Сабақ Тақырыбы: Қаңқа бұлшықеттері: тұлғаның бұлшықеттері, бас және мойынның бұлшықеттері, қолдың бұлшықеттері, аяқтың бұлшықеттері



бет2/5
Дата23.05.2022
өлшемі0.62 Mb.
#458564
түріСабақ
1   2   3   4   5
4-5 практикалық сабақ жауабы.Әбдімуратов Ержан Фкс-21-21

Тапсырма 1: Кестені толтырыңыз

Бұлшық ет атауы

Пішіні

Орналасуы

Арқа бұлшықеті

трапеция және ромбы тәрізді

трапеция пішінді бұлшықеттер-жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді.
ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының өсіндісіне бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.

Көкірек бұлшықеті

желпуіш тәрізді, күмбез тәрізді 

 көкіректің үлкен бұлшықеттері -кеуде қуысының алдыңғы жағын жауып жатады.
сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер – қабырғалардың аралығында орналасқан.
ішкіқабырғааралық бұлшықеттер – сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің астында орналасқан.
4) көкет (диафрагма) .Көкетте өңеш, қолқа қантамыры төменгі қуысты вена қантамыры өтетін тесіктері болады.

Құрсақ бұлшықеті

алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік

құрсақты қаптап тұратын бұлшықеттерге алдыңғы тіс тәрізді, сыртқы және ішкі қиғаш, тік және т. б. бұлшықеттер жатады.

Бас бұлшықеті




 Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ сүйегіне бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақ қозғалысқа келіп тамақты шайнауға қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді.

Мойын бұлшықеті



ұзын, арық 

Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Артқы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады. Мойын бұлшық еттері орналасуына байланысты беткей және терең еттер болып бөлінеді. Беткей еттеріне а) төс-бұғана-емізікше еті жатады, ол төс және бұғанадан басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді; б) тері асты-адамда қалдық ет болып саналады, сүт қоректілерде жақсы жетілген. Ол үлкен көкірек еттерінің жоғарғы жағынан басталып, жақтың төменгі жерінен бекиді; в) жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзеді. Төменгі жақ сүйектен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Беткей еттеріне иек-тіл асты без-тіл асты т.б. еттер жатады. Терең еттер мойын омыртқаның алдынғы және бүйір жағында орналасқан. Бүйір еттерге алдынғы ортанғы және артқы сатылы еттер жатады, олар 3-4 мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, 1-2 қабырғаларға бекиді. Мойынның алдынғы терең еттеріне бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады, олар шүйде сүйегінен басталып, көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекиді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет