшақтағы орын нөмірі он үшінші болып бронь етілді. Ендеше, мен ол орынға отырмаймын десе – ырым еткен болады. Он үшінші орынннан аулақ болу – шариғаттың рұқсат қылған себептеріне мүлдем жатпайды. Немесе бір адам жолдасымен сауда келісімін түзуге барарда көгершін не басқа бір құс көріп "Бұл жаман белгі "-десе. Сонда бұл жерде құстың не себебі бар? Сонымен , ырымға нану – таухидке қайшы келетін іс.
Али р.а-ға бұзақылармен соғысуға шығайын деп тұрғанда, жұлдыздарға қарап, болжам айтатын бір кісі келіп:" Кәзір "шайан" жұлдызындамыз, ей Али! Егер соғысқа шықсаң осы соғыста көп шығынға ұшырап, жеңіліп қаласың"-деді. Сонда Али р.а. Аллаһқа сенім артып , Оған тәуекел етіп шыққанды. Аллаһ Тғала сол жорығында қайырлық және жеңіс жазған еді. Сол адамдар бақсы-балгерлердің айтқанына әдейілеп керісінше теріс істеулері тиіс. Егерде оған балгер:" Бұл жорығыңда сен үшін жамандық (қатер) бар, жұлдыздың тұруы болса мынау"-десе, "Жоқ, тап саған қарсы болып, таухидке және сүннетке сеніп (жорыққа )шығамын, сенің айтқаныңа қарсы (теріс) іс қыламын, әй өтірікші – тажжал"-деуі керек. (Сондай-ақ) Балгерлерге барып, олармен байланыста болу , тұмар тағу – тәуекелге қайшы нәрселер. Өйткені адам , үстіне не тақса соған сүйенген болады. Сондықтанда адам баласы , Құраннан аяттар болсада үстіне тақса – жүрегі сол ішінде тұмары бар терімен, не қағазбен, не жазылған сиямен байланысады. Ал, негізінде жүрек Аллһпен байланысуға тиісті еді. Оны мойнына асып, не білегенін байлап, қағазбен не терімен емес – Аллаһпен байланысуға тиіс. Енді кейбіреулер болса:" Бұл себептер ғана!"-дейді. Сол кейбіреулермен негізгі қайшылықтарға түсетін жеріміз осы. Сонда біз шариғи себептерді тұтынуға бұйырылған ба едік? Әлде көрінген себептерді тұтынамызба? Негізінде тәуекелмен бірге шариғи себептердің болуы керек. Ал енді, үстіне моншақ, жіп таққан, ағаштарды теберік қылатын, "Ағузу"ны жазып (немесе жаздырып) үстіне тағу сиақты шариғатқа симайтын себептерді қалай ұстанамыз? "Кімде кім бір нәрсе тақса – соған тәуекел еткені", сөйтіп Аллаһқа тәуекел етуден құр қалып, тәуекелі басқа бір жасанды нәрсеге қылынған болады. Сол себептен таухидтері әлсіздеу адамдарға осындай жағдайлардың көп кездесетінін көресің. Мәшінесіне, үйіне, мойнына немесе балаларына іле береді. Оның ішінде кейде ширки нәрселерде болады. Өйткені ол кез-келген себепті қалайды. Онда не таухид не мықты тәуекел жоқ, сөйтіп ол қорқақ болады да кез-келген себепті ұстанып, көрінгенін істейді, мейлі шариғатқа қайшы келмеседе. Сол үшін ол ізіне қайтып, артына шегінедіде, қалағанына жете алмай, қорқынышпен қайғыда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |