Сабақ тақырыбы: Кесімді және мерзімді төлемақыны есептеу.
1.Кесімді төлемақы.
2.Мерзімді төлемақы.
Іс жүзінде еңбек ақылық ұйымдардың 2 негізгі нысаны пайдаланылады:
I.Кесімді ақы төлеген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындаған жұмысшылардың әрбір бірлігіне есептейді.(кг, тонна, км).
Кесімді еңбекақы кезінде келесі жүйелер іске асады:
Тікелей кесімді еңбек ақы
Кесімді-сыйлық
Кесімді үдемелі
Жанама кесімді
Аккордтық кесімді.
Тікелей кесімді еңбекақы жүйесінде жалақы дайындалатын өнімнің кез келген санына белгіленген кесімді баға бойынша орындалған жұмыс үшін есептелінеді. Еңбекақы жұмысшының дайындаған өнім санына арналған белгіленген бағаларға көбейту жолымен анықталады. Сонымен бірге еңбекақы әрбір өндірілген бұйым бірлігі үшін бір ғана сол бағалау бойынша төленеді.
Сыйлықақы кесімді еңбекақы жүйесінде жұмысшының жалақысы нақты өнімділік үшін есептелетін негізгі кесімді бағалау бойынша еңбекақыдан құралады және белгіленген сыйлық ақы көрсеткіштерін жоспарды, нормаланған тапсырманы және өнімділік нормасын орындау және асыра орындау; өнімнің сапасын көтеру; шикзатты, отынды, энергияны, материалды үнемдеу; жабдықтау жұмысының техналогиялық тәртіптемесін сақтағаны үшін есептелетін сыйлықақы төленеді.
Үдемелі-кесімді еңбекақыда жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін- тікелей кесімді бағалау бойынша емес, өнімді нормадан тыс өндіргені үшін- үдемелі өсу бағасы бойынша есептелінеді.
Жанама кесімді еңбекақыда қосалқы және басқа өндірістегі жұмысшылардың еңбекақы көлемі олардың негізгі өндіріс жұмысшыларына қызмет етудегі жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне байланысты есептеледі.
Көтеріңкі еңбекақы жүйесі әр түрлі мамандықтағы жұмысшылардан құрылатын бригаданың жөндеу жәнеде басқа жұмыстарды орындау барысында қолданылады. Бұл жүйеде жалақы алдын-ала белгіленген нормаланған тапсыпма бойынша барлық жұмыс көлемінің орындалуымен анықталады. Еңбекақы жұмыстың ең жоғарғы мерзімінде орындалуы мен қоса көрсетілетін түпкілікті өнімнің өлшеу бірлігіндегі белгіленген бағалау бойынша барлық жұмыс көлемі үшін жүргізіледі. Бухгалтерия нақты еңбекақыны жұмыс істелінген әрбір уақыт ішіндегі сағат санына ж\е жұмысшылар разрядына сәйкес бригада мүшелеріне бөледі. Бұл жағдайда сыйлықақы сапаны сақтау барысындағы жұмысты орындау уақытын қысқарту үшін жүргізіледі. Көтерінкі еңбекақы жүйесі материалдық мүдделікті тудыру ж\е жұмысты орындау уақытын қысқарту үшін жүргізіледі.Көтерінкі еңбекақы жүйесі материалдық мүдделікті тудыру және жұмысты орындау мерзімін қысқарту мақсатында жеке жұмысшылар тобына енгізілуі керек. Көтерінкі еңбекақы жүктелімімен ресімделеді. Бригада мүшелерінің өтініші бойынша көтерінкі еңбекақы оларға тең бөлінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |