Тілдік мақсаттар
|
Бұрылулар, аударылып түсулер, тік тұрулар дене бөліктері гимнастикалық снарядтар
гимнастикалық қабырғалар қанат, саты, кермелер әр түрлі биіктіктердегі қоссырықтар гимнастикалық теке, ат гимнастикалық маттар, орындықтар қозғалыстар үйлесімі мүсін.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Білім алушылар бір - біріне деген адал қатынас, бөтен пікірді қабылдау және өзінің көзқарасын білдіруге тәрбилеу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физики,геометрия
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Планшет қолдану
|
Бастапқы білім
|
Білім алушылар өткен дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығу дағдылары мен білімдеріне ие.
|
Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Дайындық бөлімі.
Білім алушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру. Аяққа толық отырып,қарапайым жүріс және қолды иық тұсынан айналдырып отыру. Жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру.Қосарланып жасау арқылы жалпы шынығу жаттығуларын жасау. Жүгіруден жүріске өтіп, жалпы дамыту жаттығуларын жасау және сергіту ойындары.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
Кең алаң
Ысқырық,
|
Сабақтың ортасы
25мин
|
(С, Т) Қолды тіреп секіру. Оқушылар гимнастикалық үлкен және кіші ағаш атта қарапайым секірулерді орындайды.
Қолды тіреп секірудің түрлері мен тәсілдерінің орындалуын талқылайды
С) Оқушылар командаларда
«Гимнастикалық марафонға» қатысады.
Екі команда барлық кедергілерден өтіп, тапсырманы орындау керек:1. гимнастикалық қоссырықтан таянып (асылып) өту;2 гимнастикалық матта қырымен аударылып түсу(«доңғалақ»);
үлкен ағаш аттың астынан өту;3 бөрененің (гимнастикалық орындықтың) үстінен жүгіріп өту;
4.кермеде аударылып түсіп көтерілу; 5.кіші ағаш аттан секіріп өту(аяқ екі жаққа);
6.маттың үстінде екі рет домалау және мәреге келу.
Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Сабақ соңында білім алушыларға рефлексия жүргізіледі:
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ арқылы бағалау
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |