Сабақ тақырыбы : Үлесті оқыту әдістемесі Модуль/пән атауы



Дата01.03.2024
өлшемі18.27 Kb.
#493568
түріСабақ
e9db019c-3aed-4449-bee1-1d58850e6cac (2)


М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі


Сабақ тақырыбы: Үлесті оқыту әдістемесі
Модуль/пән атауы: КМ 03 Оқу ақпаратын тарату.
ОН 3.4. Бастауыш сыныптарда арифметикалық,алгебралық,геометриялық материалдарды, математиканы оқыту әдістемесін қолдану

Мамандық: 01140100-Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік: 4S01140101-Бастауыш білім беру мұғалімі


Дайындаған оқытушы: Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы
 24. 02. 2024 ж.


Жалпы мәліметтер


Курсы 3 оқу жылы 2023-2024 ж.ж. топ ББ-Б-21
Сабақ типі өндірістік оқыту


Мақсаты, міндеттері



  • үлес ұғымымен таныстыру, үшінші сыныпта үлестерді оқытудың міндеттерін біле отырып, әдістемесін үйрету және жетілдіру;


Сабақтың барысы
Топты 3 топқа бөлу:
- Үлестерді салыстыру
- Үлесі бойынша санды табу
- Саны бойынша үлесті табу


  • Оқытудың міндеттері:

  • Санның немесе шамалардың үлесі туралы көрнекілік негізінде нақты түсінік қалыптастыру.

  • Үлестермен және олардың жазылуымен таныстыру; үлестерді салыстыруға үйрету.

  • Санның(шаманың) үлесін және үлесі бойынша санды(шаманы) табуға арналған есептерді шығаруға үйрету.



а) Imektep -тен видео үзінді: талдау, үлес туралы түсінік қалыптастырылады;
«Үлес» ұғымы бөлшек ұғымын енгізуге тірек білім болып табылады. Ол бүтін мен бөлшектің қатынасын сипаттайды.
ә) Үлестерді салыстыру.
Үлестерді салыстыру көрнекілік негізінде жүзеге асырылады: 1/3<1/2
Бөліктерге бөлінген тең тік төртбұрыштар түріндегі көрнекі құралдарды пайдаланып, көрсетуге болады:

1

1/2

1/2

1/4

1/4

1/4

1/4

1/8

1/8

1/8

1/8

1/8

1/8

1/8

1/8



Тапсырма. Салыстыру:
1 ½ ; ¼ ½ ; 1/8 ¼ ; ½ 1/8; ¼ 1
б) Санның(шаманың) бөлігін табуға арналған есептер
«Ұзындығы 15см болатын жолақшаның үштен бір бөлігі кесіліп алынды. Кесілген бөліктің ұзындығы неше сантиметр?» (оқушыларда 15см-лік жолақша бар).
Оны үш тең бөлікке бөледі де, бір бөлігін алады; жолақшаның үштен бір бөлігінің ұзындығын өлшейді. (5см) Шешуін жазады: 15:3=5(см)

в) Үлесі бойынша санды табуға арналған есептер
«Асан сымнан 5 см қиып алды. Бұл сымның үштен бір бөлігі. Сымның ұзындығы неше сантиметр?»
Оқушылар 5см кесінді сызады: Кесілген бөлік қандай бөлікті құрайды? (1/3)
Шешуі: 5*3=15(см).
Қорытынды: үлесі бойынша санды табу үшін осы санды сызықтың астындағы санға көбейту керек.
Мұндай жаттығуларды орындау барысында үлес туралы алынған мәліметтер жүйеленеді, білім жалпыланады және бастауыш мектептен кейінгі буында қарастырылатын қарапайым бөлшектерді енгізуге алдын-ала дайындық күшейтіледі.

Тапсырма:

  1. «Математика-3 сынып» Ә.Б. Ақбаева, Л.А. Лебедева, М.Ж. Мыңжасарова, Т.В. Лихобабенка оқулығынан «Үлестер» тақырыбына жаңа сабақты түсіндіруге қысқа мерзімді жоспар бөлігін құр.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет