Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»


Еңбек төлемінің 2 түрі бар



бет42/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

3.Еңбек төлемінің 2 түрі бар:
1. Негізгі
2. Қосымша
Негізгі еңбекақы-бұл қызметкерлерге (персоналдарға) нақты жұмыс істеген уақыты, орындаған жұмысының немесе өндірген өнімінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалау немесе қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы.
Негізгі еңбекақы құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істелген уақыт үшін тарифтік мөлшерлеме, кесімді бағалау бойынша немесе орташа еңбекақы бойынша есептелетін еңбекақы:

  • еңбек сіңірген жылдары үшін үстеме ақы;

  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді еңбекақыдағыларға қосыша ақы (материалдардың сәйкессіздігі, аспаптар мен жабдықтардың бейімсіздігі, жұмыспен өтеудің қиындықтары (сложности отработки));

  • үдемелі бағалау бойынша (по прогрессивным расценкам) кесімді еңбекақыдағыларға қосыша ақы;

  • кәсіпорын жүйесіндегі ұдайы қолданыс тәртібімен бекітілген ақшалай және заттай сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер (үстемеақы);

  • мезгілден тыс жұмыс үшін қосыша ақы;

  • түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосыша ақы;

  • жұмысшының кінәсінен болмайтын жұмыссыз бос тұрып қалған уақытқа (простой) төлемақы.

Қосымша-нормативтік еңбек жағдайында байланысты жүргізілетін
ауытқушылықтар үшін:
а) жұмыс жасаған уақытына
в) жұмыс жасамаған уақытына.
Жұмыс жасаған уақытында

  1. Тарифтік мөлшерлеменің бригадасы (бөлімді) басқарғаны үшін 10% дейін:

  2. Түнгі уақыттағы жұмыс үшін сағатық-тарифтік мөлшерлеменің 1,5 мөлшерінен кем емес.

  3. Мереме және демалыс күндері жасаған жұмыс үшін сағаттық-тарифтік мөлшерлеменің 2 еселенген мөлшерінен кем емес.

  4. Тоқтап қалған уақытына төлем.Қызметкердің орташа жалақысы 50% кем емес.

  5. Жас өспірімнің жұмысына жеңілдік түрде қосымша төлем.

Жұмысшылар демалыс күндері тек өздерінің келісімі бойынша шақырылады. Ал келесі жағдайда ол ескерілмейді:

  • аяқасты жағдайлармен,стихиялық аппаттарды болдырмау үшін алдын-алу;

  • оқыс жағдайларды болдырмау және тексеру үшін.

Түнгі уақыттағы жұмыс және оның еңбек ақысы.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы » Заңының 48,73-баптарына сәйкес сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып табылады. Аяғы ауыр (жүкті) әйелдер түнгі уақыттағы жұмысқа тек олардың келісімімен ғана жіберіледі.
Түнгі уақыттағы жұмысқа 18 жастан кіші тұлғалар және медициналық анықтамасында түнгі уақытта істеуге тыйым салынған кейбір тұлғалар жіберілмейді.
Түнгі жұмыс уақытындағы әр сағат үшін бір жарым (полуторном) мөлшерден кем төленбеуі керек.
Жұмыс уақытындағы барлық жұмыс кәсіпорындарында бекітілген бастапқы құжаттармен ресімделеді және кәсіпорынның (ұйымның) ақымдық келісімшартында (Еңбек туралы ереже) бекітілген жоғарғы мөлшерде төленеді, ол заңда қарастырылған мөлшерден төмен болмау керек.
Демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс және оның еңбекақысы.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы » Заңының 56,57,58,59-баптарына сәйкес:

  • қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайын үзіліссіз демалыс уақыты) беріледі;

  • бес күндік жұмысаптасында қызметкерлерге аптасына демалуға 2 күн беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасына 1 күн;

  • жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасының екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісінде немесе жұмыс кестесінде бекітіледі. Екі демалыс күні, тәртіп бойынша қатар беріледі;

  • жұмыс күндері мереке күндерімен қатар келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыра алады.

  • жұмысшылар демалыс күндері жұмысқа мына жағдайларда қоспағанда ғана олардың келісімімен жіберіледі;

  • төтенше жағдайларды болдырмау немесе дүлей апат, өндірістік апаттың алдын алу немесе олардың салдарын дереу залалсыздандыру үшін;

  • қайғылы оқиғалардың (жағдайлардың), мүліктердің апат болуының алдын алу және олардың себеп-салдарын тексеру үшін;

  • тұтас ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің қалыпты жұмыс істеуіне ықпалын тигізетін, жылдам орындалуды талап ететін, бұрын байқалмағандақтан шұғыл істелетін жұмыс үшін.

Ұйымдарда демалыс күндерінде өндірістік-техникалық жағдайларға немесе халықтық ұдайы қамтамасыз ету (қызмет ету)қажеттілігіне,сондай-ақ кәсііюръшдаш үзіліссіз өндіруге қарай жұмысты тоқтату мүмкін болмауына байланысты,демалыс күндері аптаъщ әрбір күндерінде әр жұмысшылар тобъша жұмыс беруші бекіткен ауысъш кестесіне сәйкес кезекпен беріледі .Қазақстан Республикасьша белгіленген мереке күндерінде өндірістік-техникалық себептерге байланысты жұмысты тоқтатпайтьш ұйымдарды немесе халықты ұдайы қамтамасыз ету (қызмет ету)қажеттілігіне орай жұмысын тоқтатпайтын ұйымдарды қоспағанда жұмыс істеліндейді.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 73-бабына сәйкес мереке және демалыс күндерінде істелген жұмыстың еңбекақысы әдеттегіжұмыс күнінің еңбекақысы мөлшерінен екі есе жоғары болуы керек.
Мереке және демалыс күндерінде жұмыс істеген жұмысшы өтемақыны қосымша демалыс күнімен ауыстыра алады.Яғни,өтемақыны алмас,жұмыс уақытында сол өтем ақы мөлшеріндегі еңбекақы есебінен демалыс алуы мүмкін.
Жұмыс жасамаған уақытында
Жұмыс беруші №731 1999 жылы 11-маусымынан ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыс берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыны төлеумен тағайындау туралы» нұсқау талабымен сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойынша әлеуметтік
жәрдемақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті.Олардың қатаына:

- жұмыста мердігуі;
- кәсіби сыртқа үшін;
- тұрмыстық зақым;
- жүктілік,босану.
Еңбекке уақытша жарасыз уақыты бойынша берілетін жәрдемақы мына жағдайда төленбейді.

  1. Қылмыс жасау кезінде алған зақымына;

  2. Сот шешімі бойынша анықталған мәжбүрлік түрде емделген кезде;

  3. Алкогольдің, есірткінің, ұлы затының нысандарының алған зақымына.

Еңбекке уақытша жарамсыз бойынша берілетін жәрдемақыны есептеу орташа айлық жалақысынан алынады, бірақ орташа айлықтық жалақы 10 есе еселенген айлық есеп көрсеткіші (АЕК) деңгейінен аспау керек.
Демалыс уақыты үшін төлемақы
Жеке еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істеушіге жұмыс орны (қызметі) мен орташа еңбекақысын сақтайтын жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына байланысты кепілдік беріледі. Еңбек демалысының төлемақысы оның басталуына күнтізбедегі бойынша 3 күн қалғанда беріледі («ҚР Еңбек туралы» Заңының 60-бабы).
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 60-бабы, 3-тармағына сәйкес: «Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, егер басқасы жеке категориядағы қызметкерлерге арналған нормативті құқық актілерінде, жеке еңбек келісімшартында немесе ұжымдық келісімшартында және жұмыс берушінің актілерінде қарастырылмаған болса, қызметкерлерге күнтізбедегі 18 күннен кем болмайтын уақытқа беріледі» .
Жыл сайынғы бөленбелі қосымша еңбек демалысы өндіріс, жұмыс, мамндық, қызмет тізбелеріне сәйкес өкілетті мемлекеттік органдар анықтаған көп күш жұмсауды қажет ететін ауыр жұмыс жағдайында немесе зиянды, қауіпті жұмыс жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге беріледі:
Қатарынан 2 жыл ішінде еңбек демалысының берілмеуге тыйым салынады.
Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы күнтізбе күндерімен есптеледі. Еңбек демалысының уақытында болатын жұмыс ережесі мен кестесінде белгіленген мерекелік күндер есепке кірмейді.
Жыл сайынғы еңбек демалысына рұқсат ететін еңбек стажына мыналар кіреді:

  • Жыл ішіндегі істелінген нақты жұмыс уақыты;

  • Заңсыз жұмыстан босанудағы еріксіз жұмысқа келмеу уақыты;

  • Уақытша еңбекке қабілетсіздігі қағазда (анықтамада) расталған, емделуге кеткен уақыт.

Жұмыстың бірінші жылындағы еңбек демалысы жеке еңбек келісімшарты бойынша бір жыл біткенше беріледі. Жыл сайынғы еңбек демалысына өтініш бойынша бөліп-бөліп (по частям) беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысы ауыстырылуы мүмкін, толық ұзартылуы мүмкін немесе қызметкердің уақытша еңбекке қарай бөліп берілуі мүмкін, демалыс уақытындағы жүктілік және туу бойынша да еңбек демалысы ауыстырылуы, ұзартылуы, бөліп берілуі мүмкін, алайда еңбек демалысы уақытындағы уақытша еңбекке қабілетсіздікке жәрдем ақы берілмейді (есептелмейді).
Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмысшының келісімімен немесе оның өтінішімен ғана келесі жұмыс жылына ауыстарылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін немесе жұмысшының уақыты бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін.
Қызметкердің өтініші негізінде тараптардың келісімі бойынша оған еңбекақысыз демалысы берілуі мүмкін.
Қызметкер өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланғанына немесе толық пойдаланбағанына қарамастан жеке еңбек келісімшартын бұзған кезде оған өтемақы төленеді. Егер жеке еңбек келісімшартын бұзу қарсаңында қызметкер жұмыс жылының бір бөлігін істеген болса, оған өтемақы істеген уақытына үйлестіріліп (пропорционально) төленеді.
Демалыс төлеміне аралған орташа күндік еңбекақы мен пайдаланылмаған демалыс үшін төленетін өтемақы демалысқа кетер айдың алдындағы (айдың 1-інен келесі айдың біріне дейін) 12 күнтізбе айының еңбекақысымен анықталады.
Демалыс төлеміне арналған орташа күндік еңбек ақы мен пайдаланылмаған демалыс үшін төленетін өтемақы былай есептеледі:

  • егер барлық есептік кезең толық істелінсе, есептік кезеңде есптелген еңбекақы сомасын 12-ге және демалыс төлеміндегі күнтізбе күндерінің орташа айлық санға бөлу арқылы (365 күн -10 мереке күні: 12 ай = 29,58-2006 жылға арналған есептегі күнтізбелік күндердің орташа айлық саны).

  • егер есептік кезеңдегі әрбір он екі ай толық істелінбесе, істелінген уақыт есептелген еңбекақы сомасын істелген уақыттың күнтізбегіндегі күн санына бөлу арқылы (күнтізбе күніндегі демалыс уақыты да бұған қосылады) .

Оқу демалысының төлемі (оплата учебных отпусков), сондай-ақ ұйымда белгіленген қызқартылған жұмыс аптасындағы демалысқа төлеу жұмыс аптасындағы демалысқа төлеудің ұқсас тәртібімен (аналогичном порядке) жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет