Сабақ тақырыбы №3 модельдеу. «Адамның, сиырдың және жауын құртының асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру»



бет1/9
Дата22.10.2023
өлшемі393.02 Kb.
#481389
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
био кур қмж


Бекітемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Каумешова Т.Б.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Жамбыл негізгі орта мектебі

Күні: 25.09.2023ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мұқамбетова М.Қ.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

№3 модельдеу. «Адамның, сиырдың және жауын құртының асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.2.1 омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр) жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
Асқорытудың құрылысын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
Асқорытудың маңызын, қызметін біледі.
Кейбір оқушылар
Асқорыту мүшелеріндегі ерекшеліктерді түсінеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақты ұйымдастыру
Ынтымақтастыру атмосферасын құру
Сұрақтар қою.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы
Тұқым дегеніміз не?

  1. Қосжарнақты тұқымның құрылысы

  2. Тұқым қабығы

  3. Қосжарнақтылар дегеніміз не

  4. Ұрық деген не

  5. Эндосперм деген не?

  6. Даражарнақтылар дегеніміз не

Жаттығуды аяқтағаннан кейін оқушылар жұмыс нәтижелерін талқылайды.
Адасқан әріптер
1.Са урыоқт — (Ас қорыту)
2.Кітркеоқ разтта — (Қоректік заттар)
3.Менрефретт- (Ферменттер)
4.Зурынә — (Нәруыз)
5.Міскөру — (Көмірсу)
6.Мйа — (Май)
7.Инматив — (Витамин)
8. Шеңө – (Өңеш)
9. Назақас- (Асқазан)
Әр оқушы тақта тұрған терминдерге түсініктеме береді.



Power Point презентациясы

Сабақтың ортасы

Материктерді зерттеу үшін картаны табу. (Өз бетімен материалмен танысу-4 мин)
Әр оқушыға жаңа тақырып мазмүны бар мәлімет берілген.

  1. Балықтардың асқорыту жүйесі.

  2. Қосмекенділердің асқорыту жүйесі.

  3. Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі.

  4. Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі.

Материк картасы интерактивті тақтада көрсетілген жануардың ішкі құрылысы суретінің артында орналасқан. Оған жету үшін топтар оның асқорыту жүйесін белгілеу керек. (Алдарында суреттер бар)
«СУРЕТТІ СӨЙЛЕТУ»
Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға түскенше елеулі өзгеріске түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен араласып ас ақырына дейін қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі. 
Құстардың жақсүйектері – мүйізденген тұмсық; тістері болмайды. Жемнің мөлшері үлкен болса, оны тұмсығымен шоқып бөлшектеп жұтады.
Дәнқоректі құстарда (кептерлер, тауықтар, т.б.) өңештің соңғы бөлімі кеңейіп, жемсауға айналған. Мұнда жем бездерден бөлінетін сөлмен араласып жұмсарады және аздап өзгеріске ұшырайды. 
Бунақденеліқоректі құстардың (мысалы, қарлығаштар, үйректер, т.б.) жемсауы болмайды. Жем өңештен қарынға өтеді.
Құстардың қарны екі бөлімнен – безді қарыннан және етті қарыннан тұрады. Қарынның алдыңғы бөлімі – безді қарында жем асқорыту сөлімен араласып, одан соң етті қарынға түседі. Бұл бөлімнің бұлшықеті қалың және іші қасаң, қатпарлы қабықпен астарланған. Бұлшық еттің жиырылуынан жем қасаң қабықпен және құстың үнемі жұтатын майда тас-құм түйіршіктерімен үйкеліп әбден ұсақталады, ботқаға айналады. Сонымен құстарда етті қарын тістің қызметін атқарады. Жем бауыр мен ұйқы бездері сөлінің әсерінен ішекте әбден қорытылады.
Сүтқоректілерде, әдетте тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу тістер.
Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат – дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.
Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі. 
Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді болады. Етпен қоректенетін(мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.
«Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы. Ас қорыту мүшелері бойынша топтарға тапсырма беріледі. Оқулықпен жұмыс.
1-топ Ас қорыту мүшелері ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш Қарын, аш ішек,тоқ ішек
2- топ Ас қорыту бездері: сілекей бездері, асқазан бездері, ішек бездері
Бауыр және ұйқы бездері

1.Дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобын … дейді.
2.Жүйке ұлпасы … деп аталатын жасушалардан тұрады.
3.Гидра денесі жасушалардың сыртқы …, ішкі… қабаттарынан тұрады.
4.Ауыз қуысы- жұтқыншақ-қарын- ішек .. болады.
5. Органикалық заттар үздіксіз ыдырағанда үнемі … бөліп шығарады.
6. Нейронның ұзын өсіндісін — … дейді.
7.Қысқа өсінділері… деп аталады.
8. … – ағзадағы негізгі қуат көзі.
9. Ауыз тесігі – ішек қуысы- ас қорыту вакуолі … болады.
10. … ұлпасы тірек қызметін атқарады.







Карточкалар




Сабақтың соңы

: «Шындық па, жалған ба ?»
1. Асқорыту мүшесінің ұзындығы 8-10м.
2. Асқорыту жолының қабырғасы ішкі, ортаңғы және сыртқы үш қабаттан тұрады.
3.Асқазан-асқорыту жолының кеңейген көлемді мүшесі.
4.Жұтқыншақ тек қана асқорыту мүшесі болып табылады.
5.Ашішек ұлтабарғ ашішек және мықынішек деп бөлінеді.
6.Өңештің ұзындығы 1 см.
7.Асқазанның сыйымдылығы 2-3л.
8. Асішекте астың қорытылуы аяқталады.
9.Бауырдың массасы 100г.
10.Ұйқы безі ұзындығы 10-12 см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.
11. Ішек бүрлерінің жалпы саны 1 млн-ға жетеді.
Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды бағалаймын, бағаға түсініктеме беремін.
Рефлексия:
«Менің көңіл-күйім» баспалдағы. Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.






Бекітемін:


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Каумешова Т.Б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет