Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Ынтымақтастық атмосферасы.
1.Жағымды орта қалыптастыру.
Б. Білім алушыларды өзіне зейінін аудару үшін "Ұшты - ұшты" ойының жүргізу.
Шаттық шеңберге тұрғызу,бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.
Б..Бой жазу жаттығулары.
|
Кең спорт алаң
ысқырық
Іс әркетке арналған кең алаң, ысқырық,бау
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
Басқалармен ынтымақтастық және көшбасшылық
(Т, ҚБ) Ойын алдында оқушылар командалықойындар кезінде жарақаттардың себептерін түсінеді, қауіпсіздік шараларын еске алады.
«Айдаһар, ханшайым, ханзада» ойыны. Сынып тең екі топқа бөлінеді, ал мұғалім жүргізуші. Жүргізуші түсіндіреді: айдаһар ханшайымды жеңеді, ханшайым ханзаданы жеңеді, ал ханзада айдаһарды жеңеді. Командалар қарсы топқа құпия түрде өзара ақылдасып қай кейіпкердің образын көрсететіндерін анықтайды. Жүргізушінің белгісі бойынша командалар бір сызық бойына бетпе-бет келіп, 1-1,5 м. арақашықтықта қатарға түзеледі. Жүргізуші дайындалуға пәрмен беріп, ойыншылар үшін «бір, екі, үш» санағымен бастаған бойда командалар өздері ақылдасып шешкен кейіпкерлерінің образын көрсетулері керек. Мысал үшін: айдаһар образын – қолдарды жоғары көтеріп тырнақтарымен үрей туғызып, ханзада образын – жауынгердің қорғанмен және қылыш сермеу көрінісі, ханшайым образын – тізе бүгіп, иіліп сәлемдесу көрінісі және т.с.с. Жеңілетін кейіпкерлер алдына-ала белгіленген жерге дейін қашып жетуі керек, ал жеңетін кейіпкерлер оларды жеткізбей ұстап алулары керек, ұсталып қалған ойыншылар ойыннан шығарыла береді.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бағдаршам арқылы бағалау.
Толықтай түсінсе, сенімді болса – жасыл түсті таңдау
Түсінуге жақын болса, аздап білсе – сары түсті таңдау
Түсінбесе, сенімді болмаса – қызыл түсті таңдау
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |