ІІ. Түсіну сатысы
Мағынаны тану
Тарихи мағлұмат
Шарль Огустен Кулон (1736-1806) – Электр және магнетизм тәжірибелерімен танымал француз физигі. Оның ең басты жетістігі денелердің өзара әсерлесу күшін өлшейтін құрал – иірілмелі таразыны ойлап тапты.
Ө лшемдері электрленген шардың өлшемдерімен бірдей, заряды жоқ үшінші шардың көмегімен Кулон алдыңғысының зарядын тең екіге бөлді. Осылайша, Кулон тәжірбиесін қорыта келе, шарлардың өзара әрекеттесу күшін анықтады. Бұл күшті Кулондық деп атады.
Арақашықтығымен салыстырғанда өлшемі кішкентай зарядталған денелер үшін Кулон заңы жүзеге асатынын көреміз. Мұндай денелерді нүктелік зарядтар деп атайды. Дәптерлеріне анықтаманы жазып алыңдар.
|