1. Новокаинамид ерітіндісі
|
2. Аскорбин қышқылы ерітіндісі
|
Новокаинамид 100 г
|
Аскорбин қышқылы 50 г
|
Натрий метабисульфиті 5 г
|
Натрий гидрокарбонаты 23,85 г
|
Шаншуға арналған су 1 л дейін
|
Сусыз натрий сульфиті 2 г
|
|
Көмірқышқыл газына қаныққан
шаншуға арналған су 1 л дейін
|
Ол үшін:
- 25-100 мл ерітінді дайындау үшін жұмыс жазылымын құрастыру;
- ерітінді дайындау, оның концентрациясын анықтау, фильтрлеу, мөлдірлігін және механикалық қоспаларын тексеру, ерітіндінің бір бөлігіне тұрақтандырғыш (антиоксидант) қосылады, екінші бөлігіне косылмайды (салыстыру үшін);
- тұрақтандырғышсыз ерітінділер құйылған ампулалар сыртына белгі қойылады, ампулаларды ерітінділермен толтырып, дәнекерлеп, стерильдеп, сапасын тексеріп, ампулаларды бракераждау;
- ампулданған ерітіндінің сапасын бағалау;
- дайын өнімді безендіріп, оқытушыға өткізу, регламентті безендіру;
Тапсырма 3. Жұмысты орындау барысында студенттер техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария жағдайларын және оқу лабораториясындағы ережелерді қатаң сақтау керек, ампулаларды ашу кезінде және дәнекерлеу кезінде (спиртовкамен жұмыс істеу кезінде) мұқият болуы керек.
Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтармен жұмыс.
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Есеп 1. 100 ампуланың термиялық тұрақтылығын тексеру кезінде бір партиясынан 32 ампула жарылды. Ампуланың тұрақтылығы төмен болуы неліктен және оны қалай жақсартуға болады?
Есеп 2. Ампуланың химиялық тұрақтылығын тексеру кезінде 1200С 30 минутта стерильдеген соң судың рН-ын потенциометрлік әдіспен анықтаған кезде, рН-тың бастапқы мәнінен 1,4-ке өзгерген. Шыны маркасын анықтаңыздар.
Есеп 3. ФеноДНталеиндік әдіспен шынының химиялық тұрақтылығын тексерген кезде, стерильдеуден кейін қызғылт түс пайда болған. Шыны маркасын анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |