Сабақ тақырыбы: Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. Bios тестілеу Модуль /пән атауы Педагог



бет1/4
Дата28.11.2023
өлшемі250 Kb.
#484584
түріСабақ
  1   2   3   4
Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. BIOS тестілеу


Жамбыл облысы әкімдігі білім басқарамасының
«№3 Байзақ колледжі» КМҚК

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Сабақ тақырыбы: Аналық плата. Жүйелік блоктың ақауларын іздеу. BIOS тестілеу
Модуль /пән атауы
Педагог Кошпанова Гулшат Абдигалиевна дайындады
2023 жылғы "08" қараша



1.Жалпы мәліметтер:
Курс, топ

2 курс
ЕТ-22 тобы

Сабақтың түрі

Өндірістік сабақ

2. Мақсаты, міндеттері:

Аналық плата туралы мәлімет беру. Жүйелік блок ақаулығы туралы түсіндіру. BIOS тестілеумен таныстыру.

3. Күтілетін нәтижелер

- Аналық платаны тәжірибеде қолдану. Жүйелік блоктан ақаулықтарын анықтау. BIOS тестілеуді іске қосу.

4. Қажетті ресурстар

Интернет желісі, сенсорлық тақта, электронды оқулық, үлестірмелі материалдар

5. Сабақтыңбарысы/270 мин/

Ұйымдастыру кезеңі
/1 мин/

 студенттерды түгендеу жүргізіледі;
 студенттердің сабаққа дайындығы тексеріледі;
 студенттердің формасы тексеріледі;
 жұмыс орны ұйымдастырылады.

Жалпы техника қауіпсіздігімен таныстыру /5 мин/

Жұмыс орнын ретке келтіру;
Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.

Кіріспе нұсқау /45 мин /

Өткен сабақта үйге берілген тапсырманы ауызша сұрақ қою арқылы сұрау. Жаңа сабаққа кіріспе түсіндіру.



Жұмыс орындарына бөлу /5 мин/

Студенттерді екі-екіден тұратын шағын группаларға бөлу.
Жұмыс орындарына орналастыру. Жұмыс барысына нұсқаулық беру.

Өзіндік жұмыс/140мин/

Аналық тақта 
Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады. Чипсет - процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылар мен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.
Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады: 
жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді.
енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.
Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімін қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро-схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.
Аналық тақша көрінісі:
Томато аналық тақшасы
Аналық тақша — бұл белгілі бір құрылғыларды орнатуға арналған үлкен «разъемдар коллекциясы». Тек бірнеше негізгі типтерін атап өтейік.
Процессорды орнату «ұяшығы». Pentium және Pentium MMX, сонымен қатар AMD Кб және Cyrix M2 процессорларын орнатуға арналған аналық платаларда , «ұяшық» — шаршы формалы, рамка бойымен процессорды орнатуға арналған тесіктері бар. Разъемның мұндай типі Socket 7 деп аталады. Pentium II - Pentium IV (Slot 370, Slot A, Slot 487) процессорларына, сонымен қатар AMD фирмасының К7 атты прцессорларына арналған платаларда шаршы «ұяшық» емес ұзын разъем— слот (Slot 1 типі) орналасқан. Көптеген үйге арналған компьютер аналық платаларында сокет немесе слот тек бір экземплярда болады (бірақ екі процессорлы жүйелер құруға арналған платалар да қолданылады).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет