Сабақ тақырыбы: Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. Bios тестілеу Модуль /пән атауы Педагог



бет4/4
Дата28.11.2023
өлшемі250 Kb.
#484584
түріСабақ
1   2   3   4
Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. BIOS тестілеу

Тапсырма №1.
Мәселелерді шешу жолдары компьютердің ақауларына қарай әр-түрлі тәсілдермен іске асады, дегенмен 70%-да кездесетін мәселелерді қарапайым жолдармен шешуге болады.
Компьютер іске қосылмайды.
1. Компьютердің артқы тақтасындағы және монитордағы ажыратқыштың іске қосылғанын тексеру.
2. Монитор және компьютердің қоректендіргіш кабельдерінің қосылғанын тексеру.
Компьютерді іске қосқанда жүйелік блокпен монитордың индикаторы жанады, бірақ мониторда бейне жоқ. Жүктеу процессінде компьютер қысқа дыбысты сигнал береді.
1. Монитордың жарықтылығы мен айқындылығын тексеру.
2. Монитордың сигналдық кабелінің қосылғанын тексеру.
POST-тестісін өткізу кезінде компьютер қателікті көрсетеді
1. Егер қате аумалы болса, <Ғ1> пернесін басып, жүктемені жалғастыра аласыз.
2. Егер құрылғыларды анықтау кезінде қате болса (Memory test failed, FDD test failed, қатқыл дискі немесе СD-RОМ анықталмайды), пернесін басқанда, СMOS Setup Utility бағдарламасы іске қосылады. Конфигурациялық тараулары бар басты мәзір пайда болады. Керекті тарауды меңзерді басқару пернесімен және Enter пернесін басу арқылы тандай аламыз. Меңзер мәзірдің әртүрлі пунктеріне жылжыған сайын экран астында көмек хабар пайда болады. Бұл қолданушыға компьютердің әр функциясын дұрыс түсінуін жеңілдетеді. Содан кейін қолданушыға конфигурацияның параметрлерін өзгертуге болатын таңдап алынған тармақтың мәзірі пайда болады.
3. LAOD SETUP DEFAULTS тарауын таңдап алып, алғашқы орнатуды жүргіземіз. Осы функцияны қолдану үшін оны басты мәзірде белгілеп пернесін басу қажет. Экранда орнату туралы хабар пайда болады. <Ү> пернесін басып, содан соң пернесін басамыз.
4. Басты мәзірге шығу үшін <ЕSС> пернесін басу керек.
5. SАVЕ & ЕХІТ SЕТUР тарауын таңдап аламыз. Бұл функцияны қолдану үшін, оны басты мәзірде белгілеп, пернесін басамыз. СМОS бағдарламасына «енгізілген өзгертулерді сақтағыңыз келе ме» деген хабар пайда болады. Алғашқы орнатылу аяқталған соң компьютер қайта жүктелінеді.
РОSТ-тестісінде қатқыл дискі анықталғанымен, операциялық жүйе жүктелмейді.
1. РОSТ-тесттен кейін <Ғ8> пернесін жедел басып, біраз уақыт ұстап тұру керек.
2. Жүктелу мәзірінен «Safe mode»-ты таңдап, жүйе қасиеттері мәзіріне кіріп, құрылғыларды тексеру керек (сары сұрау немесе леп белгілері). Басқа да ақаулықтар жоқ екенін тексеру.
3. Жүйені қайта жүктеу.
4. Егер қате жойылмаса, операциялық жүйені толық қайта орнату керек.

Қорытынды нұсқау /5 мин/



Тапсырма орындау барысында жіберілген қателңктеге ескертулер жасау.
Қателіктерді түзету.

Рефлексия/3 мин/

«БББ» әдісі арқылы сабақтан алған әсерін білемін.

Үй тапсырмасын беруБағалау /4 мин/

Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. BIOS тестілеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет