АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету
Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.
Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
Жаңа тақырыпты бекіту
1. Қауіпсіздік техникасы ережесі туралы не білесіңдер?
2. Қандай алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білесіңдер?
3. Қандай көзді талдырмау және шаршатпау жаттығуларын білесіңдер?
Үйге тапсырма
ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелерін оқып келу
VІІ.Пайдаланылған әдебиеттер
Жаңа информациялық техологиялар: Информатикадан 30 сабақ
Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқулық
Достарыңызбен бөлісу: |